Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам өз-өзіне сенімділіктің, өзіне сенудің, өзінің құнддылықтарының және идеалдарының жоғарғы деңгейіне ие.
Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам өзінің эмоциясын ұстай алуға және бақылауға қабілетті.
Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адам өмірден өзіне не керек екенін жақсы түсінеді, нақыт қойылған мақсатқа ие, мақсатқа жетуде жоғары табандылыққа ие.
Рухани-адамгершілікке ие адам әлемге лайланбаған көзқараспен қарайды және оған ақылмен және рухани теңдікпен қарайды. « Өзін-өзі тану» сабағында әрқайсысыңыз тұлғаның өзіндік дамуынан өзін-өзі жетілдіруіне дейінгі жолда қызықты әрі шығармашылық жолдан өтуге тура келеді.
Оқытушы. (Интерактивті тақтада слайдпен жұмыс) Виктор Франкл айтып кеткен «Адам өмірінің мағынасы қандай » деген сұраққа жауап беру үшін психологиялық білімге жүгінейік. Ол канцлагерьде көп жылдар отырғанда осы тақырып ойландырған. Тіпті осындай қатал жағдайда да ол текке өмір сүріп жатпағанын ұғынды. Ол өз еңбектерінде келесідей өмірдің мағыналарын бөліп көрсетеді:
1 слайд. Еңбектің мағынасы. В.Франкл шығарма құндылығына үлкен мән береді, оның жүзеге асу барысында өзінің өмірін мағынамен толтырады. Ең бастысы, өзіңіздің жеке даралығыңызды көрсетуге мүмкіндік беретін іс таба білу керек және оларды жағымды эмоциямен орындау.
2 слайд. Махаббат мағынасы. Махаббат – адамға көп қуаныш әкелуші, екі адамның бір-біріне ризалық, өмірге көзқарас ұқсастығы, ортақ мақсат жолында бірлесіп күш-жігер жұмсауға, қажет болса, құрбандыққа бару қабілеттілігі сияқты сипаттардан құралып, адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата көрсетуге себепші болатын жасампаз, киелі сезім. Бірақ бұған қарап, махаббат тек, рахатттан, қуныштан, нұр жайнаған әсемдіктен, жеңістен, т.б. кілең жанға жағымды да жайлы нәрселерден тұрады екен деп ойлауға болмайды. К.Д.Ушинский айтқандай: «Онда да азап-рахат, қуаныш-қайғы, қорқақтық-батылдық, ыза мен өшпенділік сияқты сезімдер шарпысып жатады. Оның қайғысы мен қуанышының алабөтен болатыны сондықтан».
Достарыңызбен бөлісу: |