Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Акулов А.И. Технология и оборудование сварки плавлением. - М.: Машиностроение, 1977.
2. Чернышов Г.Г. Технология электрической сварки плавлением. - М.: Академия, 2005.
3. Шебеко Л.П. Оборудование и технология дуговой автоматической и механизированной сварки. - М.: Высшая школа, 1988.
4. Чвертко П.И., Патон В.Е., Тимченко В.А. Оборудование для механизированной дуговой сварки и наплавки. - М.: Машиностроение, 1981.
5. Технология электрической сварки металлов и сплавов плавлением. Под ред. Б.Е. Патона. - М.: Машиностроение, 1974.
№ 4 зертханалық жұмыс Түсті металдарды дәнекерлеу технологиясын және материалдарын зерттеу (2 сағат)
1. Жұмыстың мақсаты: Мыс пен алюминийді дәнекерлеудің технологиялық ерекшеліктерін зерттеу
2. Жұмыстың тапсырмалары: Мыс және алюминийді қорғаныс газдар ортасында және қолмен доғалық дәнекерлеу технологияларының негіздерін оқып білу
3. Жабдықтар, аспаптар, материалдары:
1) Тұрақты тоқ доғаның қоректену көзі;
2) Балласты реостат;
3) Электроұстағыш;
4) УГДУ – 251 балқымайтын электродпен аргон ортасында дәнекерлеуге арналған құрылғы;
5) Дәнекерлеу маскасы;
6) Дәнекерлеуге арналған мыс пен алюминий үлгілері;
7) Мыс және алюминийді дәнекерлеуге арналған электродтар;
8) Металл щётка;
9) Мыс пен алюминийді дәнекерлеу сымы мен шыбықшалары;
10) Мыс пен алюминийді көмір электродпен дәнекерлеуге арналған флюстар;
11) Көмір электродтар.
4. Жұмыстың мазмұны:
Мыс пен алюминий секілді түсті металдарды дәнекерлеудің ортақ технологиялық қиындықтары келесідей:
1) Болатқа қарағанда дәнекерлеудің жоғарғы режимдерін талап ететін жоғары жылу өткізгіштігі;
2) Көлденең жіктерді дәнекерлеуді шектейтін жоғары аққыштығы;
3) Оттегіге үлкен сезімталдығы және алюминийді балқытуға қиындық тудыратын тотықты қабығы, оны жоюға активті флюстер немесе катодты тазалау қолданылады;
4) Мыстың сутегіге («сутегі ауруы») және оттегіге («шлактың араласуы») жоғары сезімталдығы;
5) Үлкен қалдықты деформация.
Мысты көмір электродтармен дәнекерленуі флюс негізінде тетрабор қышқылды натриды (бура) қолданумен жүргізіледі, ал алюминийді көмірлі электродтармен дәнекерлеуді тотықты активті қабықтарды жоятын K, Na, Li хлориді бар флюстармен жүргізеді. Қосымша шыбықтар осы тұздардың қабықтарымен қапталуы керек. Мысты дәнекерлеу келесі әдістермен жүргізіледі: қорғаныс газдар ортасындағы балқымайтын (вольфрамды) электродтармен (қосымша сымды қосып), қолмен доғалық («комсомолец 100») электродтармен және аргон ортасында балқитын электродтармен.
Балқымайтын электродпен аргон ортасында алдын ала қыздырусыз мысты 6 мм-ге дейін, ал гелий және азот ортасында қалыңдығы 8 мм-ге дейін мысты дәнекерлейді. Балқитын электродпен алдын ала қыздырусыз 10мм, не одан жоғары қалыңдықтарды дәнекерлеуге болмайды. Дәнекерлеу тұрақты тоқта тура полярлықта жүргізіледі. Доға ұзындығы шамасына қарай (3 мм-ге дейін) қысқа болу керек. Қорғауыш газ шығыны 8-10 л/мин. Жіктің арғы жағын түзеу үшін графитті төсеуіштер немесе сумен суытылатын мысты пластинкалар қолданылу керек. Дәнекерлеу электродтың бұйымға тәуелді көлбеулігі 20-600 болса, сымның көлбеулік бұрышы 10-150 құрайтындай оңнан-солға қарай жүргізіледі, вольфрам электродтың ұшының шығуы 5-7 мм.
Алюминийді дәнекерлеу аргон ортасында балқымайтын электродпен орындалады. Жанарғының бұйымға тәуелді бұрышы 65-700, қоспалы сымның бұрышы - 20-300, ал қоспалы сым мен электродтың арасындағы бұрыш 900 болу керек. Жанарғымен көлденең қозғалыстар ұсынылмайды, ал кейбір жағдайларда тыйым салынған. Тотығуды төмендету үшін дәнекерлеу ваннасының өлшемдері минималды болу керек. Қоспалы сым ваннаға қысқа қозғалыстармен беріледі.
Қалыңдығы 10мм-ге дейінгі алюминийді дәнекерлеу оңнан-солға жүргізіледі. Балқымайтын электродпен дәнекерлеу режимінің негізгі параметрлеріне жатады:
- электрод диаметрі;
- дәнекерлеу тоғының күші;
- доға кернеуі;
- қорғауыш газ шығыны;
- қоспалы сым диаметрі.
I св = (60-65)dэ,
dэ - электрод диаметрі, мм.
Дәнекерлеу зонасының газбен қорғалуының тиімділігі газ шығынымен анықталады. Жанарғы соплоның формасымен және диаметрімен, соплоның бұрыш бетіне дейінгі арақашықтықпен, дәнекерлеген қосылыстың конструкциясымен және көлбеу соққан ауаның ағымымен (жел), қорғауыш канал ішінен жанарғыға орнатылған бірнеше қабат жұқа жезді тордан тығыз тор түріндегі газды линзаны қолданғаннан жанарғы каналдарынан шығатын қорғаушы газдар тұрақтылығы артады.
Балқымайтын электродпен аргон доғалы дәнекерлеу жік металының ең керекті қасиеттерін алуға мүмкіндік береді, себебі легирлеуші элементтердің жануы болмайды.
5. Жұмысты орындау тәртібі:
5.1 Ұстаздан дәнекерлеуге арналған мыс және алюминий үлгілерін алу керек.
5.2 Ұстаздан мыс және алюминийді қолмен доғалық дәнекерлеуге арналған электродтарды, көмір электродты және флюстарды алу керек.
5.3 Аргон ортасында балқымайтын электродпен дәнекерлеуге арналған құрылғыны жұмысқа дайындау керек.
5.4 Дәнекерлеу түзеткішін қосып, мыс үлгілерін дәнекерлеу алдымен жабынды электродтармен орындап, сосын қоспалы сымды және флюсты қолданып көмір электродтармен дәнекерлеу жасап, аяғында аргон ортасында балқымайтын вольфрам электродпен дәнекерлеу жүргізу керек.
5.5 5.4 пунктінде жазылғандай барлық әрекеттерді алюминий үлгілерімен қайталау керек.
5.6 Дәнекерлеу режимдерінің барлық мәліметтерің 4.1 - кестеге енгізіледі.
4.1 - кесте - Түсті металдарды дәнекерлеу режимдері
6. Есеп беру мазмұны:
6.1 Жұмыстың мақсаты мен міндеті
6.2 Мыс және алюминийді дәнекерлеудің технологиясының негізгі жағдайлары
6.3 Жұмысты орындау тәртібі
6.4 Қорытынды
7. Бақылау сұрақтары:
1) Мысты дәнекерлеудің қандай тәсілдерін білесіз?
2) Алюминийді дәнекерлеудің қандай тәсілдері өндірісте және жөндеу жұмыстарында қолданылады?
3) Мысты дәнекерлеудің қиындықтарын атап шығыңыз?
4) Алюминийді дәнекерлеу кезіндегі қиындықтарды атаңыз?
5) Қалыңдықтары бірдей мыс алюминийдің болатпен салыстырғанда дәнекерлеу айырмашылықтары қандай?
6) Мыс және алюминийді дәнекерлеу кезінде қандай қорғаныс орталар қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |