Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы



бет32/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы
Лауазымдық міндеттері: Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді. Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қаматамасыз етеді. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша:
Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып-жетекшілерімен бірлесе отырып, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша шаралар қолданады. Әскери істің негіздерін оқып-үйрену жөніндегі үйірмелерді басқарады, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді. Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша іс-шараларды жасайды, қорғаныс ғимараттарының дайындығын төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың жеке құралдарымен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет