Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Шектес пәндердің тізімі және олардың аталмыш пәнмен байланысы



бет4/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Шектес пәндердің тізімі және олардың аталмыш пәнмен байланысы. «Өзін-өзі тану» пәні «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Психология», «Әдеп», «Эстетика», «Дінтану», «Экология», «Педагогика» сынды ізгілендіруші циклдегі пәндермен тығыз байланысты.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе

Аталмыш курс «Бөбек» ҰҒПББСО адамгершілік-рухани даму жобасының шеңберінде «Білім беру» тобының мамандықтары үшін құрыстырылып, сана сезімнің, өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу қабілеттерінің дамуын болжайтын жеке-дара даму жүйесін анықтайды.


Курс жоғарғы рухани ақиқатпен тікелей байланысты бастапқы құндылық ретінде «Адам жаны» феноменінің шартсыз мойындалуына негізделеді.
«Өзін-өзі тану» курсын оқытудың қағидалары:

  • тұлғалық белсенділікке ынталандыру қағидасы. Адамның жан дүниесінің дамуына жүгіну курстың басты қағидасы болып табылады. Адамның жаны - үйлесімді құрылған және мейірімнің, қайырымдылықтың, биязылықтың, жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің нұрын төккен бастапқы құндылық.

  • «Зиян келтірме!» талабы ретінде анықталуы мүмкін гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

  • Психиканың, сананың және іс-әрекеттің даму қағидасы. Тұлғаның барлық психикалық ерекшеліктері қалыптасу процесінде болғандықтан, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет дамудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдайтын Л.С.Выготскийдің және оның мектебінің бағытымен негізделген. Сана бұл – жүйе, таным негізі. Ойлау тұлға санасының орталығында орналасқан, қалған барлық психикалық процестер санадағы басым қызметтің ықпалында дамиды;

  • Кешенділік, жүйелілік қағидасы тұлғаның бірізді және біртұтас зерттелуіне бағарланады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберіндегі оқыту тұлғаның жеке-дара өлшемдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар дамудың жалпы құрылымындағы тұтастай дамудың барысын болжауға да бағытталады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет