Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанд


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/5
Дата24.02.2023
өлшемі393,92 Kb.
#170061
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТОСП ЛАБ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Акулов А.И. Технология и оборудование сварки плавлением. –М.: Машиностроение, 1997.


2. Чернышев Г.Г. Технология электрической сварки плавлением. –М.: Академия, 2005.
3. Под ред. Патона Б.Е. Технология электрической сварки металлов и сплавов плавлением. –М.: Машиностроение, 1974.


ОСӨЖ тапсырмалары:



  1. Қалыңдығы 10мм болаттың қолмен доғалы дәнекерлеудің біріктіру режимін өлшеу, екіжақты вертикальді жік жасау.

  2. Вертикальді және горизонтальді жіктегі қолмен доғалы дәнекерлеудің технологиялық қасиеттері.

2 зертханалық жұмыс. Қорғаныс газдар ортасындағы дәнекерлеу технологиясын және жабдықтарын оқу (6 сағат)


1. Жұмыстың мақсаты: автоматтардың және жартылай автоматтардың, дәнекерлеу жанарғылардың конструкцияларымен танысу, сымдарды, газдарды, көмірқышқыл газы мен аргон ортасындағы дәнекерлеу технологиясын зерттеу.


2. Жұмыстың тапсырмалары: қорғаныс газдар ортасындағы дәнекерлеу автоматтардың және жартылай автоматтардың механикалық және электрлік бөліктерінің жұмыс істеу принциптері мен конструкциясын оқу, болатты дәнекерлеуге қажетті режимдерді анықтап, таңдалған көрсеткіштермен дәнекерлеуді орындау.


3. Жабдықтар, құралдар, материалдар:


1) Қорғаныс газдар ортасында дәнекерлеуге арналған АДГ-601 автоматы;
2) Көмірқышқыл газдар ортасында дәнекерлеуге арналған ПДГ-508М және ПДГ-252 жартылай автоматтары;
3) Балқымайтын электродпен дәнекерлеуге арналған УДГУ-251;
4) Көмірқышқыл газы мен аргон бар баллондар;
5) Дәнекерлеуге арналған болат үлгілер;
6) Дәнекерлеуге арналған Св-08 Г2С сымы;
7) Материалдық құралдар (сызғыш, штангенциркуль, катетометр).

4. Жұмыстың мазмұны


Қорғаныс газдар ортасындағы дәнекерлеу балқитын электрод сымды жартылай автоматтар және автоматтармен орындалады, сонымен бірге балқымайтын вольфрам электродпен автоматтар мен қолды жанарғымен орындалады. Қорғаныс газ ретінде жиірек көмірқышқыл газы, аргон және олардың қосындысы, сирек – азот, гелий, аргон мен гелийдің қосындысы, сутегі қолданылады.
Қорғаныс газдар ортасында дәнекерлеудің негізгі параметрлері:
- электрод сымның маркасы мен диаметрі;
- тоқтың полярлығы және тегі;
- тоқ күші;
- доғаның кернеуі;
- электродтың шығуы;
- қорғаныс соплодан өнімге дейінгі арақашықтығы;
- электродты сымның берілу жылдамдығы;
- қорғаныс газдың жұмсалуы;
- дәнекерлеу жігінің өту саны.

а б

2.1 - сурет - МИГ / МАГ (а) және ТИГ (б) дәнекерлеу кезіндегі доғаның жану сұлбасы және металл жігінің қалыптасуы:
1 –балқу электродпен; 2 –газбен қорғалған аудан; 3 – жанарғы;
4 – тоқ өткізгіш ұшы; 5 – доға; 6 – металдың балқыған тамшысы; 7 – дәнекерлеу ваннасы; 8 – дәнекерлеу жігі; 9 – дәнекерленетін металл; 10 – балқымайтын электрод;
11 – балқу сымы

Дәнекерлеу сымдарының құрамында марганец және кремний сияқты тотықтырғыш заттар болу керек, мысалы Св-08 Г2С.


Қорғаныс газдарының ортасындағы механикалық және автоматтандырылған дәнекерлеу бекеттің құрамына келесі міндетті элементтер кіреді:
1) Қорғаныс газы бар баллон;
2) Газ жылытушы (СО2-мен дәнекерлегенде);
3) Газды құрғатушы;
4) Газды редуктор (қысымды реттеуші);
5) Ротаметр (газдың жұмсалу есептеуші);
6) Электромагниттік клапан (газды бөлуші);
7) Қорғаныс газ ортасында дәнекерлеуге арналған газ- электрлі жанарғысы бар автомат және жартылай автомат;
8) Дәнекерлеу доғасының қоректену көзі;
9) Қоректену көзіне кіргізілген басқару шкафы немесе басқару блогі;
10) Дәнекерлеу жанарғысына кернеу жеткізетін электромагнитті түйіскіш.
Жартылай автоматтың негізгі элементтері:
- дәнекерлеу жанарғысы;
- электродты сымның беру механизмі;
- газды аппаратура;
- қоректену көзі;
- электро сымдары және біріктіру кабелі;
- басқару шкафы немесе блогі.
Газ жабдығына баллондар, газ редукторы, жұмсалу есептегіштер, құрғатқыштар, жылытқыштар, газ клапандары жатады.
Көптеген жағдайларда механикаландырылған қорғаныс газдардың ортасында дәнекерлеуге арналған жартылай автоматтардың қолмен доғалық дәнекерлеу түріне қарағанда бірталай артықшылықтары бар: сенімділік, қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы, доғаны бақылау мүмкіндігі, әртүрлі кеңістікте жұмыс істеу мүмкіндігі (2.2 - сурет), жабдық бағасының салыстырмалы түрде аса қымбат еместігі.



2.2 - сурет – Әртүрлі кеңістікте жартылай автоматпен дәнекерлеу кезіндегі жанарғының және сымның орналасуы


Қорғаныс газ ортасында дәнекерлеуге арналған автоматтар немесе тракторлардың жартылай автоматтардан айырмашылығы сым беруші механизмнің және дәнекерлеу басының орын ауысу механизмі бар, дәнекерлеу параметрлерін бақылайтын басқару пультімен жабдықталған.


Қорғаныс газ ортасында дәнекерлеуге арналған жартылай автоматтар комплектіне: сым беруші механизмі, басқару шкафы, дәнекерлеуге арналған жанарғы, сымы бар таспа, сым және газ беретін шлангалар, дәнекерлеу кабельдері және басқару сымдары, дәнекерлеу доғасының қуат алу көздері кіреді.

5. Жұмыстың орындалу тәртібі:


5.1 Дәнекерлеу және қорытпа жасауға арналған үлгілер алу
5.2 1-ші мен 2-ші сабақтарда қорғаныс газ ортасында дәнекерлеуге арналған ПДГ-508М, ПДГ – 252 жартылай автоматтардың және АДГ-602 автоматтың құрылымдарымен танысу.
5.3 Жартылай автомат пен автоматты жұмысқа дайындау.
5.4 Оқытушының бақылауымен жартылай автомат пен автоматты іске қосу, дәнекерлеу режимдерінің параметрлерін орнату: тоқтың күші мен полярлығы, сымның беру жылдамдығы, дәнекерлеу жылдамдығы.
5.5. Орнатылған режимдер бойынша жартылай автоматпен және болат автоматпен үлгілерге қорытпа жасап, шыққан мәндерін 2 - кестеге енгізу.
5.6. Режимдердің параметрлерін үлкен және кіші мәндеріне қойып, көрсеткіштерді 2 - кестеге енгізу.
Жіктердің сапасын сыртқы түрінен және жіктердің геометриялық параметрлерін өлшеу арқылы бақылаймыз. Режимдерге тәуелді етіп, жіктердің ені мен биіктігін өлшеп, 2 - кестеге енгізу.

2 - кесте



ICB. A

UД,B

Vэл, м/ч

VСВ, м/ч

b, мм

h, мм

















Қорытпалардың ені мен биіктік көрсеткіштеріне тәуелді етіп, келесі графиктерді тұрғызу:


b=f (UД); g = f (ICB); FB = f (Vэл); FB = f (VСВ).

6. Есеп беру мазмұны:


6.1 Жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары
6.2 Жұмыстың орындалу тәртібі
6.3 Дәнекерлеу жартылай автоматтар мен автоматтардың сыртқы түрімен танысу
6.4 Көрсеткіштер параметрлерінің кестесі
6.5 Графиктер
6.6 Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет