Байланысты: Операциялық жүйе түсінігі. Операциялық жүйенің түрлері. Құрылымы-engime.org
Операциялық жүйе түсінігі. Операциялық жүйенің түрлері. Құрылымы мен принциптері
Операциялық жүйе түсінігі. Операциялық жүйенің түрлері. Құрылымы мен принциптері
Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын бағдарлама. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы бағдарламаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы бағдарламалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. адамға бағдарламаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, бағдарламаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.