Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда



бет1/3
Дата23.12.2021
өлшемі20,26 Kb.
#127862
  1   2   3
Байланысты:
Кеден саясаты


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті

Баяндама

Тақырыбы:

Орындаған: Аяганова Раушан КІ_111а

Тексерген : Досмырза Достан

Нұр-Султан 2021

Кедендік бақылау – бұл заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, тауарларды, көлік құралдарын, валютаны және валюталық құндылықтарды әкелу, әкету және транзит тәртібін реттейтін ережелерді сақталуына бағытталған Қазақстан Республикасының кеден органдарымен құқылы іс-әрекеттерді жүргізу.

Кедендік бақылаудың негізгі мақсаты — өткізілген кедендік операциялар мен кедендік заңнама бойынша іс-әрекеттерді сәйкестігін кедендік бақылаудың әр түрлі нысандарының көмегімен айқындау; белгіленген кедендік ережелер мен рәсімдерді кедендік қызметке қатысатын заңды және жеке тұлғалармен сақтау.

Кедендік бақылаудың негізгі функциялары:

  • кедендік заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;

  • кеден ісін жүзеге асыру кезінде азаматтар, ұйымдар мен мекемелердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдау;

  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды қамтамасыз ету;

  • кедендік баждарды, салықтарды және басқа да кедендік төлемдерді алу;

  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарды өткізудің рұқсат тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарға қатысты тарифтік және тарифсіз шараларды құрастыруына және оларды жүзеге асыруына қатысу;

  • кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүргізу және жетілдіру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жетілдіретін шарттарды жасау.

Кедендік бақылаудың объектілері болып:

  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары;

  • тауарлар мен көлік құралдары туралы құжаттар мен мәліметтер;

  • тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құзыретілігі бар заңды және жеке тұлғалар (тауар иесі, кедендік брокерлер, декларанттар, кедендік тасымалдаушылар және т.б.) саналады.

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауы Қазақстан Республикасының барлық кедендік аумағында ұйымдастырылады және жүзеге асырылады, ең алдымен, кедендік бақылау аймақтарында, сонымен бірге, еркін қоймаларда және еркін кеден аймақтарында.

Кедендік бақылау тауардың мынадай қозғалу сатыларына қатысты: тауарды өндіру, сақтау, сату, сатып алу, тиеу, түсіру, қораптау, тасымалдау, сақтандыру, қолдану және т.б. Бұл, тауардың шыққан елі, кедендік құны, оның сапасы және саны, СЭҚ ТН сәйкес дұрыс жіктелуі және т.б. туралы мәліметтерді тексеруінде нақты байқалады. Аталған мәліметтердің маңызы Қазақстан Республикасының заңдылығын және халықаралық шарттарын сақтау туралы мәселелерді шешу үшін қажетті.



Кедендік бақылау субъектілеріболып Қазақстан Республикасының кедендік жүйесі, тауарлар мен көлік құралдарды кедендік шекарадан өткізуімен байланысты сыртқыэкономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасайтын, олардың лауазымды тұлғалары.

Кедендік бақылау субъектілерінің әр қайсысы нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін белгілі бір құзіреттіліктері бар.

Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі.

Қазақстан Республикасының кеден кодекстің 438 бабына сәйкес кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын пайдаланады.

Кедендік бақылау нысандарын таңдау кезінде тәуекелдікті бағалау мен басқару пайдаланылады. Кедендік бақылаудың басқа нысандарын қолданбау не олардан босату тұлғалар кеден кодекстің ережелерін сақтау міндеттілігінен босатылады дегенді білдірмеуге тиіс.

Кедендік бақылаудың іріктеп жүргізу нысаны мемлекет қауіпсіздігін және қоғамдық қызығушылықтарды қорғау жөніндегі шараларға шығын келтірмеуі тиіс. Ал басқа жағынан, жеткілікті принципі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы тиіс. Сондықтан, Қазақстан Республикасының кеден кодексіндежеке тексеру «Кедендік бақылаудың ерекше нысаны» ретінде айқындалған.

Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 441 бабына сәйкес кедендік бақылау нысандарына мыналар жатады:


  1. кеден декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

  2. ауызша пікір сұрау;

  3. түсіндірмелер алу;

  4. кедендік қадағалау;

  5. тауарлар мен көлік құралдарын тексеру;

  6. тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау;

  7. жеке тексеру;

  8. тауарларды арнаулы таңбалар мен таңбалау, бірдейлендіру белгілерін соғу;

  9. тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру;

  10. тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу;

  11. үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.

Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру.

Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді.

Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы.

Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі.

Ауызша пікір сұрау.

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік ресімдеуді жүргізу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендік рәсімдер кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пікір сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пікір сұрау нәтижелері жазбаша нысанда ресімделмейді.



Түсіндірмелер алу – кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы.

Түсіндірме жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.



Кедендік қадағалау – кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру.

Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылады.

Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру — егер мұндай тексеру көлік құралы мен оның жүк тиелетін бөліктерін ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендік бақылау мақсаттары үшін тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлік құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендік пломбалардың, мөрлердің және өзге де тауарларды бірдейлендіру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет