Арнайы (түзеу) білім беру ұйымының директоры
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның мүліктері мен құралдарына иелік етеді.
Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; әлеуметтік педагогиканың,педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды; қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Достарыңызбен бөлісу: |