Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық



бет72/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130
Байланысты:
6. leksia

*сан;
*формула;
*мәтін.
Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Кез-келген формула «=» символынан басталады. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (‘’) болса, оның типі мәтін болып қабылданады. MS Excel электрондық кестесінде қарапайым мәтін ұяшықтың сол жақ шеті бойынша, ал сан оң жақ шеті бойынша тураланады.
Ұяшықтарда мәліметтер стандартты форматта көрсетіледі. Мәліметтің форматын өзгерту үшін ФорматҰяшықтар... командасын орындаймыз (3-сурет).

3-сурет. ФорматҰяшықтар... командасының сұхбаттық терезесі.
Шыққан сұхбаттық терезе келесі бөлімдерден тұрады:
1)Сан – ұяшықтағы мәліметтің берілу форматы таңдалады:
2)Туралау – ұяшықтағы мәліметтеің орналасу тәртібі, ұяшықтарды біріктіру, мәліметтердің ориентациясы және т.б. өзгертулер мүмкіндігін береді;
3)Шрифт – мәтіннің берілу шрифті, оның көлемі, түсі және т.б. өзгерту мүмкіндігін береді,
4)Шегініс – ұяшық шектемесінің берілу тәсілдері таңдалады;
5)Түр – ұяшықтың толтырылу түсін таңдау, боялу тәсілін таңдау мүмкіндігі;
6)Қорғау – ұяшықты қорғау, формулаларды жасыру мүмкіндіктерін береді.
Excel программасының негiзгi атқаратын қызметiнiң бiрi сандарды өңдеу және сандық мәндердi көрсету жолдары болып табылады. Excel программасында сандарды өрнектеу тәсiлдерi әр түрлi топтарға жiктеледi.
Мысалы: А1 ұяшығына 20000 деген санды енгізейік. Осы санның берілу форматын қарастырайық (4-сурет):

4-сурет. Сан форматының берілу тәсілдері.
Егер берілген мәлімет ені бойынша ұяшыққа сыймай тұрса “####” түрінде бейнеленеді. Бұл кезде ұяшықтың енін үлкейту қажет.
Сандардың форматын ФорматҰяшықтар командасын немесе осы команданы жанама мәзірден орындау арқылы да таңдауға болады.
Ұяшықтың енін және биіктігін өз қалауымызша өзгертуге болады. Ол үшін ФорматҚатарБиіктігі... (ФорматБағанЕні...) командаларын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы сәйкес батырмаларды шертеміз.
Ұяшық ішіндегі мәліметті жылжытуға, көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Ол үшін:
1)қажет ұяшықты белгілеп аламыз;
2)тышқан нұсқағышы формасына ауысқанда сол жақ батырманы басқан күйі ұяшықтағы мәліметті қажетті орынға апарамыз;
3)егер ұяшықтағы мәліметтің көшірмесін алу қажет болса, CTRL пернесін баса отырып объектіні жылжытамыз;
4)ұяшықты автотолтыру әдісімен толтыру үшін алғашқа екі ұяшықты белгілеп алып, ұяшықтардың оң жақ төменгі батырмасында тышқан нұсқағышы «+» формасына келгенде қажетті бағытта сол жақ батырманы баса отырып созамыз (5-сурет)

5-сурет. Ай аттарын автоматты толтыру.
Ұяшықты прогрессия көмегімен толтыру үшін ТүзетуТолтыруПрогрессия командасын орындаймыз (6-сурет).Шыққан сұхбаттық терезеде орналасу тәртібін, типін таңдаймыз да ОК батырмасын шертеміз. Көрсетілген бағытта автотолтыру орындалады.

6-сурет. Прогрессия көмегімен автотолтыру.
Формулаларды автотолтыру сандарды автотолтыру сияқты орындалады. Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтемесінің ерекшеліктері ескеріледі.
MS Excel электрондық кестесінде үш түрлі сілтеме қолданылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет