Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет69/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130
Байланысты:
6. leksia

Бесiншi жолФормулалар қатары. Мұнда әрбiр ұяшықтың мазмұнын көрiп, формулаларды өңдеуге болады.
Бесiншi жол мен кестенiң соңына дейiнгi аралықты электрондық кестенiң жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенiң жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары латын әрiптерімен таңбаланады.
Төменгi қатар – Қалып-күй қатары, мұнда үстiмiздегi уақыттағы компьютердiң жұмысы немесе Excel кестесi жөнiнде ақпарат шығып тұрады.
Төменгi қатардың сол жақ шетiнде Excel кестесi жұмыс режимiнiң индикаторы тұр - Excel кестесi мәлiметтердiң енгiзiлуiн күтiп тұрған жағдайда дайын режимiнде тұрады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөздi көрсетiп тұрады.
Пернелер тақтасының көмегiмен мәзір қатарына шығу үшiн ALT немесе F10 пернесiн басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейiн Файл мәзірі басқа түске өзгереді. Курсорды басқару пернелерінің көмегімен (,) қажеттi мәзір командасын таңдаймыз да ENTER пернесiн бассақ iшкi мәзір (подменю) ашылады. Iшкi мәзір командаларын немесе пернелерiнiң көмегі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшiн ENTER пернесiн басамыз. Мәзір қатарынан жұмыс аймағына ESC пернесiн басу арқылы оралуға болады.
Excel кестесiнiң мәзір командаларын тышқанмен орындаған өте жеңiл, әрi қолайлы. Қажеттi мәзір командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгi сатылы мәзір командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиiстi командада тышқанның сол жақ батырмасын шертемiз. Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанатбелгiлердi көрсету немесе алып тастау, сұхбат терезелерiн және iшкi беттердi ашу әрекеттерi орындалады.
Excel электрондық кестесi жазылған әрбiр файл бiрнеше беттерден тұратын кiтап болып саналады. Электрондық кесте iске қосылған мезетте 1-бет (лист 1) екпiндi болады. Үнсіздік бойынша ашылған кез-келген кітап 3 беттен тұрады. Бір беттен келесi бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертемiз. Бір кітап 255 бет жұмыс парағынан тұруы мүмкін. Ал қажеттi беттiң жарлығы экранда көрiнбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (,) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.
Excel электрондық кестесiнде бағаналар A –Z, одан кейiн ретi бойынша AA –AZ, BA –BZ,… латын әрiптерiмен белгiленедi және олардың саны –256- ға тең.
Excel электрондық кестесiнде қатарлар араб цифрларымен нөмірленеді және олардың саны – 65536-ға тең.
Әрбiр бағана мен қатардың қиылысқан жерiнде ұяшық деп аталатын тiктөртбұрыш орналасқан. Әрбiр ұяшықтың бағана әрпiмен қатар нөмiрiнiң қиылысуына сәйкес адресi бар. Мысалы, A1 – бiрiншi ұяшықтың, ал В105 – В бағанының 105 қатарындағы ұяшықтың адресi.
Ұяшықтарға мәлiметтердi (мәтiн, сан және формулалар) енгiзуге болады. Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты көрсететiн ерекше тiктөртбұрыш кестелiк курсор деп аталады. Кестелiк курсор орналасқан ұяшық екпiндi ұяшық (ағымды ұяшық) деп аталады.
Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбiр ұяшыққа 32 мың символ енгiзу мүмкiндiгi бар.
Бiр мезгiлде бiр ұяшықпен немесе қатар орналасқан бiрнеше ұяшықтар тобымен жұмыс жасауға болады. Белгiленген ұяшықтар тобы ұяшықтар блогы немесе торлар аралығы деп аталады. Мұндай блоктардың адресi бiрiншi ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресiн қос нүктемен бөлiп жазу арқылы көрсетiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет