Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет31/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Оқу бөлімінің меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын, сонымен қатар қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады. Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады.
Оқу-материалдық базаларды нығайту бойынша, оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтау бойынша шаралар қолданады. Шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.
Жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет