Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


- сабақ. Тақырыбы: «Болашаққа бетбұрыс: рухани денсаулықтың әліппесі»



бет50/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

3 - сабақ.


Тақырыбы: «Болашаққа бетбұрыс: рухани денсаулықтың әліппесі»


Сабақтың мақсаты: өзін және өзгелерді сенім мен өзаракөмек форматында қабылдау ептілігін қалыптастыру. Тұлғаның құндылығының дамуына жағымды бағдар құру. Физикалық және психикалық жағынан сау өмір сүруге деген ықыласын дамыту.
Әдістері мен формалары. Дәріс- әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», видеоматериалды қарау, ойындар және жаттығулар, медитация, өзіндікталдау.
Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио және видеоматериалдар, қағаз, маркерлер.
Сабақтың барысы
Сәлемдесі рәсімі. Шаттық шеңбері.
«Шеңбер бойынша қошеметтер»
Нұсқау: оқытушы әр студентке жақындап оған қарап, алақанымен шапалақ соғады. Сосын ол студент топтан келесі адамды таңдайды ол екеуі бір студентке барып қол соғады. Үшіншісі төртіншіні с.с. соңғы студентке барлық топ қошемет көрсетеді.


Бәрінен де күшті адам - өзіне өзі сенетін адам.



Сенека.
Рим философы
Діріс – әңгімелесу.
Оқытушы. «Әдемі болып көрінгенге сене берме. Егер ол туралы білмесең, кейін өкінесің»- деген ағылшынның халық даналығы. Сенім дегеніміз не? Неге біз біреуге сенеміз, біреуге сенбейміз және оған ешнәрсе жасай алмаймыз? Неге бізге біреулер сенеді? Неліктен кейбір адамдар барлығына сенімді болып көрінеді, кейбіреуі олай емес.
Әрбір тұлға, өзінің негізделген сенімі мен илануынан өз таңдауын жасайды.
Сенім неғұрлым фундаменталды құбылыс болып табылады, оның психологиялық мәнісі адамның әлеммен байланысу тәсілін, кеңістіктегі мәдениетті игеру заңдылықтарын мағыналауға мүмкіндік береді және сонымен қатар «оқшауланған белсенділік» субъектісі (Э. Фромм) емес, дербес шынайы «өмір субъектісі» болып шығады.
Сену бұл- әлеуметтік-психологиялық жоспарда әлемге және өзіне деген қатынас бағдарының дербес түрінде көрінетін, мәнісі әлемге сену және өзіне сену мөлшеренің арақатынасы болып табылатын сенімнің формасы.
Сенім пайда болуы үшін негізгі жағдай сенім объекті мәнісінің өзекті болуы және оны бағалаудың қауіпсіздігі. Қарым-қатынастың әрбір актісінде сенімнің белгілі бір мөлшері болып отырады, әйтпесе ол қандай да бір мәтіннің хабарламасы болып қалар еді; сондай ақ ол тұлғараралық қарым-қаынастың бастамасы болып табылады, онсыз қарым-қатынас контрсуггестивті, конфронтациялық болар еді.
Тұлғараралық сенімнің қалыптасуындағы әлеуметтік-психологиялық негізгі критерийі болып: қабылдаудың жағымдылығы, децентрацияға қабілеттілік, талқыланатын ақпараттың мәнділігі.
Шынайы бақыттың сыры – сенім күші. Сенім – шынайы бақыттың негізі болып табылады. Сенімсіз баянды бақытқа жету мүмкін емес. Сенім- адамдарға деген сенімділік тудырады, ақыл - ойды тыныштандырады және жаныңды жай таптырып, күдіктен, мазасыздықтан, үрейден арылтады.

  • Барлығымыз да, бақытты болу үшін ғана емес, жай өмір сүру үшін, бір нәрсеге сенуіміз керек. Өмір сүру үшін қаншалықты сенім керек екенін елестетіп көрудің өзі қиын. Тек, үнемі үрей мен мазасыз күй кешпеуіңіз керек. Сенім – негіз. «Өмір- азап, бәрі жалған» деп күрсінесің. Қараптан қарап аптығасың. Тауың шағылатындай, сағың сынатындай, не болды? Жаның «аһ» ұрып, қайғыны шақырып, айналаңның бәріне күдікпен қарап, азаптанасың. Мұншалықты таусылатындай не күн туді екен?

Бар мәселе өзгелерде деп есептейсің. Негізгі түйін - өзіңде жатқанын ұқпайсың. Тек күйіну мен қапаланудан өмір алға баспайды. Тек шаршау мен өкініштен адам армандары орындалмайды. Тек уайымшылдық пен сабырсыздық адамдық мәртебеңді биіктетпейді. Екі қолды жайып бос жатқанға аспаннан алтын жаумайды ғой. Тірліксіз, әрекетсіз өмір - өмәр ме? Бұл өз жолыңды қиындату деген сөз. Бос қарап отыра беру – демалыс емес, адамның соры. «Бүйткен өмірі құрысын» деп босқа налыма. Болмашыға қинала берсең өзіңе деген өзіңнің сенімсіздігіңе жетелейді. «Тірлігім алға баспады» деп түңіле берме. Қайта құштар көңілмен өмірге үңіле түс.
Жақсы мен жаманды білмей тұрып, өмір сүріп те жарытпайсың. Ал өмір сүру үшін өмірге деген құштарлық керек.
Сенің бойыңда өрге ұмтылушылық, өзіңе жігер берер жалын, шыдамдылық пен сабыр болмаса, онда адаммын дегенің далбаса.
Айтшы өзің, өмір тек жақсылықтан, қуаныштан, ізгіліктен тұруы мүмкін емес қой? Ащының дәмен татпасаң, тәттіні қалай білмексің?!
Кездескен кедергіні тағдыр тепкісіне баласақ азаматтық жігерің қайда қалмақ. Болмашы нәрсеге бордай езілудің пайдасы бар ма?
Өмірді сүйе білсең күңгірт, көмескі, күдікті, жасықтығын емес, жарқын да, шуақты жалынды жақтарына көбірек көңіл бөл. Өзіңе өзің дем бер. Алға талпынып, ұмтылыс жаса, қайғыға берілме, жақсылықтан күдер үзбе. Шыдамсыздық танытпа!
Өмір болған соң кедергі кездеспей қоймайды. Кедергіні көрмей, бастан өткермей кемелденуің екіталай. Қиындықсыз қуанышқа да жете алмайсың. Жаманды білмей, жақсыны қалай сезінбексің?! Адам өмір өткелдерінен өткен сайын ғана санасы сәулеленіп, бағыт-бағдары айқындала түседі.
Ертеңге деген сенім мен үміт, жаныңдағы жалын ғана алға жетелейді. Өздігінен ештеңе келмейді. Батыл бол, қамықпа. Ол үшін әрекет ет. Еңсеңді көтер. Иә, ұсақ-түйек өкпелер мен тағдыр тартқан сынға беріліп, сүрініп жатсақ – қауқарсыз, дәрменсіз, жасық болғанымыз ғой.

Қайғы ойлаған жігіттің


Кең дүниесі тармен тең.
Уайымшыл адамның
Алды тұйық, жармен тең деген екен Шал ақын осындайда.
«Әй, қайдам...» - деген күдікті күрсіністен гөрі, бұлт пердені ашып тастап, жарқырай көрінген жүзің қымбат емес пе? Аспанды ауыр бұлт басып, өн бойың тұнжырағаннан гөрі, жауыны себелеп, артынан күні жарқырап тұрған шағың артық емес пе? Ең негізгі кемшілігіміз: өзімізге және ертеңге деген сенімсіздікте жатқан жоқ па?!
Сондықтан да биіктікке де, табысқа да жету үшін ұмтылыс, іздену, еңбектену керек. Өзің үшін күресіп, талпынсаң ғана табысқа жетесің. Сонда ғана қайғы мұң сенен қаша түседі.
Сеніміңді серік етіп, шыдамыңды шыңдап, ақылыңды алға ұстай білсең ғана адамсың!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет