1. Пайдаланылуы жағынан жер ғимараттары гидротехникалық плотиналар, каналдар, қашылар, көтермелер және т б



Дата06.05.2020
өлшемі16,11 Kb.
#66275
Байланысты:
срс 14 фундаменты Дулат


1.Пайдаланылуы жағынан жер ғимараттары гидротехникалық (плотиналар, каналдар, қашылар, көтермелер және т. б.), жолдар (автомобиль және темір жол төсемдері), ирригациялық және мелиоративтік (тоған су, әуіт, қарасу, суару және құрғату каналдары және басқа), өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар (алаңдарды тігінен тегістеу, орлар, шұңкырлар және басқа) болып бөлінеді.Пайдалану мерзімдеріне байланысты жер ғимараттары тұрақты (жолдардың, плотиналардың, жыралардың үйінділері, төсемдері, оларды үйуге алынған топырақ) және уақытша (ғимараттар мен үймереттердің іргетас үшін шұңқырлар немесе түрлі мақсатта пайдаланылатын құбырлар мен кабельдерді тарту) болады.Тұрақты жерғимараттары ұзақуақыт пайдаланылады. Уақытша жер ғимараттары салынып жатқан ғимарат немесе үймерет аяқталғанға дейін ағынды немесе жер асты суларынын, әсерле- рінен қорғану, осы сияқты оларда ғимараттар мен үймереттердің жерасты бөліктерін салу немесе жерасты мағистральдарын тарту үшін пайдаланылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін уақытша ғимараттар бұзылып, алынып тасталады.

2.Жер ғимараттары әдетте шұңқыр немесе үйінді түрінде салынады. Өнеркәсіптік және тұрғын үй, азаматтық құрылыстарында алаңды тегістеумен, орлар және қазаншұңқырлар қазуға байланысты жұмыстар жиі атқарылады. Үймереттер қабырғаларының іргегастары үшін қазылатын орлардың ұзындығымен салыстырғанда ені мен тереңдігі үлкен болмайды.Территорияны тігінен тегістеу құрылыс алаңын тазарту жөніндегі жұмыстар және қазылатын орлардың тереңдігі мен үйіндінің биіктігі көрсетілген геодезиялық бөлу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.Жекелеген өнеркәсіптік үймереттер мен ғимараттардың, автомобиль және темір жолдардың, плотиналардың, бөгеттердің төсемдері үшін аландарды тігінен тегістеу, осы секілді объектілер іргетасгарының қуыстарын қайта жабу сапалы төсемдер қатарына жатады. Сондықтан олар құрамы, ылғалдылығы, орнықтылығы, тығыздығы, су өтқізгіштігі жөнінен белгіленген талаптарға жауап беруі керек.

3.Жұмысты жүргізу, топырақты орналастыру және оны үюге, үйіндінің орынын ойластырмай қайта-қайта ауыстыра беруге жол бермейтіндей тәртіп белгілейтін негізгі техникалық кұжат - жер жұмыстарының балансы болып табылады.Құрылыс алаңы бойынша жер жұмыстарының балансы жоспарланған ойықтар қазу мен үйінділер жасау және оларды қайта жабу жұмыстарының көлемінен құралады. Ойықтарды қазудан және төсемдерді жасауға қажет деп алынған топырақ көлемі мен оларды қайта жабуға керек топырақ көлемінің айырмашылығы мейлінше аз болуы керек.Топырақ көлемінің балансын анықтағанда үймереттердің салыну мақсатын, жалпы тегістеу белгілерін, жердің физикалық механикалық қасиеттерін, топыраққа қойылатын талаптарды, топыраққа деген қажеттілікті және т.б. ескеру қажет. Топырақ көлемінің балансын анықтаумен бір мезгілде топырақты мейлінше қысқа жолмен жылжытудың нобайы жасалады. Топырақты тасымалдаудың орташа арақашықтығы, яғни топырақ алынатын жерлер мен тәсемдер, үйінділер жасалатын орындар арасының қашықтығы анықталады.

4.Жер жұмыстары өндірісінің технологиялық үлгісі негізгі төрт жұмыс процестерінен құралады: топырақ алу, оны төсейтін, құрылыс жүргізілетін жерлерге тасымалдау, үйінді, төсем немесе атжал жасау, үймеретті өндеу, яғни шұңқырлар мен үйіндіні төсемді жобалық пішінге жеткізу.Алғашқы үш процесс технологиялық және уақыт жағынан да өзара тығыз байланысты, ал төртіншісінің алдындағылармен байланысы жоқ, кейін де атқарыла береді. Әр процесті орындау үшін - арнаулы машиналар пайдаланылады. Алайда кешенді әдіс қолданылған жағдайда үш процестің бәрін де бір машинамен атқаруға болады. Оған мысал ретінде скреперді алуға болады. Онымен қазу, тасымалдау, түсіру, атжал жасалатын жерді тегістеу және алаңдарды тегістеу кезінде біржолата нығыздау, жердің өсімдік өсетін қабағын алу және оны атжалдарға жеткізу. жолдар мен каналдар және т.б. үшін ойықтар (окпандарды, шұңқырларды) жасагі, өңдеу сияқты жұмыстар істеледі. Экскаваторлардың атжалдағы жер жұмыстарын атқаруы туралы да осыны айтуға болады. Мұнда топырақты өңдеу және колданылатын жеріне жеткізу тасымал құралдарынсыз-ақ тікелей экскаватордың жұмысшы жабдығымен өткеріледі. Бұл әдіс аса үлкен емес шұңкырлар мен орларды. жолдар мен каналдар. т.б. үшін ойыктар жасау. оңдеу кезінде колданыдады.



5.Жер жұмыстарын экскаваторлармен жүргізу кезінде топырақты алыс кашыктыққа тасымалдауға тура келетін болса кешенді механикаландырылған әдіс –топырақты өздігінен копар ғыш автомобильдермен тасымалдауға көшу керек. Бұл әдіс ірі шұңкырларды қазуда, жолдар мен каналдар т.б. үшін топырак дайындауда пайдаланылады.Негізгі технологиялык процестермен қатар жер ғимаратының пайдалану мақсаты мен жұмыс өндірісінің жергілікті жағдайларына байланысты қажет болған кездерде жалпы технологиялық нобайында есепке алынатын қосымша жұмыстардың да (тоң болып қатып қалған топырақты қопсыту. тасты жыныстарды ұқсату, үйінді жасалатын және төсем төселетін жерлерді даярлау жарқабақтарды, еңістерді өңдеу, орларды бекіту, т. б.) жүргізілуі мүмкін.Жер ғимараттарын салудың бүкіл технологиялық процесінің барлық негізгі және қосымша операциялары машиналармен атқарылған жағдайда бұлар кешенді-механикаландырылған жұмыстар деп есептелінеді.

Орындаған: Серикбай Дулат ст 17ко

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет