Форма шебері мен конструкторы. Жаңа форма терезесінде Форма шеберін таңдап және кесте атауын көрсетіп, ОК түймесін шерту арқылы Форма шебері іске қосылады. Программа форма құру барысында кестенің барлық өрістерін экран бетіне сыйдыруға тырысады. Оның форма құрудағы әсемдік сапасы ұнамаған жағдайда оны конструктор режимінде ауыстыруға болады. Басқару элементтерінің басқа элементтерден айырмашылығы оларды міндетті түрде программалау керек.Әйтпесе олардың ешқандай пайдасы жоқ.
Access-тегі есеп объектісі. Access-тегі есеп объектісі-БҚ-дағы мәліметтерден қолданушыға қажетті мәліметтерді басып шығаруға дайындалған есеп құжаты. Форма мен есеп объектілерінің құрылымдары ұқсас, яғни формада айтылған мәліметтердің көбі есеп объектісі үшін де орынды. Есеп құру кезінде жұмыстың басым көпшілігі оның конструктор режимінде орындалады. Есеп құрылғаннан кейін оны баспаға басып шығаруға болады.
Автоесептер. Есепті автоматты түрде құруға болатын таспалық және бағандық автоесептер деген екі тәсіл бар. Автоесеп құру үшін Жаңа есеп терезесінде оның бір түрін белгілеп және терезенің төменгі жағында қажетті кесте не сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту керек. Таспалық автоесептерде өрістер көлденең, ал бағандық автоесептерде тігінен орналасады.
БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады.
Қолдануға дайын кесте жасалған соң, қолданушы оны толтыруы тиіс. Кестені информациямен толтырмас бұрын оның өрістеріне мағынасы бар жаңа атаулар берілуі керек.
Сұраныстар арқылы бір және бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді, анықталған шарт бойынша, іріктеп алуға болады.
Access-те кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал ретінде формалар қолданылады. Формалар берілгендерді кесте түрінде немесе оларды экран бетіне қалауынша орналастыруға мүмкіндік беретін, Access объектілерінің бірі. Формаларды құру тәсілдерінің жеңілдігі, әртүрлілігі және олардың сыртқы түрлері Access программасының БҚБЖ-нен артық болуына әсер етеді.
Есепті автоматты түрде құруға болатын таспалық және бағандық автоесептер деген екі тәсіл бар. Автоесеп құру үшін Жаңа есеп терезесінде оның бір түрін белгілеп және терезенің төменгі жағында қажетті кесте не сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту керек. Таспалық автоесептерде өрістер көлденең, ал бағандық автоесептерде тігінен орналасады.