Ақтөбе қаласы
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Умарова Н.Н.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 1
|
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Менің үйім
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарла-масына сілтеме)
|
1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: өзі тұратын елді мекеннің атауын, орналасқан географиялық орнын, ондағы көрнекті жерлер мен ғимараттардың атауларын біледі.
Көптеген оқушылар: Тарихи ғимараттар мен жаңа заманауи сипаттағы нысандарды ажыратады.
Кейбір оқушылар: Ғимараттардың шығу тарихын біледі;
|
Бағалау
Критерийлері
|
Өз тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын
және көрнекі жерлерін сипаттап береді;
|
Ойлау деңгейлерінің
дағдылары
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
қала, кинотеатрлар, фабрикалар, әкімшілік ғимараттары, үйлер, ескерткіштер, мешіттер, мұражайлар, кеңселер, саябақтар, жолдар, дүкендер, театрлар
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Сенің үйің қай қалада, қай жерде орналасқан?
Сен өзің тұратын қаланың ең көрікті жерін атап және сипаттай аласың ба?
Өзің тұратын көше туралы білесің бе?
Әрбір адам өзі тұратын көшені және сол көшеде орналасқан ғимараттарды білу керек пе? Неліктен екенін айта аласыздар ма?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өзі тұратын елді мекен және көше туралы білімдерін кеңейту; Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту; Көшені таза ұстаға, ғимараттарды дәріптеуге тәрбиелеу;
|
Пәнаралық байбайланыстар
|
Сауат ашу, өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі
|
АКТ қолдану дағдағдылары
|
Түрлі дереккөздермен жұмыс жасау, слайд, видеоролик
|
Бастапқы білім
|
1.1.3.1 Өз мекен жайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ширату. Серпілген сауал: «Мен білетін қалалар»
Сен қай қалада тұрасың?
Балалар, Қазақстан картасында өзің тұратын қаланы кім тауып көрсете алады? (Тапқан оқушы сол тұсқа жалау қадайды.)
Ендеше бүгінгі сабақта алға қойған мақсатымыз: Өзің тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау
|
Қазақстанның физикалық картасы, доп
|
Сабақтың ортасы
|
Топтық жұмыс. «Мен тұратын көше»
Өзің тұратын көше туралы білесің бе?
Әрбір адам өзі тұратын көшені және сол көшеде орналасқан ғимараттарды білу керек пе? Неліктен екенін айта аласыздар ма?
Өзі тұратын көшенің суретін салып, оны басқа топ алдында таныстырады. Салынған суреттермен галерия ұйымдастырамын.
Жұптық жұмыс. «Сәйкестікті айқында»
-Қазір екі-екіден жұптаса қояйық. Сіздерге қаланың негізгі ғимараттары, сәулет ескерткіштері, т.б фотосуреттері және белгілі бір сөздер жазылған кеспе қағаздар берілді. Сол суреттер мен қағаздағы жазуларды сәйкестендіру қажет және оны не себептен солай топтағандарыңызды түсіндір.
Сөздер: ойын-сауық кешендері,
сауда орталықтары,
мәдени орталықтар,
спорттық кешендер,
танымдық бағыттағы нысандар
Жеке жұмыс. «Ғалымдар трибунасы»
Сен өзің тұратын қаланың ең көрікті жерін атап және сипаттай аласың ба?
Өзіңіз тұратын елді мекеннің көрікті жерлерінің (көше, ғимарат, ескерткіш, саябақ т.б) бірі туралы зерттеу жасаңыз.
Олүшін:
Зерттеу нысанын белгілеп алыңыз.
Ол туралы ақпарат жинақтаңыз.
Жинаған ақпараттарың туралы топта әңгімелеп беріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- зерттеу нысанын таңдайды;
- нысан бойынша қажетті ақпарат жинайды;
- зерттеу нысаны туралы әңгімелейді.
|
Сурет салуға қажетті құралдар
Тақырыптық суреттер, ақ қағаз, желім, қарындаш, қайшы т.б.
Тақырыптық суреттер, «Менің қаламның мақтанышы» тақырыбына суреттер топтамасы
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі бойынша
Мен бәрін түсіндім
Мен жартылай түсіндім
Мен әлі білімімді толықтыруым қажет
|
|
Рефлексия
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |