1) салыстырмалы сілтеме – Excel кестесi ұяшықтың адресiн ағымдағы ұяшық адресiне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы: D4 ұяшығына =D1+D2 формуласын енгiзейік. Осы формуланы С4 ұяшығына көшiрсек, мұнда =С1+С2 формуласы автоматты түрде енгiзiледi;
2) абсолютті сілтеме – формуланы көшiру барысында белгiлi бiр ұяшыққа немесе аймаққа сiлтеме жасау қажет болса абсолюттi сілтеменi қолданамыз. Абсолюттi сiлтеме «$» белгiсiнiң көмегiмен жазылады. Мысалы, $C$15 түрiнде сiлтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тек C15 ұяшығындағы мән пайдаланылады;
3) аралас сілтеме – мұнда «$» белгiсi қажеттi орында ғана жазылады, мысалы $C15 - бағананың мәнiн тұрақты немесе C$15 – қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту мүмкiндiгi бар. Ұяшықтағы сілтемені F4 пернесін баса отырып өзгертуге болады:
-
Достарыңызбен бөлісу: |