Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу-өндірістік (оқыту)
шеберханасының меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Шеберхананың жұмысына басшылық жасайды, еңбек (өндірістік) оқытудың сабақ кестесінің орындалуын қадағалайды. Шеберхананы оқу үрдісіне қажетті арнайы техникалық оқу құралдарымен, әдістемелік материалдармен, аспаптармен және көрнекі құралдармен жабдықтауды ұйымдастырады. Оларды пайдалану, есебі мен сақталуына жауапты, құралдардың электр және өрт қауіпсіздігіне уақтылы тексереді. Құралдарды және арнайы киімдерді пайдалану ережесін сақтауға үйретеді.
Станок, машина, құралдар мен аспаптарды жөндеуден өткізуді ұйымдастырады, еңбек (өндіріс) сабақтарында қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылайды. Шеберханадағы жұмыс уақытында оқушылардың өмірі мен денсаулығына жағдай жасайды және толық жауап береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Бала құқығы туралы» заңдарын және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді; санитария және гигиенаның негізін; қондырғыларды жөндеу, монтаж, пайдалану ережесін; практикалық оқулар мен семинарлар өткізілетін базада стендтар мен қондырғылар жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін; еңбек, экономика, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы заңнамаларды, еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім (орта арнайы, орта кәсіби) және оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі лауазымында немесе тиісті бейініне сәйкес ұйымды басқару лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |