Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының



Дата05.07.2018
өлшемі207,5 Kb.
#47230


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасының

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»



Келісілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_________ А. Бейсетбаев

__ ___________ 2017 жыл








Бекітемін

Колледж директоры

_________ М. Омарбеков

__ ___________ 2017 жыл











2017-2018 оқу жылына арналған жас мамандар мектебінің

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Сапа жөніндегі басшылық өкілі

_________ Р. Сазанбаева

___ ______2017 ж.


Колледж әдіскері

________ К.Толымбек

___ ______2017 ж.

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

________ С. Бегалина



___ _________ 2017 жыл

Әрбір қазақ­стандық ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.

ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан

Жас педагог мектебi – бұл бітірген мамандығы бойынша еңбек өтiлi жоқ

«Жас мамандар» мектебінің жоспары

Мақсаты мен міндеті: Негізгі мақсат - колледждегі «жас педагог» мектебіндегі оқытушылардың білім-біліктілігін, тәжірибесін, сабақ беру процесіндегі әдістемесін жетілдіру.

  • жас педагогтардың білім-біліктілігін, сабақ беру тәжірибесін дамытып отыру;

  • жас педагогтардың кәсіби шеберлігін ұштап отыру;

  • оқытушының оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік-танымдық жұмыстарын, бағыттарын анықтап белгілеп отыру;

  • оларға ақылшы ұстаздарды бекіте отырып, орта оқу орнындағы өзара тәжірибе алмасу іс-қимылдарын үйлестіре жүргізіп отыру;

  • жас оқытушылардың біліктілігін арнайы біліктілік арттыру ұйымдарына кеңінен қатыстыра отырып, олардың біліктілігін, іс-тәжірибесін үнемі шыңдап отыру;

  • жас мамандардың кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үдерісін тездету;

  • оқытушының жеке шығармашылық стилiнiң қалыптасуына көмектесу;

  • жас педагогтарға бiлiм беру процесiне қазiргi жаңа көзқарастар мен озат педагогикалық технологияларды енгiзуге көмек көрсету.




  1. Қызметтің негізгі бағыттары мен мазмұны

1.Жас маман үшiн топтық сабақтар ұйымдастыру, практикалық, семинар сабақтарын, ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу, бiлiм беру қызметiн ұйымдастыру және кәсiби өзiн-өзi оқыту мәселелерi бойынша жас педагог мектебi мүшелерiнiң есептерiн тыңдау.

2.Жас мамандардың кәсiби талаптарын зерттеудi ұйымдастыру, өзiн-өзi жетiлдiруге көмек көрсету.

3.Озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

4.Педагогтардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалыптастыруына себепші болу.

5.Жас педагогтардың заманауи тәсілдерді және озық педагогикалық технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге көмектесу.



  1. Жас педагог мектебi қатысушыларының құқықтары

1.Семинар, конференция, шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысу.

2.Колледждiң материалдық базасын өзiн-өзi оқыту үшiн қолдану.

3.Тәлiмгер-оқытушыдан консультациялық көмек алу.

4.Өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыру.



  1. Жас педагогтармен жұмыс нысандары

1.Жас оқытушылардың бейімделуіне себепші болатын жағдайлар жасау,педагог тәлімгерлерді бекіту.

2.Әдістемелік көмек көрсету:дөңгелек үстелдер,оқу-әдістемелік мәселелер бойынша семинарлар,пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар.

3.Жас оқытушының сабағына кіріп талдау жасау.

4.Сауалнама жүргізу арқылы жас оқытушының жетістігін диагностикалау.



6. Міндеттер мен жауапкершілік

1. Жас педагогтар мектебiнiң қатысушылары және жетекшiсi алдына қойылған мәселе, қызмет, мiндеттердi құрылған жоспар бойынша орындауға жауапты.

2. Тәлімгер міндеттеген ашық сабақ,семинар-практикум.ашық тәрбие сағаты.т.с.с. басқа да формадағы оқу-әдістемелік тапсырмаларды орындау.

3. Оқу үдерісінде ұйымдастырылатын жас педагогтар сайысына қатысу.



  1. Басқаруды ұйымдастыру

Жас педагог мектебiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн оқытушылар қатарынан жоғары немесе бiрiншi санатты оқытушы жетекшi болып тағайындалады. Оқу жылында жас мамандарға екі ашық сабақ, бір ашық тәрбие сағатына, бір конференцияға қатыстырып жас педагог мектебi өткiзедi. Бұл іс-шараларды жас педагог мектебінің жетекшісі іске асырады.

Жас педагог мектебi жұмысының негiзгi формасына мыналар жатады:



  • оқу-әдiстемелiк сұрақтар бойынша семинарлар, оқытушылардың шығармашылық жұмыстары;

  • ашық сабақтар мен пән бойынша дәрiсханадан тыс iс-шаралар;

  • дәрiстер, оқыту мен тәрбие беру әдiстемесi бойынша пiкiрталас

  • педагоикалық озат тәжiрибенi зерттеу.

  1. Құжаттама

1. Жас педагог мектебiнiң ережесi.

2. Жас педагог мектебінің жылдық жұмыс жоспары.

3. Әдiстемелiк нұсқаулар, ақпараттық бюллетеньдер.

4.Жас педагог мектебінің жылдық есебі





Өткізілетін іс шара  мазмұны


Мерзімі

Жауаптылар

  1. Ұйымдастыру жұмыстары



Жас мұғалімдердің үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер – К.Толымбек



  1. К.

Жас мамандарды тәлімгер ұстаздардың сабақтарына  қатыстыру.

жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер - К.Толымбек





Білім беру үрдісіндегі заманауи әдістер мен озық педагогикалық технологияларды игеруге көмек беру.

жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер - К.Толымбек





Кәсіби білімін жетілдіру бойынша жас  мамандарды білім көтеру курстарына жіберу.

жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер - К.Толымбек





Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік құралдарды өздігінен оқып үйренуге, талдай білуге  дағдыландыру.

жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер - К.Толымбек





Шығармашылық ізденіске баулу.


жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер - К.Толымбек





Ұстаздарға арналған танымдық сайттарға кіру.

жыл бойы

Әдіскер - К.Толымбек



Профориентациялық жұмыс.


жыл бойы

Ұлағатты ұстаз - Р. Сазанбаева

Әдіскер - К.Толымбек






  1. Ғылыми –зерттеу және оқу -әдістемелік жұмыстар






«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен,

колледжішілік еңбек  тәртібімен таныстыру. Жас  мамандарға тәлімгер ұстаздар тағайындау.Оқу құжаттарымен таныстыру, әзірлеуге кеңес беру.



05.09.2017

Колледж директоры – Омарбеков М.А.

Директордың орынбасарлары:

Бейсетбаев А.К., Якенова К.Ж., . Маликова М.С.

Әдіскер - К.Толымбек





Экскурциялық сабақ:

Колледжішілік техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен таныстыру.

Колледж мұражайымен танысу.


12.09.2017

Техникалық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі инженер -

М. Тұрсынбаева

Мұражай меңгерушісі – Байбалақова




Нұсқаулық-әдістемелік сабақ: «Күнделікті сабақ жоспарын жазу тәсілі және сабақ типтері мен кезеңдері» 

15.09.2017

Республикалық байқау жеңімпазы– Ахметова А.А.



Семинар - Жобалық іс - әрекет:

Бұлтты технологияны пайдаланудың тиімді жақтары мен мақсаттарын ажыратып меңгерту

21.09.2017

Қалалық байқау жеңімпазы– Балғазиева М.Т.


Психологиялық тренинг-сабақ:

ҚР БжҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы бойынша бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларын» ұстану мақсатында «Өзара түсінушілік»


28.09.2017

Колледж психологы – Бейсенбаева Л.



Колледждің қоғамдық жұмысына жас маманды тарту,

«Ұстаздар күні» мерекелік шара өткізу.

05. 10.2017

Әдіскер - К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке





Практикалық сабақ:

Іс қағаздарын жүргізу.



19.10.2017

Тәлімгер ұстаз –Магруфова М.



Әдістемелік-танымдық сайттармен танысу.

2.11.2017

ИКЦ меңгерушісі –

Қ. Каржаубаева





Шығармашылық ізденіс – білім сапасына жетудің жолы (БАҚ –қа материалдар беру)

30.11.2017

Әдіскер - К.Толымбек



Практикалық сабақ:

Сабақта ойын элементтерін пайдалану.



14.12.2017

Тәлімгер ұстаз – С. Карабекова



Денсаулық күні. Салауатты өмір салты «Дені саудың – жаны сау».

11.01.2018

Дене тәрбиесі оқытушылары



Практикалық сабақ:

Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін қолдану.



25.01.2018

Тәлімгер ұстаз – Ж. Махамбетова



Оқыту сапасына, оқыту жетістіктерінің деңгейіне талдау жасау (мониторингке салу).

08.02.2018

Әдіскер – К.Толымбек

Кафедра меңгерушілері





Дөңгелек үстел:

«Жас мамандардың үш тілде сөйлеу қажеттілігі».



01.03.2018

Тәлімгер ұстаз- Исабекова Г.Қ.



«Қош келдің – Наурыз!» іс-шарасына атсалысу.

15.03.2018

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – К. Якенова



Практикалық сабақ: Смарт тақтанының мүмкіндіктерін сабақта қолдану.

«Менің кәсіби өсуімдегі тәлімгер көмегі» жас оқытушылар мен тәлімгерлердің бірігіп сабақ беруі

29.03.2018

Тәлімгер ұстаз – М. Магруфова





Семинар: «Баспасөз беттеріне  мақала  жазу».

Колледж сайтының қорына ЭССЕ жіберу

«Менің педагогикалық ұстанымым».



12.04.2018

Кітапханашы - А. Сұлтангалиева


Модульдік оқыту технологиясын енгізу: Жаңа оқыту технологияларды қолдану процесіндегі студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру.


26.04.2018

Тәлімгер ұстаз – Б. Имамбекова



Жас мұғалімдердің әдістемелік, сабақ жүргізу деңгейін анықтау (ашық сабақтар беру)

10.05.2018

Әдіскер - К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке





Жас мамандар байқауы

25.05.2018

Әдіскер - К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке





«Жас мамандар мектебінің» жұмысын талдау. ЖММ- нің жылдық альбомы.


07.06.2018

Әдіскер - К.Толымбек

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі

Куандык Жанерке



Колледж әдіскері Толымбек К

Жас мамандар

мектебінің жетекшісі Куандык Жанерке



«Колледждегі тәлімгерлік туралы» ереже
  1. Жалпы ережелер


Тәлімгерлік білім беру ұйымындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі,сонымен бірге, біліммен, тәжірибемен бөлісу, уәждерін тереңдету, өзінің беделін мойындатқан, тәжірибесі бар және оны бөлісуге ынтасы бар тұлға жағынан өзінің мамандығын енді бастап келе жатқан немесе өндірістен келген жас маманның педагогикалық жұмысына деген сүйіспеншілігін ояту.

Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі оқытушы.
  1. Тәлімгердің мақсаты мен міндеттері


Білім беру мекемесіндегі тәлімгердің мақсаты жас оқытушыларға кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.

Тәлімгерлерге қажетті қасиеттер:

  • Лайықты қасиеттері, адамгершілігі, жетістіктері бар болуы;

  • Қызметке жаңадан келгендерді қабылдайды, олардың мансаптары мен жетістіктерін қалыптастыруға көмектеседі;

  • Өзінің қамқорлығындағы тұлғаға өзінің білімімен, материалдарымен, тәжірибесімен, дағдыларымен бөлісуге ынтасы болуы қажет;

  • Сенім ахуалын жасай білу;

  • Ең бірінші ақпарат көзі болып табылады;

  • Өзі үшін жоғары үлгілерді қалыптастырады;

  • Өзінің мамандығын жақсы көреді және оның энтузиасты болып табылады;

  • Өзінің саласында жетілдіруді жалғастырады, жоғары танымдық қажеттілікке ие болуы тиіс;

  • Әріптестердің құрметіне ие;

  • Ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттері болуы қажет;

  • Кәсіби қызметінде 5 жылдан кем емес еңбек өтілімі болу керек;

  • Жоғары және бірінші біліктілік дәрежесі болу керек.

Міндеттері:

  • Тиімді тәлімгерліктің жоспарын құрастырады және оның екі-үш жыл ішінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

  • Қарамағындағылардың жұмысын сараптап, олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалайды;

  • Жас оқытушыларға 2-3 сабаққа дайындалуға әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді;

  • Дидактикалық материалдарды, көрнекіліктерді, мәтіндік тапсырмаларды, бақылау тапсырмаларының түрлерін жинастыруда көмек көрсетеді;

  • Өз білімін жетілдіру үшін әдебиеттерді таңдауда, құжаттарды толтыру мен рәсімдеу кезінде көмек көрсетеді;

  • Әр күннің, аптаның қорытындысы бойынша күнде әңгімелеседі және пайда болған мәселелерді шешеді;

  • Жас оқытушының сабақтарына қатысады, жылына 2 рет өзара сараптама жасайды;

  • Заманға сай талаптарды есепке ала отырып, тәлімгерлік қызметте тәжірибеге жаңа ұйымдастырушылық формалар енгізеді (рөлдік ойындар, байқаулар);

  • Өзінің кәсіби білімін, қабілеттерін жетілдіреді;

  • Аттестацияға дайындалу кезінде көмек көрсетеді, аттестациялық комиссияға сарапшылық тұжырым береді;

  • Колледж әкімшілігін жас оқытушының машықтануы туралы хабардар етеді;

  • Талап бойынша тәлімгерлік жөніндегі есебін жүзеге асырады;

Тәлімгердің құқығы:

  • Кәсібилігін жетілдіруге;

  • Әкімшіліктен және әріптестерінен көмек сұрауға;

  • Тәлімгерлік қызметте тәжірибемен алмасуға;

  • Қарамағындағымен келіспеушілік болмаған жағдайда тәлімгерліктен бас тартуға;

  • Сапалы жасалған қоғамдық жүктемесі үшін марапатталуға.



Ү 03.11-08 СМЖ АМПК 1 Басылым


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет