Жаттығу «Арманыңдағы адамның келбеті» Нұсқау: Өмірді бірге кешіруге даяр адамды елестетіңіз. Таңдаған адамыңыздың мінез бітістері мен рухани қасиеттерін тізіп шығыңыздар.
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Сіздің таңдауыңыз қандай негізде жүзеге асырылды?
Коллаж «Махаббатың қуаты». Шағын топтармен жұмыс. Мақсаты: махаббат сезіміне оңтайлы қатынасты қалыптастыру. Сезімдік тәжірибенің және эмоциялы күйзелістердің негізінде үйлесімді күйін дамыту.
Материалдар: (ватман, бояулар, бояу жаққыштар, журналдар, желім, қайшылар, түрлі-түсті қағаздар).
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
Орындаған жұмыстарыңыздың негізгі идеясы қандай деп ойлайсыздар?
Шығармашылық жобаны орындауда қандай күйзелістерді кешірдіңіздер?
Коллажға барлық эмоциялы түйсіктеріңізді ақпарат түрінде толықтай жеткізе алдыңыздар ма?
Оқытушы. Кейбір адамдар махаббаттан үрейленеді. Олар ғажайып өзара қатынастардан гөрі жалғыз болғанды қалайды. Олар өздері мен әлемнің арасында қабырға орнатып алады. Олардың қорқынышы өздерінің жұбын тауып, шынайы бақытты адам болуға кедергі келтіреді. Өзіде сүюге және сүйкті болуға мүмкіндік беріп, қорқынышыңа қарсы тұруға батылдық таныту қажет.
Релаксация «Ғашықтардың айналы биі» Нұсқау: студенттер жұптарға бөлінеді. Кез келген әуенді қоюға болады. Жұптардағы адамның бірі айна болып, екіншісінің биін барынша анық қайталауға тырысады. Кейіп жұптар орындарын алмастырады.