Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері



бет73/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен, немесе оларды алмастырушылармен байланыс жасайды. Сабаққа қатысу, оқыту тәртібін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Іс-әрекетті есепке алуды және қажетті дайындықты қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау», «Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын алу» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; пәннің жүргізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының; пән кабинеттері мен қосалқы орындарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын; оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі дамуының бағыттары мен болашағын; еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; басқа да білім берудің, педагогиканың, психологияны, педагогика ғылымы мен тәжірибелерін; еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық әрекеттерінің негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; санитарлық нормалар мен ережелерін анықтайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді.
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
Бастауыш әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: «Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валеология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б. мұғалімдерінен басқа) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары педагогикалық білім болуы керек.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валиология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары білім;
Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерін анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәннің берілу әдістемесін жасауы, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдануы, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемесінің шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы;
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтарға жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы, немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы, немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы; өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы керек.
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру мекемесінде іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы;
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
Бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі; жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінің біліктілігіне қойылатын талаптар, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінің, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері мұғалімдерінің (валеология, өзін-өзі тану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) біліктілігіне қойылатын талаптар.
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: тиісті мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіби білім.
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы немесе мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары: бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар жоғары педагогикалық білім, бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Білім беру ұйымдарындағы бастауыш сыныптар мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Ескерту: 1995 жылға дейін ХІ педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргендер орта педагогикалық білімді мамандар қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет