Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Қазіргі замандағы программалық құралдар



бет23/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130
Байланысты:
6. leksia

Қазіргі замандағы программалық құралдар.

Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді:

Қолданбалы программалар – белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы (мәтіндік редакторлар, электрондық кесте, программалау тілдерінің программалары т.с.с.)
Жүйелік программалардың түрлері:

  • операциялық жүйелер (ОЖ)

  • утилиттер

сервистік программалар.

  1. Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік.

Операциялық жүйе (ОЖ) ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.
ОЖ-ң негізгі атқаратын қызметі:

  1. барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жаюдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

  2. әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

Сонымен, ОЖ – адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы.
Утилиттер – программалау ортасында белгілі бірн қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса, оларды жоятын программалар да утилиттер болып табылады.
Сервистік программалар – адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп, компьютерді прогграммалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады.
ОЖ-ң мынадай түрлері бар: MS DOS, CDOS, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйе – WINDOWS программасы.
Операциялық жүйе компьютерде орналасқан барлық жүйелерді және программаларды басқару үшін керек. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.Компьютермен жұмыс істеуде MS DOS ОЖ-ң көптеген кемшіліктері болды:

  • әр жолы жүйемен тек бір есепті шешу ғана мүмкін;

  • күрделі программалармен жұмыс істеу мүмкін емес;

  • командалар тек пернетақтадан енгізіліп отырады және т.б.

  1. жылы Micrososft фирмасы алғашқы рет MS DOS қуатынан жүздеген есе артық Windows 1.0 жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары оның кеңейтілген түрлі нұсқаларын дайындап шықты: 3.0, 3.1 және т.б.

Windows операциялық жүйесі мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:

Windows операциялық жүйесі автоматты түрде жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет