Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі
Баяндама Тақырыбы:Әлеуметтік жұмыс
Орындаған:ӘЖ-19-1 тобының студенті Төлеуова Үмітжан Тексерген:Абилова.Р.Т
Қарағанды 2019 жыл
Кіріспе бөлім
1)Әлеуметтік жұмыс жайлы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
1)Өзектілігі.
2)Маңызы.
3)Қызмет көрсету орындары.
Қорытынды.
Кіріспе Әлеуметтік жұмыс – бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да
жоғары.
Негізгі бөлім
1)Өзектілігі. Әлеуметтік қызметкерге келесі талаптарды қояды: кәсіби дайын болу;
қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму салаларында жан-жақты адам болуы тиіс;
өз іс-әрекетінің салдарын көре білу, өз мамандығының құндылықтарын өмірге енгізе білу;
қиын балалармен, мүгедектермен және қарттармен қарым-қатынасқа түсе алу үшін коммуникативті қабілеті болуы;
клиенттің жеке басына қатысты мәселелерде кәсіби құпияны сақтай білуі мен кәсіби шеберлікті қолдана білуі тиіс;
кез келген күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі;
қандай жағдайда да мейірімділікпен кәсіби парызын орындауға дайын болуы қажет.
Кәсібилік – тек жалпы мәдени және кәсіби білім мен тәжірибені меңгеру ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда өз іс әрекетін бағалай білу қабілеті арқылы түсіндіреді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби сапасын дамытуда оның моральды бейнесі, басқа адамдармен қарым-қатынастағы жеке тартымдылығы, психологиялық мінез ерекшелігі маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-адамгершілік мәселелері оның барлық іс-әрекетінде орын алуы мүмкін. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәселелерін шешу мен олардың алдын алу мақсатында, оның бойында кәсіби-этикалық негізін қалыптастыру қажет.
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде әлеуметтік қызметкер мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу дағдысына құрылған, құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әртүрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.
2)Маңызы: Әлеуметтік жұмыс – бұл мамандық әлемдік тәжірибеде престижді он мамандықтың қатарына кіреді. Жыл өткен сайын өзіне терең назар аудартады. Оның негізгі мақсаты – өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған адамдарға көмек көрсету.
3)Қызмет көрсету орындары. Осы мамандықтарды игергеннен кейін, сіз біліміңізді төмендегідей іске асыра аласыз:
- мемлекеттік қызметте (ҚР Президенті Әкімдігінде, Министрліктерде, Әкімдіктерде);
- оқытушылық және әкімшілік қызметтер саласында;
- әлеуметтік жобалар сарапшысы мен менеджері және әлеуметтік технолог ретінде;
- ірі бизнес пен ғылымның жаңа салаларындағы зерттеушілер мен маркетологтар ретінде;
- PR - кампанияларда, халықаралық жобалар мен кадрлық қызметтерде;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық қорлардың маманы ретінде;
- халықаралық жобалар мен ұйымдарда;
- халықты қорғау және әлеуметтік саясат Департаментінің эксперті мен кеңесшісі
Қорытынды. Жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс. Жалпы, университетте білім беріп қана қоймай, жастардың рухани байлығын арттыру, ішкі мәдениетін көтеру, сияқты жұмыстарды ұйымдастыру оқу ордасының беделін бұранғыдан да биік белеске көтеретіні талас тудырмайды. Осы орайда, студенттерді тілдік, мәдени және ғылыми қызығушылықтарын біріктіретін қоғамдық пән әлеуметтік жұмыс мамандығы болашақта интеллектуалды, креативті маман даярлауға өз септігін тигізеді деген сенімдемін.