Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшісі



бет69/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшісі
Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; балалармен жеке жұмыстар жүргізеді, дарынды балаларды таңдайды. Таңертеңгілік гимнастикаға, дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Балалармен ойындық іс-әрекеттерді, саздық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға қатысады. Педагогикалық кеңестерді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын дайындауға қатысады. Балалармен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибиелерді енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналармен тәрбиешілерге кеңестер береді. МДМ тәрбиеленушілерінің саздық даму деңгейін бақылап отырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын; жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасын; балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әр түрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктерін және моторикасын, жан дүниесін; балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білу; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнау, дәрігерге дейінгі медициналық көмек, еңбек заңнамаларының негізін; еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғанысты.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санатсыз маман: жоғары кәсіптік білім (музыкалық, музыкалық-педагогикалық) білім.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары кәсіптік (музыкалық-педагогикалық) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие жетекшісі лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диогностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарғы педагогикалық білім немесе (музыкалық) жоғары білім, музыкалық жетекші лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.
Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары (музыкалық) музыкалық жетекші лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім.
Тиісті санатын алу үшін міндеттерді белгілей отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диогностикасының элементтерін меңгеру, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім, мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, одан басқа мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) және мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші лауазымында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет