Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Білім беру ұйымы бөлімшесінің басшысы



бет66/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Білім беру ұйымы бөлімшесінің басшысы
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы бөлімшесінің қызметін басқарады, ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік, әдістемелік бағыттардың бірінде оқыту процесін ұйымдастырады. Жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқыту процесі мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Әдістемелік материалдарды жүйелейді және ақпараттық анықтамаларды (бюллетеньдерді) құрастырады. Білім беру ұйымының эксперименттік жұмыстарының нәтижесін талдайды және қорытындылайды.
Конкурс, көрме, слет, жарыс, фестиваль өткізу жөнінде қажетті құжаттамаларды әзірлейді және ұйымдастырады. Білім алушылар контингентін сақтау шараларын қабылдайды. Оқу-материалдық базаны дамытуды және нығайтуды, құрал-жабдықтар мен мүліктерді сақтауды, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өрттен сақтану ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды; педагогика, психология негіздерін; оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістерін; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін; жастар мен жасөспірімдер үшін консультациялар ұйымдастыру әдістерін; қиын жасөспірімдермен, жастармен жұмысты ұйымдастыруды; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі еңбек өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.
қосымша білім беру ұйымдары бөлімшелерінің басшылары үшін: жоғары педагогикалық білім және білім беру мекемесінің бейініне сәйкес педагогикалық қызметтегі немесе ұйымдағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
оқу-кеңес беру орындарының басшылары үшін: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет