Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет1/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
3 кредит (135 сағат)
АЛМАТЫ, 2012

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының даму келешегі адам өмірінің жоғары сапасына қол жеткізумен және әлемдік қоғамдастықта оның мәртебесін арттыруымен байланысты. Жоғары технологиялар дәуірінде дәл білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтап, тұрақты дамуды және мемлекеттің зияткерлік қуатын қамтамасыз етуде.


Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім, білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.
Экономиканың тұрақты өсуі мен педагог мамандығының абыройы мен беделін арттыру үшін сапалы білімді қол жетімді ету арқылы адамзат құндылығын дамыту, білім беру сапасының бәсекеге қабілеттілігі туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының мақсатына орай педагогикалық қызметкерлердің жетілуі мен өсуіне жағдай жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстанның адами қоры бәсекеге қабілетті мемлекет болып қалыптасуы үшін, білім берудің жетекші мағлұматтары, қазіргі заманғы үлгілері және экономикалық өмірдің алдыңғы қатарлы түрлері тұтастай қоғамның игілігіне айналуы тиіс.
Білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді.
Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және өзінің бағыттылығын сезініп, түсінуіне, жалпы адамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идеямен және өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мүмкіндіктер тудырады.
Әрбір педагогтің қазіргі заманғы әлемдегі басты қызметі, міндеті – оқушының қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетінің көзін ашып, жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуының ұйтқысы болу.
Мұғалімнің оқушыға ықпалы оның тұлғалық қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын, педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қоятын талаптарын сезінуімен және қабылдауының дәрежесімен анықталады. Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары жоғары мектеп студенттерінің өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлемге және адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.
Осыған байланысты қазақстандықтардың рухани өмірінің органикалық құраушысы болып табылатын өскелең ұрпақтың бойында этникалық толеранттылық, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу процесі білім берудің барлық кезеңдерінде шешімін табуы тиіс басым міндеттердің бірі болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған, кейін қазақстандық үкіметтің 2011 жылы ЕҚЫҰ-ы ұранына айналған төрт «Т» ұғымы жоғары мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту бағдарламасының басымдылығы болып табылады:
1. «Траст» - қазіргі заманғы қоғамдағы кез келген адам мұқтаж болған сенім.
2. «Традишн» - адамзаттың қағидалары мен құндылықтарына негізделген дәстүрлер.
3. «Транспаренси» - халықаралық қарым-қатынаста жоғары дәрежедегі ашықтық пен конструктивтікті сипаттайтын транcпаренттілік.
4. «Толеранс» - толеранттылық мәдениет аралық және өркениетті диалогтың маңызды құраушысы ретінде.
Жоғары оқу орнындағы оқытушы даярлығының тұлғаға бағытталған сипаты, оның білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне жоғары қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін сіңіріп, қабылдауға қабілетті, ой-өрісі мен жүрегі үйлесімді, толыққанды тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.
Студенттің рухани-адамгершілік дамуындағы біртұтас жүйесінде тәжірибелік-бағыттылық тұрғы тұлғаның психологиялық қорлары мен даралығының әлеуетін анықтайды. Аталмыш педагогикалық тұрғы педагог пен студенттің белсенді өзара әрекеттестігінде жүзеге асырылып, өнімді шығармашылық іс-әрекетті құрастырады.
«Өзін-өзі тану» сабақтарында студенттің тұлғалық дамуының даралық бағыттылығы, мотивтері, субъективті және объективті нәтижелері және басқа да көп қырлы күрделі, көпжоспарлы үдеріс болып табылатындығын естен шығармаған абзал. Типтік бағдарламада СӨЖ және СОӨЖ ретінде студент тұлғасының өзін-өзі кемелдендіру және жетілдіру сәттерін сипаттайтын шығармашылық жобалар мен міндеттер ұсынылуда.
«Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымы төрт модульден құралады (3 кредит).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет