Білім беру коды мен бейіні:1300000 – Телекоммуникация байланысы мен ақпараттық технология
Мамандығы:130600 0 - Радиоэлектроника мен байланыс (түріне қарай)
Біліктіліктер :130601 2 - Телекоммуникациялық байланыс пен жүйе электрмонтері
130609 3 -Байланыс бойынша техник
130613 4 - Байланыс бойынша кіші инженер
Базалық және кәсіптік құзыреттер
|
Модульдің атауы
|
Модульдің қысқаша шолуы
|
Оқытудың нәтижелері және бағалау өлшемдері
|
Жалпы гуманитарлық модульдер
|
БҚ 1. Кәсіптік қызметаясында қатынасу үшін қазақ/орыс/шетел тілдерінде ауызша және жазбашақарым-қатынасқа түсу дағдыларын қолдану
|
ЖГМ 01. Кәсіптік қазақ/орыс тілі
|
Осы модуль қазақ/орыс тілінде ауызша және жазбаша қатынасуға және кәсіптік қызмет аясында қолдануға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар іскери қазақ/орыс тілінің және кәсіптік лексика негіздерін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқуға және аударуға (сөздікпен) қажетті қазақ/орыс тілінің лексикалық (1200 -1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумына ие болуы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Кәсіптік қызмет аясында қатынасу үшін қазақ/орыс тілінің терминологиясын білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Мамандық бойынша кәсіптік тілдесуге қажетті лексикалық-грамматикалық материалды біледі.
Мамандық бойынша терминологияны біледі.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын игеру.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқи алады және аудара алады (сөздікпен).
|
Оқыту нәтижесі: 3) Монолог және диалог жүргізе алу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Жағдайға байланысты қисынды әрі ретімен сөйлей алады.
Кәсіптік тілдесу барысында диалог жүргізе алады.
|
ЖГМ 02. Кәсіптік шетел тілі
|
Осы модуль өзінің кәсіптік қызметі саласында шетел тілінде тілдесуге қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар іскери шетел тілінің және кәсіптік лексика негіздерін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқуы және аударуы (сөздікпен); кәсіптік тілдесу үдерісінде монолог және диалог жүргізуі тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Өз кәсіптік қызметі аясында тілдесу үшін шет тілі терминологиясын білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Мамандық бойынша кәсіптік тілдесуге қажетті лексикалық-грамматикалық материалды біледі.
Мамандық бойынша терминологияны біледі.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқи алады және аудара алады (сөздікпен).
|
Оқыту нәтижесі: 3) Монолог және диалог жүргізе алу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Жағдайға байланысты қисынды әрі ретімен сөйлей алады.
Кәсіптік тілдесу үдерісінде диалог жүргізе алады.
|
БҚ 2. Физикалық жетілу,салауатты өмір салты қағидаттарын және жұмысқа қабілеттілікті сақтау ептілігі мен дағдыларына ие болу
|
ЖГМ 03. Дене тәрбиесі
|
Осы модуль дене мүмкіндіктерін және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; физикалық және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін; салауатты өмір салты негіздерін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын үнемі жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайту; кәсіптік маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамыту; өзін өзі бақылау және организмнің функционалды жағдайына бағалау дағдыларына ие болуы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Дене шынықтыру-спорт ісін денсаулықты нығайту үшін және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау үшін қолдану.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Салауатты өмір салтының негіздері мен мәдениетін, денсаулықты нығайту мен сақтау, дене бітімін дамыту мен жетілдіру туралы біледі.
Бұлшық етке күш салу барысында тыныс алу жүйелері, қан айналымы және энергиямен қамтамасыз ету негіздерін біледі.
Жалпы дене даярлығы бойынша жаттығулар кешенін орындай алады.
Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін қолданады.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Дене бітімі мен психофизикалық мүмкіндіктерді дамыту және жетілдіру үшін дене тәрбиесі құралдарын қолдану.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Командалық спорттық ойындардыңережелерінбіледі.
Дене жүктемесі мен оны реттеу тәсілдері негіздерін біледі.
Жаттығу орындау техникасын біледі.
Оқу ойынында оқыған ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді қолданады.
Бағдарламада ескерілген бақылау нормативтері мен тесттерін орындайды.
|
Оқыту нәтижесі: 3) Дене тәрбиесі, қозғалыс белсенділігі икемдері мен дағдылары жүйесін білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Дене тәрбиесінің негізгі қағидаттарын біледі.
Дене жаттығуларын орындау кезінде организмнің физиологиялық ерекшеліктерін біледі.
Дене жаттығуларын орындағанда организмнің функционалдық жағдайын бақылап, реттей алады.
|
Оқыту нәтижесі: 4) Жарақат алғанда және қайғылы оқиғалар орын алғанда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету.
|
|
Жаттығу жасау барысындағы жарақаттардың пайда болу себептерін, жарақат алмау тәсілдерін біледі.
Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете алады.
|
БҚ 3. Қазақ халқының тарихын, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі мен орнын түсіну
|
ЖГМ 04. Қазақстан тарихы
|
Осы модуль ұлттық сананы дамытуға, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалардың мәні мен заңдылықтарын түсінуге қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар:Қазақстан тарихының негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шекаралары және қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін; көшпелі өркениеттің рөлі мен маңызы, әлемдік өркениетке қосқан үлесін; Қазақстанның Ресей империясына қосылу, Ресей империясының Қазақстанды басып алу және отарлау себептері мен салдарларын; Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы этно-демографиялық жағдай, шет елдерде қазақ диаспорасының құрылуын; ұлт-азаттық көтерілістердің және қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресінің тарихы: себебі, барысы, 18-19 ғасырдағы ірі ұлт-азаттық көтерілістердің салдарларын; 20-ғасырдың басы мен кейінгі кезеңдердегі Қазақстанның саяси партияларының мәнін; 1986 жылы Алматы және Қазақстанның қалаларында болған желтоқсан қозғалысының себебі, барысы және салдарларын; тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасындағы саяси және қоғамдық өзгерістерін; тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін меңгеруі қажет.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Қазақстан тарихының және тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі кезеңдерін біледі.
Қазақ халқының жалпытүрік қоғамдағы, көшпелі өркениет жүйесіндегі, Еуразия әлемі халықтарының тарихи-мәдени қауымдастығының дамуындағы рөлі мен орнын аша біледі.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси және қоғамдық өзгерістердің мәні мен бағытын түсінеді.
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін біледі.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға тырысу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Адамның моральдық және рухани қасиеттеріне негізделетін рухани құндылықтардың мәні мен мазмұнын түсінеді.
Қазақ халқының, сонымен қатар Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлттардың мәдени дәстүрлерін біледі.
|
Оқыту нәтижесі: 3) Тарихи оқиғалардың себеп-салдар байланысын анықтау
|
Бағалау өлшемдері:
|
Қазақстан тарихының толыққандылығы мен жүйелілігін көрсететін және сипаттайтын фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды біледі.
Тарихи дереккөздермен жұмыс жасай алады.
|
Әлеуметтік-экономикалық модульдер
|
БК 4. Құқық негіздерін түсіну, өзін, қоғамдағы өз орнын тани және сезіне білу, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессионалдық және мәдени ерекшеліктерге толеранттылық таныту
|
ӘЭМ 01. Философия негіздері
|
Осы модуль әлемнің философиялық бейнесін зерттеу негізінде ойлау мәдениетін қалыптастыруға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: адам мен қоғам өміріндегі философияның рөлін; философиялық дамудың түсініктері мен заңдылықтарын; философиялық білімнің дереккөздері мен даму кезеңдерін; өркениет дамуындағы ғылым мен техниканың рөлі және олармен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: негізгі философиялық түсініктермен жұмыс жасай білуі;
философияның негізгі мәселесі мен диалектика заңдарын түсінуі;
қоғамның жұмыс істеу және даму заңдарын, адамзаттың ортақ және маңызды мәселелерін түсінуі;
шынайылықтық түрлі құбылыстарының арасындағы өзара байланысты ашуы, қоршаған шынайылықтың қайшылықтарын талдауы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Жалпы философиялық мәселелерге бағытталу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Негізгі философиялық түсініктерді біледі.
Философия тарихындағы танымдық үдерістің мәні мен танымдық үдеріске деген түрлі көзқарастарды түсінеді.
«Болмыс», «материя», «қозғалыс», «кеңістік және уақыт» ұғымдарының мәнін біледі.
Философияның негізгі категорияларының мәні мен өзара байланысын айқындайды.
Әлемнің ғылыми, философиялық, діни көрінісінің ерекшеліктерін түсінеді.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін нормалар мен құндылықтарды сақтау үшін философия мәнін анықтау.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Тарихи даму үдерісінің заңдылықтары мен қозғаушы күштерін біледі.
Қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін адамгершілік нормаларды біледі.
Қоғамның, әлеуметтік үдерістердің жұмыс істеуі мен дамуының негізгі мәселелерін түсінеді.
|
Оқыту нәтижесі: 3) Адам өміріндегі еркіндік пен жауапкершілік, материалдық және рухани құндылықтар секілді философиялық категориялардың арақатынасын анықтау.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Өмірді, мәдениетті және қоршаған табиғи ортаны сақтауға деген тұлғаның жауапкершілігі дәрежесін біледі және түсінеді.
Ғылымның, техника мен технологиялар жетістіктерінің дамыумен және оларды қолданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелердің мәнін түсінеді.
Адам өміріндегі материалдық және рухани құндылықтардың арақатынасы туралы жеке көзқарасты қалыптастыра біледі.
Шындық категориясы мен өмірдің мәніне деген түрлі көзқарастарды талдайды және осы түсініктер бойынша жеке көзқарасын қалыптастырады.
|
|
ӘЭМ 02. Мәдениеттану
|
Осы модуль мәдениеттің мәні мен бағытын, қоғамдағы мәдени құбылыстардың, оқиғалардың және үдерістердің маңызын түсінуге қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар:мәдениеттанудың негізгі мәселелерін; әлем мәдениеттері мен өркениеттерін; отандық мәдениетті; мәдениет дамуындағы әлемдік діндердің рөлін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: әлеуметтік контекстіде өз азаматтық ұстанымын білдіре алуы;
әлемдік өркениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын сараптауы; жалпы адамгершілік-адами құндылықтар мен гуманистік дүниетаным негізінде толеранттылық таныта білуі;
адам баласын жек көрушілік, экстремистік, радикалдық және террористік идеологияларды мойындамауы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Әлемдік өркениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын түсіну.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Ел мәдениетінің тарихын, қазақ дәстүрлі мәдениетінің құндылықтарын біледі.
Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын біледі.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Толеранттылық пен белсенді тұлғалық позициясын қалыптастыратын құндылықтар мен нормаларды түсіну.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Түрлімәдениеттер менөркениеттерформасын,типіментарихын біледі.
Әлемдік және дәстүрлі діндер тарихы мен қазіргі жайынан хабардар.
Экстремистік, радикал және террористік идеологияның ара-жігін ажырата алады.
Әлеуметтік, этникалық, конфессионалдық және мәдени ерекшеліктерге толеранттылық таныта біледі.
|
|
ӘЭМ 03. Құқық негіздері
|
Осы модуль азаматтық құқықтар мен міндеттерді сақтауға, заңнаманы өмірлік іс-әрекеттің түрлі салаларында және тікелей кәсіптік қызметте тәжірибе жүзінде қолдануға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: мемлекет, құқық, мемлекеттік-құқықтық қатынастар мен құбылыстар жүйесі туралы негізгі түсініктерін; құқықтың негізгі салаларын; азаматтың құқықтары мен міндеттерін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: құқықтық мәдениетті қалыптастырушы құндылықтар мен нормаларды сараптауы; азаматтық құқық пен еркіндікті саналы түрде қолдануы; қолданыстағы құқық нормалары негізінде өз көзқарасын танытуы және ұстануы; қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық және тәртіптік жауапкершілігін айыра білуі; нормативтік-құқықтық актілерді кәсіптік қызметте қолдануы; құқық нормаларын сақтауы; құқықбұзушылық фактілерін сараптауы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Құқық пен мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Құқықтың мәні мен негізгі белгілерін түсінеді.
Заңдылық пен құқық тәртібі ұғымы мен қағидаттарын біледі.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Негізгі құқық салаларын білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
1.Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес тұлғаның құқықтық мәртебесін түсінеді.
2.Әкімшілік реттеу әдістерін біледі.
3.Әкімшілік және жемқорлықтар құқықбұзушылықтарға байланысты жауапкершілікті түсінеді.
4. Азаматтық және отбасы құқығының негізгі ережелерін біледі.
5.Салық түрлері туралы біледі.
6.Қылмыстық жауапкершілік пен оның орын алу негіздерін түсінеді.
|
Оқыту нәтижесі: 3) Еңбек заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғай білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Еңбек кодексіне сәйкес, қызметкердің құқықтары мен міндеттерін біледі.
Қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық және тәртіптік жауапкершілігін ажырата алады.
Қолданыстағы заңнама негізінде еңбек дауларын шеше алады.
|
|
ӘЭМ 04. Саясаттану және әлеуметтану
|
Осы модуль қоғам дамуының заңдылықтары мен болашағын, қазіргі заманның әлеуметтік-саяси үдерістерінің даму үрдістерін ұғынуға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі ұғымдарын;
азаматтар мен саясаттың басқа да субъектілерінің қоғамдағы қарым-қатынастары жүйесінің жұмыс істеуін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: әлеуметтік өзара әрекеттестік барысында қалыптасатын әлеуметтік және саяси қатынастар жүйесіне бейімделе алуы; кәсіптік қызметте саясаттанушылық және әлеуметтанушылық білімдерді қолдануы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі ұғымдарын білу.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Саясаттанудың негізгі уғымдарын біледі: билік, саяси жүйе, саяси режім, мемлекет, мемлекеттік басқару формалары, мемлекеттік құрылыс формалары, саяси партиялар, партиялық жүйелер, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат.
Әлеуметтанудың негізгі уғымдарын біледі: әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік үдеріс, әлеуметтік ілгерілеу.
Жалпы әлеуметтік және саяси үдерістерді жеке фактілермен арақатынасын белгілей алады.
|
Оқыту нәтижесі: 2) Халықаралық саяси үдерістерді, геополитикалық жағдаятты түсіну.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Қазақстанның қазіргі әлемдегі орны мен рөлін біледі.
Саяси мәдениеттің жұмыс істеу мәні мен заңдылықтары туралы біледі.
|
БК 5. Қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеу заңдылықтары мен тетіктері туралы кешенді түсінікке ие болу
|
ӘЭМ 05. Экономика негіздері
|
Осы модуль заманауи экономикалық жүйенің заңдылықтары мен тетіктері, мемлекеттік реттеудің нарықтық тетіктері мен әдістері туралы кешенді көріністі қалыптастыруға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: экономикалық теория негіздерін; экономикалық жүйелердің жалпы негіздерін; макроэкономика негіздерін; экономиканың өзекті мәселелерін; «Жасыл экономиканың» негізгі міндеттерін меңгеруі қажет.
Модульді игеру барысында білім алушылар: негізгі экономикалық мәселелерді, экономика теориясы мен бизнес негіздерінің тұжырымдық ережелерін түсінуі;
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтауы тиіс.
|
Оқыту нәтижесі: 1) Экономикалық мәселелер мен бизнес негіздерін түсіну.
|
Бағалау өлшемдері:
|
Экономикалықтерминдерді, нарықтықэкономиказаңдылықтарыменқағидаттарынбіледі.
Өндіріс пен тұтыну экономикасы негіздерін біледі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін біледі.
Инфляция көздерін және оның салдарларын біледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |