Оқу курсының типі: ТК
«Әдебиет теориясы» курсының мақсаты – студенттердің білімін жаңа теориялық ұғымдармен толықтыра отырып, әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін жан-жақты меңгерту.
Пәннің негізгі міндеті «6В023 – Тілдер және әдебиет (Филология)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН1 - мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын, кәсіби этиканың принциптерін түсінеді, педагогикалық қызметте пәндік саланы,педагогикалық өлшемдерді, білім беру жүйесінің даму үрдістерін, нормативтік құқықтық актілерді және электрондық құжаттарды жүргізу негіздерін пайдалана біледі;
ОН2 - білім беру процесінің барлық субъектілерінің (педагог, білім алушылар мен олардың ата-аналарының) қызметін талдай алады, интеллектуалдық, дене бітімі және рухани дамыған, өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын, сыни ойлай алатын тұлғаны тәрбиелеуді мақсат ете отырып, оқу-тәрбие процесін модельдей алады;
әдебиет теориясының жанрлық ерекшелiктерiн таныту;
әдеби-теориялық ұғымдармен, әдеби мектеп, ағымдармен, мәлiметтермен қаруландыру;
әдебиеттану, эстетика, мәдениеттану салаларындағы өнерге қатысты жаңа концепциялармен таныстыру;
көркем шығарманы талдауда әдебиет теориясынан алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу дағдыларын пайдалана алады, кiтаппен және кiтапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс iстей бiлудi меңгеру.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Студент сабаққа қатысуға міндетті, кешігуге болмайды. Сабаққа қатыспаған жағдайда 0 балл қойылады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: |