Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата02.10.2022
өлшемі1,13 Mb.
#151388
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
4 книга проверенная

Әдебиеттер тізімі: 
1. 
В.Я.Пропп. Русский героический эпос. М., 1978.


52 
2. 
Грязнов П.П. Древнейшие памятники героического эпоса народов Южной 
Сибири. Е.Жубанов «Поэтические особенности эпического языка» Алма-Ата, 
1978.
3. 
А.Маргулана, С.Садырбаева «Вопросы циклизации казахского эпоса», Алма-
Ата, 1975.
4. 
А.Маргулана«О носителях древней поэтической культуры казахского 
народа», Алма-Ата, 1985.
5. 
Е.Турсынов «Типы носителей казахского фольклора», Алма-Ата, 1984. 
«
Истории казахской литературы» (тт. 1-2), энциклопедия, «Мектеп» в 1982 г.
6. 
Турекулов Н. Современный казахский фольклор: Жанрово-структурный 
анализ. Под общ. ред. М.К.Каратаева. Алма-Ата, 1982. «Казахский эпос» Алма-
Ата, 1982. 
7. 
Ерзакович Б.Г. Музыкальное наследие казахского народа. Алма-Ата, 1979. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


53 
Қазақ халқының мәдени мұрасы: әндер, ертегілер 
және мақал-мәтелдер 
 
 
 
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің
«Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының 
 
аға оқытушысы
Г.С. Байпелова 
 
Қазақ халқының мәдени мұрасы ғасырдан ғасырға жеткен дәстүрді сақтау 
мен одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралармен, тарих пен 
мәдениеттің жаңа беттерін ашумен сипатталады. «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасы туралы Қаулыға 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті қол 
қойғаннан бері қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі басты тақырыптардың 
бірі – осы мәдени мұраға қайта оралу, оны бұқараға жеткізу мен әлемге таныту 
болып саналады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы білім беру мен 
рухани саласын дамыту, ел ішіндегі мәдени мұраның сақталуы мен тиімді 
пайдалануын қамтамасыз ету – бағдарламаның басты міндеті. 
«
Мәдени мұра» бағдарламасын осынау өмірге әкеліп жан берген – 
мемлекет. Елбасының тәуелсіздік алған уақыттан бергі көкейінде жүрген 
жаңашыл идеяларының қатарында «Мәдени мұраның» нақты орын алуы, 
Тәуелсіз еліміздің бірлігі мен тұтастығын, саяси жүйенің тұрақтылығын, 
идеологияның жұтамауын, рухани мұраттарға сенімнің нығаюынан туған деуге 
болады. Жаһандану дәуірінің ұлы жолында жақсысын бойға сіңіріп, жаманынан 
аулақ болуды Елбасы өзінің «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты 
жазған еңбегінде атап өткен болатын. 
Қазақ халқының тарихы мен әдебиетінің мәдени мұраларын жинастыру 
ісі бұрынғы ғасырлардағы зерттеу – деректерді айтпағанда, XIX-шы ғасырдан 
бастап Ресей ғалымдары мен шетел зерттеушілер тарапынан үнемі жүргізіліп 
келді. Қазақ ғалымдары Шоқан Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қаныш 
Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин т.б. қазақ ауыз әдебиеті 
үлгілерінің бай мұрасы саналатын ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтарды, әндерді 
халық арасынан тірнектеп жинап, ел игілігіне жаратуға көп үлестерін қосты – 
десек біз артық айтпаймыз. 
Дүние жүзі елдерімен иық тіресе дамып, қанатын кеңге сермеген еңселі 
еліміз әлемге тек қана экономикалық-саяси салада жеткен жетістіктерімен ғана 
емес, сондай-ақ мәдени-рухани құндылықтары арқылы танылуда деп 
мақтанышпен жар салуға болады. 
Қазақ халқының ұлттық өнерін ұрпақ бойына сіңіріп, жастарымыздың 
білікті азамат болып қалыптасуына «Мәдени мұра» бағдарламасының берер 
пайдасы мол деп білеміз.


54 
Еліміз мақтаныш етер мәдени – асыл мұра, рухани жәдігерліктерінің 
ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен көл-көсір ән қазынасы ерекше 
орын алады.
Қазақ әні – қазақ халқының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, 
халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұрмыс-
тіршілік, салт-дәстүрге орайласа туған ғұрыптық ән, қара өлеңдерден тартып, 
адам баласының аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші 
мен жарқын үміт, қуаныш-шаттығын, сан-алуан сезім-күй, жан әлемін 
өрнектеп, формалық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түрленіп биік кәсіби 
өреге жеткен дәстүрлі ән өнері ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын өзегі, 
ертеден бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп 
тұрған сарқылмас қайнары іспетті.
Қазақ елінің әлемдік мәдениетке қосар үлесі де, күйімен, жырымен бірге 
осынау дәстүрлі ән мұрасы екендігінде күмән жоқ. Бүгінгі жаңа әндердің 
бастауы бұрынғы қайнар көзінен нәр алатынын ұмытпайтын ұрпақпыз. Ежелгі 
ұранындай «Елім-айдың» жалғасын бүгінге жеткізген арқалы да арынды өнер 
дарындыларын қазақ халқы көп туғызған. «Әр заманның өз әні бар» дейтін 
халқымыздың қашанда өмірлік тірлігін көңіл көтеретін қуаты мол ән-әуен 
әлдиімен байытып отырған емес пе. Елі мен жерін жан жадыратар өз 
туындыларымен өрнектеп өткен Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, 
Естай, Балуан Шолақ, Мәди, Ыбырай сияқты сал-серілердің есімдері ел есінде 
сұлу да сезімге толы, аққу қанаты әсем әндерімен ұзақ сақталып келеді. Біржан 
Қожағұлұлының «Теміртасын», Жаяу Мұсаның «Көгаршынын», Ақанның 
«Сырымбетін», Мұхиттың «Айнамкөзін», Естайдың «Қорланын», Балуан 
Шолақтың «Ғалиясын», Мәдидің «Қарқаралысын», Ыбырайдың «Гәккуін» әлі 
күнге жүрегің нұрланып, көңілің көкке өрлеп, құлақтың құрышын қандыра 
тыңдайсың. Қазақ әндері қазынасының ұлы көші жыл өткен сайын түрленіп, 
қырланып бастаудан танар емес. Талай-талай уақыттың сүзгісінен өтті, 
жоқшылықты да, тоқшылықты да бастан кешірді, бірақ көмескіленіп қалған 
жоқ. Әуелетіп айтқан сайын жарқырай түсер алтын қорыңыз осылар. Демек, 
шынайы шығармашылық жүректен туған нәрсе әсте ұмыт қалмайды, халықпен 
бірге тыныстап, бірге ғұмыр кешіп, қанат қағып, самғай береді екен.
Ұлы данышпан Абай Құнанбаев айтқандай: «Ұйықтап жатқан жүректі ән 
оятар, үннің тәтті оралған мәні оятар» және де осы ретте Майраның «Майра», 
Ғазиздің «Ғазиз», Мәрия Жагорқызының «Дудар-ай», Әсет Найманбайұлының 
«Інжу-Маржан», Жамбыл Жабаевтың «Угай-ай», Шашубай Қошқарбаевтың
«Ақ қайың», Кенен Әзірбаевтың «Бозторғай» деген секілді және басқа талант 
иелерінің, тәмам жұрт алқалаған алтын айдарлы тәтті де тәлімді туындыларын 
алға тартуға болады. «Ән төгілген жерде, адам тірлігі жеңілдейді» дегенді 
халық бекер айтқан ба. Сондай-ақ, «Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы» 
дегенді де еске салып отыратын сол кемеңгер халық. 
Әлі күнге дейін ел есінен шықпай, қажетіне жарап келе жатқан сал-сері 
сазгерлердің туындылары таңдай қақтырады. Сөзі мен әуені сайма-сай қазақ 
даласының арқалы жандарына мың тағзым! Мәселен, Біржан сал
Қожағұлұлының ән-мұрасы әлі күнге дейін сахнаның сәні, өмірдің мәні 


55 
есебінде шырқалудан тынбайды-ау, «Адасқақ», «Айбозым», «Ақтентек», 
«Алқаракөк», «Бурылтай», «Жамбас сипар», «Жанбота», «Жонып алды», сынды
өзекжарды өнер туындылары халықты сусындатып келеді. 
Атақты ғалым Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай 
болып көрінеді» дегеніндей, немесе А.Алекторовтың «Қарапайым әнге – 
қарапайым музыкаға қаншама поэзия сыйып жатыр» деп тамсанатындай 
құбылыс көрінісін бір Біржанның бойынан табуға болады.
Қазіргі бар өнердің де бастау – көзі аталған арғыдан келе жатқан ұлы 
көштің санатындағы Ақан сері Қорамсаұлының жөні және бөлек. Ұлы ғалым, 
академик, қазақ музыка тану ғылымының қайраткері Ахмет Жұбанов 
айтқандай: «Халық әндерінің тартымды келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, 
олардың о баста өнер қуу мақсатында шықпай, табиғилық жағының басым 
болуында» екендігі де рас. Көзін ашып, кең дүниеге назар сала бастағаннан 
көмекейі бүлкілдеп, екі иығы селкілдеп серілік құрған Ақан серінің шынайы 
өмірден туған әндері әркімге де әдемі үлгі, сазгерлік сабақ. Керімсал өнерпаз 
небір жұлдызды әндер шығарды және оны өзі құйқылжытып орындады. 
«Ақтоты», «Ақтотының аужары», «Ақкөйлек», «Алтыбасар», «Әудемжер», 
«Балқадиша» тәрізді үкілі саз әуендер аспанға қалықтап, қаумалаған жұрттың 
жүрегін жылытты, сүйекті ерітті. Әндерінің басым көпшілігі қыран құс, жүйрік 
ат, сол тұстағы қазақтың тұрмыс-салтынан қанға сіңген өнер өрнектері бұл. 
«Көкжендет», «Қараторғай», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Екі жирен», «Үш тоты 
құс» сияқты жан толқынысына шомылдырып, сұлу сәйгүлікпен, қаншеңгел 
алғыр құспен, жалпы ер-азаматқа серік, қолғанат болғандармен алдарқатып, 
сыр ақтару, сезім күйлерін тамшылату нағыз талантқа ғана тән-үрдіс. Сағыныш 
отын тұтатып, жүрек қылын шертетін «Мақпал», «Маңмаңгер», «Нәзікгүл», 
«Жамал қыз», «Шырмауық», «Сырымбет» сынды сырлы туындылары халық 
игілігі, алтын көмбе. 
Ән – халқымыздың ғасырлар бойы там-тұмдап жинаған рухани
қазынасының төл басы, құтты тұяғы. «Қазақ әні қияли ғайыптан пайда болған 
дүниенің белінен аттап өтіп, керісінше, қоғамдағы жеке адамның меншік 
ғұмырын, сезімі мен мақсат-мұратын сыр етіп шертеді. Әнді тыңдаушылар 
таңғажайып уақиғалардан гөрі, айналасын қоршаған болмыстың білімі мен 
көңіл тұщынарлық, ләззат аларлық қасиетіне құлшынады», - деп жазды қазақ 
фольклорының белді білгірі В.В. Радлов.
Жастарымыздың ой-өрісі мен ақылын биік қиялдарға жетелейтін жанр 
ертегілер деп білеміз.
«Қазақ фольклорының тарихы» атты еңбектің авторы, филолог, ғалым 
Әуелбек Қоңыратбаев «Ертегіге бай елдердің бірі – қазақ халқы» - деп жазған 
болатын. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ға- 
сырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В. Радлов, 
Г. Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов,
Ә. Диваев сияқты белгілі де белді ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ 
фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», «Айқап», «Туркестанские 
ведомости», «Тургайская газета» т.б. мерзімді баспасөзде жарияланып келді. 


56 
Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни 
фольклорлық көркем проза. Ертегілердің мақсаты мен мазмұны – тыңдаушыға 
ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі 
кең. Ол әрі тәрбиелік, әрі көркем эстетикалық әдеби қазына, ертегінің бүкіл 
жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның 
басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. 
Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған 
деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, 
сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып 
отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары 
мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді. Өйткені, бұл жанрда 
ғажайып көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы 
нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, 
ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. 
Ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады. Ертегі 
адамның рухани азығы болуымен қатар идеологиялық та қызмет атқарған. 
Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше 
жанрға бөлінеді: 
1) 
Жануарлар туралы ертегілер; 
2) 
Қиял-ғажайып ертегілері, батырлық ертегілер; 
3) 
Хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер. 
Ертегі жанрының пайда болып , қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-
төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, 
әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы 
жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз 
бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған.
Ертегілерде реалдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар 
суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері – « Ер Төстік», 
«Еділ - Жайық», «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Күн астындағы 
Күнікей қыз», «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай», т.б.
Келесі біздің сөз еткелі отырған тақырыбымыз – мақал-мәтелдер. Мақал-
мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы
қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. 
Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, 
өзара қарым – қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың 
бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде 
айтар болсақ, А. Байтұрсынұлы «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына 
сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел 
дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын 
болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел 
ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады», - деп көрсеткен болатын. 
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон–Енисей жазба 
ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба 
жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), 
«Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді 


57 
кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөздігінен: 
«Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп 
сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» дейтін мақал-мәтелдерді 
байқауға болады.
Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды 
нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII 
ғасырдың II жартысынан басталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан 
Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» еңбегіндегі 
біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
Мақал-мәтелдерде бала тәрбиесіне де үлкен мән беріледі. «Қызды асырай 
алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді» деген мақал-мәтелдердің 
мәнісі – жас ұрпақты жақсылыққа баулу болмақ. Жастарға өнер білім, тіл 
үйретуде мақал-мәтелдің мәні аса зор. Білім, өнер еңбектің бір түрі болса, аз 
сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін байытқан өскелең ұрпақ қана өмірден 
өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден өнеге алмақ. 
Халқымыз:
«Есік алдында төбең болса, ерттеп мінген аттай болар,
Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хаттай болар», демекші 
«атадан - бүгінгі балаға» - даналық сөзі болып жеткен мақал-мәтелдердің орны 
қазақ әдебиеті тарихында әрине биік деп білеміз. 
Белгілі қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезов: «Мәдени мұра» 
бағдарламасын аяқтадық деп айтудың өзі мен үшін ауыр сөз. Өйткені, біз осы
жылдарда оған үйреніп, әлі де онымен бірге жасай беретіндей болып табысып 
қалған едік. Мұның өзі біздің қоғамдық санамызды жаңа, сапалы деңгейге 
көтергенін айту парыз. Осыны біз аяқталу демей, бірінші кезең деп атап, енді 
екінші кезеңге аяқ бастық деп жарияласақ жақсы болар еді. Бірінші кезеңді біз 
мәдени мұраларымызбен іргелі түрде танысу, ал екінші кезеңді оны халық 
игілігі үшін пайдалану деп атағанымыз жөн болар еді», - деп санайды. 
Қазақстанның қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи дамуында қоғамның 
мәдени саласының маңызы ерекше күшейіп, салмағы арта түспек. «Өткенсіз 
болашақ жоқ» немесе «тарихтан тағылым» деген қағидалаларға сүйенсек, қоғам 
өміріндегі барлық құбылыстардың себеп-салдарын өткен тарихтан іздеуіміз 
қажет. Осы тұрғыдан алғанда, «Мәдени мұрамыздың», өткен тарихын жан-
жақты сараламай, рухани өміріміздегі оң өзгерістер мен шешуін таппаған 
мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді. 
«Мәдени мұраны» сақтау мұнымен шектеліп қалу деген сөз емес. Мұра 
кейінгі мәдениеттің дәстүріне айналып, ары қарай толысып, жеткізгенде ғана 
бағалы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет