Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Дарынды балалармен жүмыс бойынша ғылыми-практикалық



бет77/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Дарынды балалармен жүмыс бойынша ғылыми-практикалық
орталықтардың (ҒПО) педагог-ұйымдастырушысы
Лауазымдық міндеттері: Дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар, оқу-әдісітемелік құралдар, әдістемелік-нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Оқушылардың ғылыми қоғамдарының, мүдделері бойынша клубтардың, ғылыми мектептердің, олимпиадалық резервтегі кәсіптік мектептердің дарынды балаларға арналған сырттай мектептердің жұмысын ұйымдастырады. Дарынды, жеке, талантты, ақылды және физиологиялық қабілетті оқушылардың, жастардың дамуына көмектеседі, жеке жалпы мәдениетті қалыптастырады. Жаңа технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады. Дарынды балаларды дамыту және іріктеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Әдістемелік және ғылыми конференцияларды, семинарларды ұйымдастыруға қатысады және өткізеді. Педагогикалық, ата-аналар қауымымен жұмысты ұйымдастырады. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер жұмыстарын ұйымдастырады, педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», заңдарды және басқа білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару талаптарын шешуге қажетті пәндердің жалпы теориялық негіздерін; педагогика теориясын, психологияны, жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын пәнді оқытудың әдістемесін; тәжірибелік жұмысты, тәрбие жұмысының әдістемесін, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді; бағдарламалар мен оқулықтар, оқыту әдістері мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогикалық ғылымның негізгі даму бағыттары мен қазіргі жетістіктерін, еңбек заңының негіздерін, еңбекті қорғау нормалары және техника қауіпсіздігі; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:
жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет