Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет91/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Арнайы (түзеу) интернаттық ұйымның
тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)
Лауазымдық міндеттері: Әрбір баланы тұлғалық дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және икемділіктерін зерделейді, осы негізде және психологтың ұсынымдамалары бойынша олармен түзеу-дамыту жұмыстарын (топпен немесе жеке) жоспарлайды және өткізеді. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді. Тәрбиеленушілердің күн режимін, олардың үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық еңбек жұмыстарына қатысуын ұйымдастырады. Оларға оқуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және қосымша білім алуға даярлауда көмек көрсетеді. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен бірлестікте тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, балалардың ұйымда болуы уақытында олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктің, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді және бағалайды, арнайы әлеуметтік қызметті ұсынуға қажеттіліктерді анықтайды, балалардың арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығына талдау жасайды.
Интернаттық ұйымда аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмыстарын басқарады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибені қорытындылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет