Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанд



бет1/5
Дата24.02.2023
өлшемі393,92 Kb.
#170061
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ТОСП ЛАБ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


Б.Қ. СМАИЛОВА

«балқытып дәнекерлеу технологиясы және жабдықтары» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қарағанды 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
«ТЖМ және С» кафедрасы
Б.Қ. СМАИЛОВА

«балқытып дәнекерлеу технологиясы және жабдықтары»


пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қарағанды 2020
ӘОЖ 621. 791.925(075.8)=512.122


Смаилова Б.К. «Балқытып дәнекерлеу технологиясы және жабдықтары» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2020.-20 б.
Әдістемелік нұсқаулар типтік оқу бағдарламасының талаптарына сай құралған.
Әдістемелік нұсқаулар 5В071200 «Машина жасау» мамандығының студенттеріне арналған.

Пікір жазған: ҚарМТУ-дың Редакциялық –баспа кеңесінің мүшесі,


техника ғылымдарының кандидаты, профессор К.Т. Шеров

Университеттің Редакциялық –баспа кеңесі бекіткен


© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2020


Мазмұны

№1 зертханалық жұмыс. Қолмен доғалы дәнекерлеудің технологиялары мен материалдарын зерттеу..............................................................................4


№2 зертханалық жұмыс. Қорғаныс газдар ортасындағы дәнекерлеу технологиясын және жабдықтарын зерттеу....................................................8
№3 зертханалық жұмыс. Флюс қабаты астындағы дәнекерлеу технологиясын және жабдықтарды зерттеу...................................................12
№4 зертханалық жұмыс. Түсті металдарды дәнекерлеу технологиясын және материалдарын зерттеу...........................................................................15

1 зертханалық жұмыс. Қолмен доғалы дәнекерлеудің технологиялары мен материалдарын зерттеу (3 cағат)


1. Жұмыстың мақсаты: Қолмен доғалы дәнекерлеудің негізгі технологияларын оқу, доғалы дәнекерлеуге арналған электродтар.


2. Жұмыстың тапсырмалары: болат үшін қолмен доғалы дәнекерлеудің негізгі технологиялары, әртүрлі кеңістік жағдайындағы технологиялық әдістердің дәнекерлеу жігіне әсерін зерттеу, қапталған электродтар үшін қолмен доғалы дәнекерлеудің сипатын зерттеу, дәнекерлеу режимдерінің жікке әсер етуін зерттеу.


3. Жабдықтар, аспаптар, материалдар:


1) дәнекерлеу үстелі
2) тұрақты және айнымалы тоқтың доғалы қайнар көзі
3) балласттық реостат
4) электроұстағыш
5) дәнекерлеу маскасы мен щит
6) дәнекерлеу мен балқу үшін болаттық үлгілері
7) әртүрлі маркалы дәнекерлеу электродтары (MP-3, AHO-4,УOHИ 13/45)
8) таразы,гирлік жинақ
9) өлшейтін аспап (сызғыш, штангенциркуль, катетомер);
10) көлбеу электродты дәнекерлеу үшін орнату.

4. Жұмыстың мазмұны:


Қолмен доғалы дәнекерлеудің негізгі қасиеттері әмбебаптық, маневрлік және жай жабдықтылығы. Кемшілігі – төменгі өндіріс. Негізгі металдың қорытпа металға қатысуы – 35% тең.
Қапталған электродтардың қорытпа коэффициенті дәнекерлеу режиміне және электрод құрамына тәуелді болады – 8-12 г/A*с. Қорытпа коэффициенті балқу коэффициентінен жоғалту коэффициент мөлшерінің айырмасына тең. Қолмен доғалы дәнекерлеудің жоғалту коэффиценті 5-20% тең. Және де электродтардың 15-20% ұзындығы қалдық ретінде жоғалады.
Доғалы дәнекерлеу процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және дәнекерлеу жігінің сапасын жоғарлату үшін қапталған электродтардың құрамына келесі компоненттерді енгізеді:

  1. Тұрақтандырғыш;

  2. Шлактүзуші;

  3. Газтүзуші;

  4. Тотықтырушы;

  5. Легерлеуші;

  6. Байланыстырушы.

Сонымен бірге қолмен дәнекерлеудің өндірісін арттыруға пұт электродтарды, жатқызылған немесе көлбеу электродтармен дәнекерлеу, және де үш фазалы доғамен дәнекерлеу қолдану арқылы болады.
Қолмен доғалы дәнекерлеу кезінде доғаны шағу әрекеті электрод ұшын металға соғу немесе сызумен жасалады. Доғаның қалыпты ұзындығы 1д=(0,5~1,1)dэл. Доғаның ұзындығын созу кезінде қорытпа металдың сапасы әлдеқайда төмендейді, металдың шашырауы және күйе мөлшері көтеріледі, металдың балқу тереңдігі төмендейді және жіктің сыртқы көрінісі бұзылады.



1.1 - сурет – Қолмен доғалы дәнекерлеудің қапталған электродтың сұлбасы:


1 –қатқан шлак; 2 –дәнекерлеу ваннасы; 3 – шлактың балқыған бөлігі; 4 - доға;
5 – электродтың қабығы; 6 - металды стержень

1.2 - сурет – Ені үлкен жіктерді қолмен доғалы дәнекерлеу кезіндегі электрод ұшының негізгі жүру траекториялары


Электродпен көлденең тербелістерсіз дәнекерлеу кезінде жіктің ені (0,8~1,5)dэл, ал көлденең тербелістерде (2~4)dэл тең болады.


Металдың балқу тереңдігін үлкейту үшін тоқтың күшін көбейтеді, дәнекерлеу жылдамдығын азайтады, «көтерілу» немесе «бұрышпен кері» дәнекерлеу әдістерін қолданады.
Вертикальді және төбелік жіктерді дәнекерлеу ажырамалы доғамен және төмендетілген тоқтың күшімен жасалады (горизонталь дәнекерлеумен салыстырғанда), электродтың диаметрі 4мм аспау қажет. Вертикальді жікті дәнекерлеу төменнен жоғарыға қарай орындалады, ал қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металдарды целлюлозды қапталған элетродтарды пайдаланғанда – жоғарғы жылдамдықпен жоғарыдан төменге қарай жасалады.
Қолмен доғалы дәнекерлеудің негізгі параметрлеріне мыналар жатады:
- электродтың маркасы мен түрі;
- электродтың диаметрі;
- дәнекерлеу тоғының күші;
- доғаның кернеуі;
- тоқтың полярлығы және түрі;
- өту саны.
Электрод түрін дәнекерлеу металдың құрамына тәуелді етіп алады, ал диаметрді металдың қалыңдығына қарай таңдайды. Тоқ күші электродтың диаметріне тәуелді:

Iсв=(35~50)dэ.


Коэффициенттің кіші шамасын жұқа металдарға, вертикальды немесе төбелік жіктерге алсақ, үлкен шамасын горизонтальды жіктерді дәнекерленгенде және диаметрі 5-6мм электродтар үшін қолданылады. Электродтың диаметрі дәнекерленетін металдың қалыңдығына тәуелді етіп алынса, бұрыштық қосылыстарда жіктің катетіне тәуелді етіп алынады. Тоқтың полярлығы (кері немесе тік) және тегі (айнымалы және тұрақты) металға тәуелді етіп алынады. Легірленген болаттарды кері полярлықты тұрақты тоқпен дәнекерлейміз.


Диаметрлері бірдей балқитын электродтарға қарағанда балқымайтын көмір электродтармен дәнекерлеу кіші тоқтарда жүргізіледі. Оларға арнайы электрұстағыштар және сымнан жасалған қоспалы шыбықтар қолданылады. Дәнекерлеу ваннасын көміртегімен майландырмас үшін тұрақты тоқтың полярлығы кері шамасымен таңдалынады.
Қолмен доғалы дәнекерлеудің қозғалмалы жұмыс істеу орны ауа сорғыш вентиляциямен жабдықталынады, сонымен бірге ол дәнекерлеу кезінде шығатын түтінді және аэрозолдерді тазалау фильтрлері бар.

5. Жұмыстың орындалу тәртібі:


5.1 Мұғалімнен бірнеше дәнекерлеу электродының маркаларын және балқу пластиналарын алу.
5.2 Келесі тақырыпшалармен кесте жасау:
а) электрод маркасы мен диаметрі;
б) стержень электродының салмағы Gэл,г;
в) балқытуға дейінгі пластина салмағы: Gпл;
г) дәнекерлеу тоғының күші Iсв,А;
д) балқу уақыты tн, с;
е) электрод қалдығының салмағы Gd.г;
ж) балқытудан кейінгі пластаның салмағы Gпл.н,г;
з) балқыған электрод стерженнің салмағы Gp,г;
и) балқытылған металдың салмағы Gн,г;
к) балқу коэффициенті αр,г/A*ч;
л) дәнекерлеу коэффициенті αн,г/А*ч;
м) күйе және шашырау коэффициентінің жоғалтуы ψ,%;
5.3 Диаметрі 4 мм МР-3 маркалы электродпен төменгі, горизонтальді, вертикальді үлгілердегі қорытпалар жасау. Алдын ала тоқтың күшін есептеп, балласттық реостатта шамасын қою.
5.4 Әртүрлі маркалы және диаметрлі электродтар үшін стерженнің салмағынын анықтау, қорытпа жасауға дейінгі пластинаның салмағын анықтау, шамаларын кестеге енгізу.
5.5 Пластинаға төменгі әдіспен қорытпалар жасау, жұмыстың басталуы мен аяқталуының уақытын белгілеу.
5.6 Қорытпадан кейін пластинаның және электрод қалдығының салмағын өлшеу, қорытылған металдың салмағын Gн= Gпл- Gпл.н. және балқытылған стерженнің электродының салмағын Gp=Gэл -G о есептеп, кестеге енгізу.
5.7 Балқыту коэффициентін анықтау:

α р= , г/ А*с,


мұндағы Gp- балқыған электрод металдың массасы;


I – тоқ күші, А;
t- доғаның жану уақыты, сағат.
5.8. Қорыту коэффициентін санау

α н= , г/ A*с,


мұндағы GH – қорытпа металдың массасы;


I – тоқ күші, А;
t- доғаның жану уақыты, сағат.
5.9. Жанған және шашылған қалдықтардың коэффициентін есептеу

Ψ= *100%.


Барлық өлшенген мәндерді кестеге жазу


1 - кесте



ICB. A

UД,B

Gp, мм

Gн, мм

α н, г/ А*с

α р, г/ А*с

Ψ




















6. Есеп беру мазмұны:


6.1 Жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары
6.2 Жұмыстың орындалу тәртібі
6.3 Тәжірибе нәтижесінің кестесі
6.4 Қорытынды

7. Бақылау сұрақтары


1. Қолмен доғалы дәнекерлеуді қандай көрсеткіштер арқылы анықтайды?
2. Кеңістіктегі дәнекерлеу жігінің орналасуы дәнекерлеу жігін орындау техникасы мен режиміне қалай әсер етеді?
3. Электродты металдың құруына немесе жоғалуына доға ұзындығы немесе кернеу қалай әсер етеді?
4. Қорытпа коэффициентіне қандай факторлар әсер етеді?
5. Қолмен доғалы дәнекерлеудегі жылудың (кетуіне) жоғалуы неден болады?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет