Дәріс -1. Дәріс тақырыбы: Бағдарламалау негіздері.
Дәрістің мақсаты: Бағдарламала ұғымын беру, бағдарламалау қадамдарымен танысу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар: 1 Алгоритм. Алгоритмды бейнелеу жолдары.
2 Бағдарлама. Бағдарламалау. Аударушы.
3 Бағдарлама құрудың кезеңдері.
Дәрістің тезисі:
Компьютерде жұмыс істейтін бағдарлама, әдетте, компьютердің өзімен сәйкестіріледі, өйткені бағдарламаны қолданатын адам бастапқы берілген-дерді, көбінесе пернетақта арқылы “компьютерге енгізеді”, ал компьютер экранға, принтерге немесе файлға “нәтижені шығарады”. Бірақ нағызында бастапқы берілгендерді нәтижеге компьютердің процессоры түрлендіреді. Процессор бастапқы берілгендерді нәтижеге анықталған алгоритм бойынша түрлендіреді. Ал арнайы тілде жазылған алгоритм бағдарлама деп аталады.
Сонымен, компьютер кейбір жұмысты орындау үшін, осы жұмыстың орында-луын қамтамасыз ететін бұйрықтар тізбегін құру қажет, басқа сөзбен айтқанда бағдарлама жазу керек.
Бағдарламалау – төмендегі қадамдардың тізбегімен ұсынылатын, бағдарлама құрудың үрдісі:
Спецификация (бағдарламаға қойылатын талаптады анықтау, тұжырымдау);
Алгоритмді құру;
Кодтау (алгоритмдік бағдарламалау тілінде жазу);
Жөндеу;
Тестілеу;
Анықтамалық жүйені құру;
Орнату дискісін (CD-ROM) құру.
Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар: Бағдарламалау дегеніміз не?
Бағдарламалау кезеңдерін атап кетіңіз.
Алгоритмді жазудың түрлері қандай?
Тестілеу кезеңінде не жасалынады?
Негізгі әдебиеттер /1-4/, Қосымша әдебиеттер/7-8/.