Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет69/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Дәріс-әңгімелесу.
Оқытушы. Бір кездері Жер шарында тұлғасы көз тартарлық, ақылды да талантты адамдардың мекендегені туралы аңыз бар. Әр ағзаның екі жынысы болған. Бір күні олар көкіректеніп, өздерін құдайдан артық санай бастайды. Сонда құдай оларға қаһарланып, Жерге әр адамды екіге әйел затына және ер адамға бөліп тастайтын найзағай жібереді. Кейін барлық жарты бөлшектер араласып кетеді. Сол кезден бастап олардың әрқайсысы Жер шарын аралап, өздерінің екінші жартысын іздеуде. Егер екі жарты бір бүтін болса, олар нағыз бақытқа ие болып, махаббатқа кенеледі. Біз де қазіргі заманның адамдары екінші жартымыз туралы мәңгі сағынышта ғұмыр кешудеміз, дискотекаға, мектепке, достарымызға қонаққа барсақ та бізді: «Мүмкін дәл бүгін мен Оны кездестірермін?-деген бір ғана сұрақ мазалайды
Стефани Ортиг – Сиракуза Университетінде және Өнер мен Ғылым Колледжінде іс-әрекет ететін психология және неврология профессоры. профессор Ортиг құрған топ жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша адам ғашық болғанда оның миының 12 бөлігінің бір уақытта қатар жұмыс жасап, эйфория күйін тудыратын химиялық заттардың (допамин, окситоцин, адреналин және вазопрессин) өндірілуіне ықпал ететіндігін анықтаған. Махаббат сезімі ойша қиялдау, теңеу және бейнелік көріністер сияқты күрделі танымдық қызметтерге солайша ықпал етеді. Сондай-ақ, зерттеушілер ғашық болу үшін бес секундтың өзі де жеткілікті екендігін анықтаған. Жаңа ақпараттар: «Адам қалай ғашық болады: жүрегімен бе?, әлде миымен бе?»-деген сұрақтың туындауына себепші болуда. Ортиг ол сұрақтың әрқашанда жай сұрақ болмағандығын айтады. «Мен ми деп айтар едім, алайда, жүрек те сол күйге тығыз байланысты, өйткені махаббатың күрделі ұғымы мидан жүрекке және керісінше бағытта да жүретін жоғары көтерілуші әрі төмен түсетін үдерістері арқылы қалыптасады. Мысалы, мидың кейбір бөлшектерінің белсендірілуі жүрекке жетер әсерді тудыруы мүмкін». Талдау махаббатың әрқилы көріністеріне жауап беретін мидың басқа да бөлшектерін айғақтауда. Мысалы, ана мен баланың арасындағы шартсыз махаббат мидың орта бөлігін қамтып, оның жалпы және әртекті бөліктеріне байланысты болады. Құмар махаббат дененің бейнесі сияқты анағұрлым жоғары танымдық қызметтерге ие болған мидың танымдық ассоциативті бөліктеріне байланысты. Махаббат біздің қозғаушы күшіміз әрі тағдырымызды анықтаушы ғажайып болып табылады. Ол тұтқиылдан пайда болып, қисынсыз әрі көзге көрінбейді. Аталмыш сезімнің табиғатын зерттейтін ғылым ғашықтарды баурайтын ғажайып өзгерістерді анықтайды: махаббат мидың қорқыныш сезімдеріне, жағымсыз эмоцияларға, сынға жауап беретін бөліктерін басып, адамның негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін және ләззат алу қызметіне жауап беретін аймақтарына ықпал ететіндігін анықтайды. Антропологтар, биохимиктер, философтар және діндарлар махаббаттың табиғаты туралы күтпеген болжамдарды айтуда. Дегенмен, олардың барлығы әйел мен еркектің бір-біріне қатысты басынан кешірген сезімдерінің астарында анағұрлым жоғары, ақылға сыймайтын, түсініксіз дүниенің тұрғандығын мойындайды. Ғашық болғандардың барлығы ақылды және ақылсыз, жас және кәрі, бай және суретші де бірдей сезімдерді кешіреді. Өтірік, адалдық, қызғаныш, шаттық, сатқындық – ешкім өзінің махаббатының хикаясының қандай болатынын, қалай аяқталатынын алдын ала болжай алмайды. Бірақ барлығы ол барда барлығы – уақыттың, ақшаның, беделдің, міндеттердің екінші жоспарда қалатынын жақсы біледі. Дәрігерлер махаббатты психиканың компульсивті, аддиктивті, бізді сүйіспеншілігіміздің затына өктемдікпен тартатын бұзылыстарының бірі деп тұжырымдайды. Ол жалпы нашақорлыққа тең, атап айтқанда кокаинды тәеулсіздік іспеттес. Философтар оны өзіңіз ғашық болмайынша түсінуге болмас, ақыл мен жанның ерекше күйі деп айтады. Карл Густав Юнг: «Ол ессіздік емес. Осы тұста «ақыл» сөзін қолданудың өзі орынды ма дер едім? Ол ұшы қиыры жоқ жарық та қараңғылық та болып табылады. Ондай құпиялы қуаттан ешкім қашып құтыла алмайды». Ғалымдар махаббаттың: жыныстық әуестік, қиялшыл махаббат және үйірсектік сияқты негізгі үш түрін көрсетеді. Бірақ дәл қиялшыл махаббат жайында ғасырлар бойы жазушылар мен ақындар жырлауда, дәл соған музыканың және көркем өнердің сансыз төл тұмалары арналуда. Әрі тек махаббатпен ғана қоштасу сондай қиын. Дәл сол лабораториялық зерттеу жұмыстары махаббат айырылған адамдардың 100 пайызының қуатты, тіптен шыдатпайтын ауырсыну сезімін кешіргендерін көрсетуде. Бірақ кейбір адамдар ол күйді салыстырмалы түрде қысқа мерзімде жеңе алса, басқалары жылдарға, онжылдықтар тіптен өмірлерінің ақырына дейін қиналып өтеді. Дегенмен адамдардың көпшілігі махаббаты мүлде кешірмегеннен гөрі одан айрылғаннын артық екендігін қалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет