Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Дәрісті бекіту сҧрақтары: 
1. Отарлық езгіге қарсы туған ҽдеби бағытты неліктен Махамбет 
поэзиясынан бастаймыз? 
2. Махамбет ҿзіне дейінгі ҽдеби дҽстүрдің қандай үлгі-
ҿрнектерінен нҽр алды? 
3. Махамбет ҿлеңдерін ақын ғұмырбаянымен байланыста неше 
кезеңге бҿлеміз? 
4. Махамбет поэзиясы қандай ҿлең ұйқастарына құралған? 
5. Махамбет ҿлеңдеріне нендей кҿркемдік ерекшеліктер тҽн? 
6. Ақын поэзиясын ҽдеби-кҿркемдік тұрғыда зерттеген ғалымдар 
кімдер? 
7. Махамбеттің қай ҿлеңін жатқа білесің? 
Әдебиеттер: 
Н.ҽ:110,17,18,19,28,29,30.
Қ.ҽ:20,23,40,41,42,45,46,47,48,49,52,53,63,64,66,68.
 
 
ДӘРІС 6. ШЕРНИЯЗ ЖАРЫЛҒАСҦЛЫ
 
Дәрістің мақсаты: 
Шернияз Жарылғасұлының ҿмірі мен 
шығармашылығын оқыту 
 
Дәрістің жоспары:
1.
Ш.Жарылғасұлының шығармашылық ҿмір жолы. 
2.
«Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» ҿлеңі, оның 
нұсқалары, басты образдары, оларды сомдаудағы ақын 
қолданған ҽдеби-кҿркемдеу құралдар мен туындының тіл 
айшығы. 
3.
Ақын шығармаларындағы дҽстүр мен жаңашылдық. 
4.
Шернияз ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, 
оқытылу тарихы.
 
 
XIX ғасырдағы отарлық езгіге қарсы туған қазақ даласындағы 
ең соңғы зор да азапты айқастың Исатай қазасымен мертті 


- 140 - 
аяқталуы, ұлттың азаттық жолындағы күресінің трагедиясы болса, 
Шернияз жырлары – жеке адамның, ақындық ҿнер иесінің 
кҿтерілістен соңғы сергелдеңді жан-дүние арпалысының драмасы. 
Осы себептен де, халық Шернияз ақынды – «Исатайдың 
Шерниязы» деп атаған. 
Кҿтерілістен соңғы халықтың күйінішті, күйзелісті кҿңіл-
күйінің айнасы болған Шернияз ақынның ҿлеңдерін 1925 жылы 
Ташкентте «Терме» деген атпен шығып тұрған жинақтың бірінші 
кітабына «поэзия Құлагері» Ілияс Жансүгіров енгізіп, ақын 
жинағын «Шернияз кім?», «Баймағамбет кім?», «Исатай кім?» атты 
тарихи деректі мақалалармен бастауы тегін емес. Сондықтан біз де 
осы жолмен Шернияздың ақындық мұрасын Шернияздың кім 
екенін айтудан бастауды жҿн кҿрдік.
Шернияз қазіргі Ақтҿбе облысы, Қызылқоға ауданы, Сҿрелі 
кҿлінің (Миялыдан 14 шақырым жер) жанындағы Жыраққұдық 
деген жерде 1807 жылы дүниеге келген. Кіші жүздің Кете руының 
Байқошқар, оның ішінде Айдардан тарайды. Ақыннның ҽкесі 
Жарылғас – «шағын дҽулетті» (Х.Сүйіншҽлиев) ғана адам емес, би 
болған, молда болған, ауқатты шаңырақ иесі. Шернияз – арабша 
оқыған, хат таныған, сауатты ақын. Ҿлеңдерін ел ішіндегі дҽстүр 
бойынша кҿбіне табан аузында суырып салып айтқандықтан, олар 
бізге ауызша таралып, айтушылар мен жинаушылар еңбектері 
арқылы жетті. Ҽкесі Жарылғас би, молда болса, ҿзі де молда, 
жұртқа шариғат жолын үйреткен тҽрбиеші болған. Ҿзінің осындай 
ҽулеттен шыққанына ақынның мына ҿлеңі айғақ: 
Руымды сұрасаң, 
Жеті рудың ағасы, 
Ақкетенің баласы. 
Жаз жайлауым сұрасаң, 
Тай сойған, Бүйрек арасы. 
Қыс қыстауым сұрасаң, 
Жем, Сағыздың саласы. 
Ҿзімнің атым – Шернияз, 
Жарылғас бидің баласы. 
Бұл қысқа ҿлеңді Қазақ ССР ҒА Тіл жҽне ҽдебиет институты 
ұйымдастырған 1957 жылғы Батыс Қазақстан экспедициясы 
кезінде Балтабай Адамбаев жазып алып, институттың қолжазба 


- 141 - 
қорына ҿткізген (142-бума, 7-дҽптер, 11-12 бб). Сҿз ҿнеріне 
құмартып ҿскен ақынның: 
Қызыл тіл сҿз сҿйлесем безерілген, 
Заманым жылдан-жылға шегерілген. 
Ҽр жерде алқа кҿрсем тұра алмаймын, 
Осындай қызыл тілге шеберімнен. 
Ҿзім де сҿз айтуға шебер-ақпын, 
Сҿйлеуге ернім епті емерілген – 
деп кейіннен ҿзі айтқандай, жасынан елге ақынның кішкене ділмҽр 
шері атағы кең жайылған. Ҽдебиет тарихында Шернияз есімін 
ҿшпестей етіп қалдырған оның атақты «Баймағамбет сұлтанға 
айтқаны» ҿлеңі бір тҿбе болса, ақынның ҿзге «Исатай мен Науша 
батыр туралы» оқиғалы жыры, толғау, термелеріндегі сыншылдық, 
турашылдыққа, сҿзқағыс түріндегі импровизаторлық айтыстары 
мен арнауларындағы кекесіндеуге (иронияға, сарказмге) құрылған 
туындылары бір тҿбе. Осы себепті, яғни, ақынның «Баймағамбет 
сұлтанға айтқаны» ҿлеңінен ҿзге шығармаларынан мысалдар ала 
отырып, қысқа шолу жасаймыз. Сҿйтіп, Шернияздың ҿнер ҿрісіне 
шығу жолы оның Маңғыстау түбегіндегі Бозашы мекенінде 1777 
жылы дүниеге келіп, Батыс ҿңір, қарақалпақ, түрікмен жерлерін 
аралап, ел ішінде терме, толғау, айтыстарымен аты шыққан Абыл 
ақынмен 
кездесуінен 
басталады. 
Ол 
оқиғада 
Шернияз
жолаушылап жүріп, Адай Абыл ақынның ауылына келеді. Келсе 
Абылдың 
жылқысы 
опаға 
түсіп, 
терісін 
сойып 
алып 
жатқандарының үстінде жҿн сұраған Шерниязға ашулы Абыл 
«Танысаң – Адаймын, танымасаң – құдаймын» деп қатулы жауап 
берген екен. Сонда Шернияз:
Ауылыңның қонған жері сыдырым тал, 
Малыңды жайшылықта ар жаққа сал. 
Отырып от басында нҽнсінгенше, 
Жылқыңды құдай болсаң, тірілтіп ал – 
депті. Қ.Жұмалиев: «Институт мұрағатында Нұржігітұлының 
«Шернияз тарихы» жҽне Жҽмет жыраудың «Ақкете Шернияз 
ҿлеңі» атты қолжазбалары, тағы бірнеше ұсақ ҿлеңдері бар. 
Ҽсіресе құнды дерек деп, Нұржігітұлының қолжазбасын атауға 


- 142 - 
болады. Мұнда Шернияздың ҿмірімен байланысты оның ҽр 
жағдайда айтқан ұтымды қысқа-қысқа бір ауыз, екі ауыз 
ҿлеңдерімен қатар, бұрынғы жинақтарда болмаған «Шернияздың 
Қазы би мен Ҽлен тҿреге айтқан сҿзі», «Ҿмір туралы айтқаны» 
дейтін бірнеше жаңа ҿлеңдері бар. Бұл ҿлеңдері – Шернияздың 
кҿзқарасын айқындау үшін бағалы деректер», – деп айтқанындай, 
ақынның 
шығармашылық 
ҿмірбаянына 
қатысты 
бұл 
материалдардың кҿпшілігі қазіргі күнде ҚР ҒА М.О.Ҽуезов 
атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының қолжазба қорындағы 
М.Кҽрібаев жинаған 879/3 шифрлы бумада сақталған. Шернияздың 
осындай ҿткір тілді импровизатар ақын болып қалыптасқанын – 
оның «Иапырмай манағы молда сен бе едің?», «Біз сізді іздеп 
келдік, Баянас деп», «Байсақал биге айтқаны» сияқты арнау, 
сықақты сҿзқағыстары айғақтайды. Сҿйтіп кесір мінез, кеселді 
қылықтарға қаны қас ақын 1836 жылдары Ішкі Ордадағы Исатай 
мен Махамбеттің ҽділетсіз билікке қарсы кҿтерілген дабылын 
естіп, Бҿкей Ордасына ҿтеді. Бұл жайлы Қ.Жұмалиев Жҽмет 
жыраудан Нұртуған ақын арқылы жеткен: «Ақкете Шернияз 
Исатайдың дабылына құмартып, сонымен таныс болуға ҽдейі іздеп 
барыпты»- деген дерегін келтіреді. Ұлт азаттық күресінің басынан 
аяғына дейін Исатайдың жауынгер серігі, кҿтеріліс кезіндегі 
Махамбет, Сегіз серілермен бірге оның жалынды ұраншы, үгітшісі 
болған Шернияз, Исатай қазасынан соң, Махамбетпен бірге
қайтадан қол жасақтау мақсатымен Хиуаға барады. Ол жақта істері 
сҽтсіздікке ұшырап, еліне оралған ақын Ҽлімұлы, Байұлы, Жетіру 
елдерінде бой тасалап жүрген. Алайда Кіші жүздің сұлтан 
правителі Баймағамбет қуғынынан құтыла алмасын сезген 
Шернияз Мҽшһүр-Жүсіп, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншҽлиевтердің 
жазуы бойынша Баймағамбетке ҿзі келсе, С.Мұқанов Шашубай 
Қошқарбайұлы мҽліметіне, Қ.Мұхамедханов І.Жансүгіров жазып 
алған Омарбек ақынның дерегіне сүйеніп, оны сұлтан айдатып 
алған деп жазады. Таң атар алагеуімде дүзге шыққан сұлтан 
алдына киімінен айырылып, жалаңаш келтірілген ақын басындағы 
жалғыз тымағын біресе басына, біресе күздің суық ызғары ҿткен 
аяғының астына салып тұрып: 
Ассалаумағалейкум, алдияр хан, 
Ҿлім десе, қорқады шыбындай жан, 


- 143 - 
Ҿлімнен қашып келіп қорғалаған, 
Қуып жүр құйқылжыған құрғыр заман. 
Күміс сапты найзамын қияғыңа, 
Құдайдың түні суық, кҽрі қатты. 
Жалаңаяқ, жалаңбас келіп тұрмын, 
Кҿзіңнің қырын салшы сияғыма! – 
деп басталатын ҽйгілі ҿлеңін осы жерде айтады. Енді жоғарыда 
айтылған І.Жансүгіров бастырған «Терме» жинағындағыдай 
ақынды, яки халық қастерлеген сҿз ҿнері иесін қорлаған 
Баймағамбет кім, соған келейік. Бұл орайда С.Мұқанов былай 
дейді: «Бұл, кҽдімгі, – Ҽбілқайыр ханның немересі, Айшуақ 
ханның баласы, 1830-жылдан бастап ҿзі ҿлгенше Батыс 
Қазақстанға сұлтан правитель болып ҿткен Баймағамбет. Исатай-
Махамбет бастаған кҿтеріліс пен Кенесары-Наурызбай бастаған 
кҿтерілісті, Бекет-Есет бастаған кҿтерілісті де мылтықтың күшімен 
басуда, патша үкіметіне қызметі жаққан Баймағамбет. Осындай 
«еңбегі» үшін, Россияда, қанішер қаталдығымен аты шыққан 
Россия патшасы I Николай, 1847 жылы Баймағамбетті Петербургке 
қонаққа шақырып, кҿп сыймен қайтарды. Патшадан сый кҿріп, 
дҽреже алып қайтқан Баймағамбет, жолшыбай патша үкіметінің 
адамдарынан құрмет кҿріп, Оренбургтағы генерал-губернаторда 
қонақта боп, Елек ҿзенінің бойында отырған ауылына қайтады. 
Сол кезде ҿзен тасып жатады. Кҿңілі ҿсіп, желіккен Баймағамбет 
тасқын судан қайықпен ҿтем дегенде, нақ ауылының түбінде, 
қайық аударылып он бір кісі серіктерімен суға кетіп ҿледі».
Бақ пен байлыққа бҿккен Баймағамбет ҿз даңқын асыруды 
ойлап, Шерниязды үкімет жазасынан құтқарған қайырымды 
билеуші болып кҿрінуге барынша тырысқан. Сҿйтіп, Шерниязға 
пана беріп, қасына алған. Патшаға жағынып Махамбет сынды ел 
арыстарының артына шам алып түскен сұлтан правитель бірнеше 
рет батырды қолға түсірмек болып ел ішіне нҿкерлерін жібереді. 
Шернияз соларға еріп жүріп, Махамбетке түрлі жолмен белгі, 
хабар беріп, тұтқынға түсуден аман алып қалып отырған. Шернияз 
бен Махамбеттің майдан даласындағы жауынгер достығымен 
бірге, кҿтеріліс басылғаннан соңғы ақындардың ҿзара ҽдеби 
байланыстарының да болғандығын айғақтайтын материал бар. Ол 
Махамбет шығармаларының 1925 жылы Х.Досмұхамедұлы, 1939 


- 144 - 
жылы Қ.Жұмалиев жҽне 1974 жылы Б.Аманшин құрастырып, 
бастырған жинақтарға енген «Махамбеттің Шерниязға айтқан 
жұмбағы» 
атты 
жұмбақ 
айтыс 
мҽніндегі 
Шернияздың 
Махамбетпен соңғы кездесуінде батырдың Шернияз үйінен 
аттанарда оған Шернияздың айтқан: 
Кҿлдеуде кҿкала үйрек кҿзге ілікті, 
Молдалар шариғаттан сҿз біліпті, 
Жолдасы Ер Исатай, Ер Махамбет, 
Сҿз бар ма бізге айтқан ескілікті? – 
сұрауына орай, Махамбеттің Шернияздың ақындық алғырлығын 
сынап берген жұмбақ ҿлеңі бар. Ол жұмбақ ҿлеңінде Махамбет: 
Арғымақ алты айшылық жер сойқаған, 
Ҿтерін бұл жалғанның кім байқаған?! 
Тас түлек темірді үзіп тепсінгенде, 
Ұшқанда бидайық құс кҿл шайқаған. 
Күн тұман, ай қараңғы, жортар құлжа 
Шернияз, ақын болсаң мұны болжа. 
Ертеңнен күннің кҿзін мұнар шалған, 
Қос бүркіт бір тұйғынды олжа қылған. 
Он бүркіт, отыз аққу кҿлде жатқан, 
Лашын қанат қақпай дамылдатқан. 
Телегей теңіз тасып шайқалғанда, 
Жемсау құс тұғырында дҽмін татқан? 
Болғанда тапа тал түс күні басқан 
Болғанда үш ай тоқсан кҿктеп жатқан 
Болғанда үш ай шілде мұзы қатқан. 
Отыз қаз, он екі үйрек шыр айналып, 
Бір кезде кҿгі шығып, шешек атқан. 
Баласы Жарылғастың, ер Шернияз, 
Ақылмен осы сҿзді ойлап тапсаң? –
дейді. Бұл жұмбақ ҿлеңнің шешуі Жҽңгір ханның балаларының бірі 
(тҽрізі Сақыпкерей болар) кісі қолынан ҿлтірілген. Махамбет осы 
оқиғаны ҿзі мен жолдастарының Исатай қазасы үшін кек қайтару 
жолында істеген істерін жұмбақтаған деген болжам бар. Тағы бір 
деректе адай руынан шыққан Абыл ақын жұмбақ шешуін 


- 145 - 
жырлаған екен делінеді. Бірақ қалай шешкені айтылмаған. Ал, 
Махамбет ҿмірі мен шығармашылығын зерттеуші, «Исатай» атты 
драманың авторы Берік Қорқытовтың «Атырау» басылымының
1990 жылғы 11 қазандағы санында жарияланған «Махамбет пен 
Тұрлан» 
атты 
шежірелі 
тарихи 
мақаласында 
Махамбет 
жұмбағының шешуін Шернияздың ҽкесі Жарылғас би былай 
шешкен екен деп жазған: «Арғымақ алты айшылық жер сойқаған» 
дегені – «Жҽңгір ханмен жауласқанда атағымыз алты айшылық 
жерге жеткен еді» дегені. «Ұшқанда бидайық құс кҿл шайқаған» 
дегені – «Исатай тірі жүргенде Жҽңгір ханның дүниесін шайқап 
едік» дегені. «Ертеңнен күннің кҿзін мұнар шалған» дегені – 
«Исатайдан айрылып, жалғыз қалып, кҿкірегімді қайғы-шер басты» 
дегені. «Қос бүркіт бір тұйғынды олжа қылған» дегені – «Арғы 
бетте Жҽңгір, бергі бетте Баймағамбет екеулеп, қаңғып жүргенім 
сол» дегені. «Он бүркіт, отыз аққу кҿлде жатқан» дегені – 
«Жҽңгірдің он биі, отыз старшыны» дегені. «Лашын қанат қақпай 
дамылдатқан» дегені – «Ханның сыртынан бағып тұрған патша 
ҿкіметінің ұлығы» дегені. «Телегей теңіз тасып шайқалғанда» 
дегені – «Орынбордан ҽскер келіп соғысқанда бүкіл ел шайқалды» 
дегені. «Жемсау құс тұғырында дҽмін татқан» дегені – «Елді 
қанаған құныққан патша» дегені. «Баласы Жарылғастың ер 
Шернияз, Ақылмен осы сҿзді ойлап тапсаң» дегені – «Мұны ҽкең 
Жарылғас болмаса, сен таба алмайсың» дегені деп шешеді». 
Бұдан соңғы Шернияз ҿмірі ел мүддесі, жұрт мақсаты болып, 
соған сай ел тарихын, Исатай ерлігін жырға қосып, 
Баймағамбеттен соңғы билеушілерді, адам бойындағы отарлық езгі 
ҽкелген кесірлі пиғыл, ниетті сын семсеріне алған. Ақынның ел 
тарихы, кіші Жүздің Сиық атасының шежіресіне арналған 
туындылары «Шернияз ақынның сҿзі», «Шернияздың Шҽріп 
Сығаев провительге айтқаны», «Шернияз» деп аталатын Құмар 
Жүсіпов, 1957 жылғы Батыс Қазақстан экспедициясы, М.Кҽрібаев 
жинаған материалдар негізінде ҚР ҒА М.О.Ҽуезов атындағы 
Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының қолжазбалар қорындағы 336, 
411, 879/3 шифрлы бумаларда сақтаулы. Олардың кҿпшілігі 
жинақтар, зерттеулер мен оқулықтарда жарияланған. Ақынның 
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» ҿлеңіндегі Исатайды бейнелеген 
сҿздерінен ҿзге, Шернияздың «Исатай мен Науша батыр туралы» 
деген «Ақкете Шернияз ҿлеңі» атты Нұртуған ақын арқылы, кейін 
Нұртуғанның жиені Жҽмет жырау арқылы алынған қолжазбадағы 


- 146 - 
уақиғалы ҿлең (Қ.Жұмалиев «қысқаша поэма» деп атаған) де 
Исатай бейнесін суреттеуге арналған. Онда Исатайдың ҿр мінезі, 
ер тұлғасы, ата тегі мен ағайын-туысы жайлы да мҽліметтер бар. 
Осы жырда Шернияз Исатай мен Науша батырдың жауға қарсы 
күресі, соғыстың шешуші кезеңінде ҿткен бір кеңесте қос 
батырдың ҿзара араздасуының кесірінен қолдың екіге бҿлінуі, 
жауға Исатайдың аз қолмен шабуы, Исатай ҿлімі, Исатай сүйегін 
Науша батырдың жау қолынан алып шығуы суреттеледі. Жырда 
Исатай образы сомдалатын кей шумақтардың үзінділері мынадай: 
Ақсұр атқа оқ тиіп, 
Ақтобық атқа мінген соң, 
Итерді қолды ұршықтай. 
Түтін деген шаң шықты-ай. 
Талтүсте түсіп ұрысқа, 
Исатай батыр қырсықты-ай... 
Сол уақытта арыстаным, 
Отыздан асқан жасында, 
Қайдақы бҿркі басында, 
Ақ балдақ белдік белінде. 
Арғы атасы Ағатай, 
Бергі атасын сұрасаң, 
Есдҽулет пенен Жағатай. 
Ҿзінің атын сұрасаң, 
Батыр туған Исатай. 
Інісінің атын сұрасаң, 
Ырысалды, Қалдыбай.
Осы үзінділерден кҿріп отырғанымыздай, Шернияз – Исатайдың ел 
бостандығы жолындағы ерлік келбетін, азаматтық тұлғасын еш уақ 
аузынан тастамай ҿткен ақын. 
Жоғарыда жазылғандай, ҿмірінің жас ортадан асқан осы 
шағындағы Шернияз ҿлеңдері – уытты сын-сықақ шығармалар. 
Мҽселен, бірде ҿзіне сенген жас айтыскер ақын Қашаған 
Күржіманұлы Шерниязға кезігіп, асқақтай сҿйлеп, былай депті: 
Менің атым Қашаған 
Денемді артық жасаған.


- 147 - 
Шынтуайтқа келгенде, 
Үш сиықты баса алам. 
Сонда Шернияз: 
Қашаған болсаң қияла, 
Бар күшіңді аяма. 
Ұзын құйрық, жүйрік ат, 
Қашқанменен қоя ма? – 
деп, Қашағанның аптығын бір ауыз сҿзбен басқан екен. Тағы бірде 
Шернияз сараң байдың жүдеу дастарханына: 
Қонса қоныс бермейді сай дегенің, 
Мінсе мініс бермейді тай дегенің, 
Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің, 
Ішсе тамақ болмайды шай дегенің, 
Тыңдап отыр сҿзімді бай дегенім, 
Құрып қап па осы үйде май дегенің? – 
деп бата берген екен. Шернияздың жер дауы мен сол дауды 
пайдаланып, Шернияз жылқымды ұрлады деп жала жауып, 
Шерниязды шетке қақпақ болған Мҽліке деген кісінің қылығына 
орай Байбақты руының биі Сырым батырдың баласы Қазыға 
айтқан ақынның мына ҿлеңіндегі: 
Сұлтансиық деп келгенде, 
Ел ішінде ел дегенім. 
Қарсы ҿзіме жау шықты, 
Жылқыдан Кете сау шықты 
Мҽлікенің айтқаны 
Ҿтірік жала, дау шықты 
Назар алған жылқысын 
Шернияздан алам деп, 
Мҽлік деген жау шықты. 
Мен де атадан туғанмын, 
Адаммын деп жүргенмін, 
Мен дағы қарап тұра алман, 


- 148 - 
Сен сүйкенсең ұрынбай. 
Алдыңа арым жібермен, 
Үш таңбалы Майлыбай, 
Тұқымым бітіп қырылмай, – 
деген сҿзінен де ащы сын, ер үн естіледі. 
Шынайы ҿлең ақ жүректен туады. Ал ол қасиет тумысында, 
табиғатында, жаратылысында болмаса, ҿлеңге ой саламын, 
фҽлсафа айтамын деу – арамтер. Шернияздың табиғатынан бар бұл 
қасиет оның жас ұлғайып, ой тереңге тартқан шағындағы 
ҿлеңдерінде айқын кҿрінеді. Шҽйіп Нұржігітұлының қолжазбасы 
арқылы 
жеткен 
ақынның 
«Терме», 
«Ҿмір 
туралы» 
толғауларындағы риторикалық сұрай арнау ҽдісімен ҿмірді 
философиялық тұрғыда пайымдаған шығармаларынан сҿзіміздің 
дҽлелі ретінде, бірер шумақтар келтіре кетейік. 
Жұрт жабылып ішетін 
Айдын-шалқар кҿл керек; 
Кҿл жағалай қонуға 
Кҿкорай шҿпті жер керек; 
Ел үстіне жау келсе, 
Кҿк бҿрідей ер керек; 
Ер астына мінетін 
Бҽйге бермес сұр керек! 
Аттан аттың несі кем, 
Ҿзі тарлан кҿк болса? 
Ерден ердің несі кем, 
Айтқан сҿзі берік болса! 
Кҿмексіз болса ер жігіт 
Жалғыз теңдік таба алмас, 
Жалғыздың ісі оңалмас, 
Кҿптің ісі жоғалмас. 
Ай батқан соң, күн ортақ, 
Күн батқан соң, түн ортақ. 
Алдыңғы ҿскен ағаға, 
Жақсы болса, іні ортақ. 


- 149 - 
Жаман болса, кім ортақ? 
Сҿз тыңдауға мен ортақ. 
Асқардан ұшқан су бүркіт 
Еділдің аңын іле алмас. 
Ҿліп жатқан сұңқардың 
Жүніне қарға қона алмас. 
Кешегі айтқан кҿп жаман 
Бір жақсыдай бола алмас. 
Басыңнан ұшса дҽулетің, 
Айналып қайта оралмас. 
Жақсысынан айрылса, 
Құр жамандар оңбайды, 
Аңдып жүрген дұшпаны 
Қанатын тігіп қомдайды. 
Осы алынған қысқа үзінділердің ҿзінен-ақ біз ерлік пен елдіктің 
жолында ғұмыры күреспен ҿткен ер жігіттің алыстан бұлдырап 
кҿрініп, талып естілер дүбірлі дыбысын сезгендей ҽсерге 
бҿленеміз. Сҿйтіп, Алыш ақын: 
Дҽурені Шернияздың солай ҿткен, 
Қас батыр, қайран жақсы, талай кеткен. 
Ғибрат кҿп бұл ҿлеңнен шығатұғын, 
Кҿз салып, ой жүгіртіп тұрсаң шеттен. 
Ақылсыз Баймағамбеттер елді сатып, 
Баласын қазақ сорлы тентіреткен. 
Саналы Исатайдай батырлардың 
Құрбан боп, халық үшін басы кеткен. 
Бұндай іс ҽр кҿкейден орын теуіп, 
Ел аузынан бұл күнге келіп жеткен. 
Ҽңгімесін Шернияздың ҽнге салып, 
Ақындар неше түрлі ҿлеңдеткен,- 
деп бағалаған Исатайдың Шерниязы 1867 жылы қазіргі Ақтҿбе 
облысы, Қызылқоға ауданы, Шоты жайлауында ҿмірден ҿтті. Ақын 
зираты Мұқыр ауылынан 28 шақырым жердегі «Шернияздың ағы» 
деген қорымда. Ақын басындағы құлпытаста араб ҽрпімен аты-


- 150 - 
жҿні, Кете руының таңбасы, туған жҽне қайтыс болған жылы 
жазылған. Зиратты Шернияз ұрпағы Ахметжан Мҽтжанов ғалым 
Б.Аманшинге айтып, ол 1976 жылы зиратты арнайы барып кҿріп, 
«Шернияз ақынның бейіті» атты мақала жазған. Мақала «Қазақ 
ҽдебиеті» газетінде 1977 жылы 21 қарашада жарияланды. 
Шернияздың осы ақындық ғұмырбаянына байыптап, кҿңіл 
аударып қарағанда, ақын ҿмірінің екі кезеңнен тұратынын айқын 
аңғаруға болады. Оның бірі – кҿтеріліс, одан соңғы ел бостандығы 
жолындағы арпалыс кезеңді қамтитын 1840 жылдарға дейінгі 
мезгіл, екіншісі – Баймағамбет сұлтанның қолына түскен кезден 
ҿмірінің аяғына дейінгі ғұмыры. Сондықтан да, ақын тағдырының 
қос кезеңінің ара жігінде шығарылған Шернияздың басты 
шығармасы «Баймағамбет сұлтанға» айтқан ҿлеңінде тарихи екі 
адамның бір-біріне қарама-қарсы образдары сомдалған. Олар – 
халық қамқоршысы, «алаштың тынысын қорып, жауға түскен, 
алтын сапты алмас қылыш» Исатай мен «ел бүлдірген, Исатайдай 
асылдарды дұшпанға ұстап берген тҿбет, мұндар қу бас» 
Баймағамбет. Осы себепті де Шернияз шығармашылығының 
тұңғыш зерттеушісі Сҽбит Мұқанов «Шернияз Жарылғасұлы» атты 
еңбегін бастан-аяқ ақынның осы ҿлеңін («поэмасын» С.Мұқанов) 
талдауға арнаса, Қайым Мұхамедханов та «Ҽйгілі шешен, ақын – 
Шернияз» атты мақаласында: «XIX ғасырда жасаған қазақ халқы 
ақындарының ішінде бір шығармасымен-ақ қазақтың кең байтақ 
даласына ерекше аты ҽйгілі болған осы – Шернияз ақын жҽне 
Октябрь революциясынан соң тұңғыш баспасҿз жүзіне шыққан 
ҿлең-жырлардың бірі де Шернияз жыры» – деп бағалап, осы 
туындыны жан-жақты саралап қарастырған. 
Шығарма – Шернияздың Баймағамбетке ҿлеңмен айтқан 
сҿзінен басталып, Баймағамбеттің бұйрықты жҽне сұраулы сҿздері 
қара сҿзбен беріліп, айтушылар тарапынан түсіндірмелі автор 
сҿздері аралас келіп, Исатай бейнесін суреттеуде ҽдеби кҿркемдеу 
құралдарының гиперболалы асқақ жҽне сағынышты риторикалық 
зарлай арнау түрлерін, Баймағамбетке келгенде, сырты жуас, іші 
астарлы да ашық ирония мен сарказмге құрылған ҿлең. Ҿлеңнің 
кейінге жеткен бірнеше нұсқасы бар: 
1. 
«Мұстафин дегеннің жиып құрастыруы бойынша» 
(Х.Сүйіншҽлив) емес, Кҿкшетаулық Алыш ақынның аузынан 
Мұстафа Сейітбатталұлының жазып алып, баспаға ұсынуымен 
кҿлемі 30 беттен тұратын 1925 жылы Москвадағы Орталық КСРО 


- 151 - 
халықтары баспасынан шыққан нұсқасы. Қ.Жұмалиев ҿз 
еңбектерінде осы нұсқаны басшылыққа алған. 
2. Талдықорған облысы, Матай елінің ақыны Омарбектің 
аузынан жазып алып, түсініктеме сҿздерімен толықтырып, 1925 
жылы І.Жансүіровтің баспаға беруімен Ташкентте шығып тұрған 
“Терме” атты жинақ кітабының бірінші санында жарияланған 
нұсқасы. Қ.Мұхамедханов ҿз мақаласында осы нұсқаны 
басшылыққа алған. 
3. Фольклор мен ақын-жыраулар туындыларын 1890-1930 
жылдар аралығында ҿз қолымен ел ішінен жинап, жазып алып, 
«Қарамес» деп аталатын IV томнан аса мұраларды КСРО ҒА-
сының Қазақ филиалы қорына табыстаған М.Ж.Кҿпейұлы 
қолжазбаларының 1177-бумада сақталған нұсқасы. Шернияздың 
Мҽшһүр – Жүсіп жазып қалдырған нұсқасы 1989 жылы «Бес ғасыр 
жырлайды» жинағының бірінші томында, 2001 жылы Алматыда 
«Арыс» баспасынан шыққан «Шернияз ақын» жинағында 
басылған. Бұл нұсқаның Мҽшһүр-Жүсіптің ҿз қолтаңбасы 
ҿзгеріссіз жарияланған түрі С.Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университетінің Мҽшһүртану ғылыми-практикалық 
орталығы шығарып жатқан кҿптомдықтың 2006 жылы Павлодарда 
жарыққа шыққан VII томында жарияланды. 
4. С.Мұқановтың 1940 жылы Балқаш қаласында тұратын қарт 
ақын Шашубай Қошқарбайұлынан жазып алып, 1942 жылы 
шыққан «Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы тарихынан очерктер» 
кітабында ішінара Алыш нұсқасындағы шумақтардан, негізінен 
Шашубай ақынның айтуындағы ҿлеңді қолданған нұсқасы. 
С.Мұқанов осы кітапта: «Шашубай вариантынан басқа, жасырақ 
кезімде Шернияздың осы ҿлеңін, мен, Қазіргі Солтүстік Қазақстан 
облысының Преснов ауданында ертеректе ҿлген Ыбырай дейтін 
ақыннан да естіген ем» – деген дерек те келтірген. 
Міне, кҿріп отырғанымыздай, Шернияздың ҽйгілі ҿлеңінің 
ҽдеби-кҿркемдік, 
тарихи-тағылымдық 
мҽн-мазмұнының 
зор 
болғаны соншалық, ол қазақ елінің Кҿкшетау, Жетісу, Баянауыл, 
Қызылжар, Балқаш аймақтарының бҽріне де кең тараған жҽне бұл 
нұсқалардың бір-бірінен мазмұндық жағынан алшақ кететін жері 
жоқ. Енді осы нұсқалар негізінде Шернияздың «Баймағамбет 
сұлтанға айтқаны» ҿлеңіне ҽдеби шолу жасайық. Ескертеріміз, оқу 
құралында біз аталған нұсқаларды ҿзара аралас қолданып отырдық. 
Олай ету себебіміз, біріншіден, жоғарыда айтылғандай, ҿлең 


- 152 - 
нұсқаларының бір-бірінен мазмұндық ҿзгешеліктерінің жоқтығын 
кҿрсету, 
екіншіден, 
ел 
ҽдебиеті 
мұраларын 
оқытудың 
педагогикалық 
ұстанымы 
– 
ұлт 
ұрпағын 
ҽділетсіздікке 
ымырасыздық, адамдық қасиеттер мен тҽуелсіздік, рухани жаңғыру 
бағытында тҽрбиелеу. Оған қоса, біз дҽрісте Шернияздың ҿз 
қолжазбасы болып, оны қалауымыз бойынша ҿзгертіп жазғанымыз 
жоқ жҽне ҽр нұсқамен оқушы жеке танысуы үшін олардың 
басылымдары мен зерттеушілерін атап кҿрсеттік. 
Сонымен бұрынғы заманда Баймағамбет деген хан болыпты. 
Баймағамбет ақ патшаға сүйікті адам болып, шен-шекпен алыпты... 
Жұрт Исатайды жақсы кҿріп, Баймағамбеттен Исатайға ауып 
кетіпті. Баймағамбет Исатайдың бұл бағын күндеп, Исатайды 
ұстатып, қыр Сібірге айдатып жіберіпті. 
Күндердің күні болғанда Байеке жарандарынан сұрапты: 
- Исатайшылардан енді кім қалды? 
- Басты Исатайшылардың жығасы жығылды. Бірақ Шернияз 
деген Исатайдың ақыны қашып, ел арасында жасырынып жүрсе 
керек. Жүрген жерінде сізді жамандап, Исатайды мақтап жүр 
білем,- деп жарандары айтады. 
- Шерниязды тауып, ұстап ҽкел, – деп Байеке жендеттер 
жібереді. Олар Шерниязды ұстап, киімін шешіп алып, қамшымен 
қып-қызыл ала ғып сабап, Шу(Елек) ҿзеніне тастап жібереді. Күз, 
күн суық, қырау түскен кез, Шернияз судан малтып шығып, 
Баймағамбеттің үйіне барып, түнімен үй артында жалаңаш 
отырады да, таң ата, Баймағамбет дҽретке шыққанда, тырдай 
жалаңаш Шернияз «ап!» – деп ақырып, ҿлең айтып жібереді. 
Баймағамбет сасып қалады. Сол кезде Шернияздың үстінде жалғыз 
тымақ қана бар екен. Ол тымағын біресе құлағына, біресе ызғар 
ҿткен табанына басып тұрып, былай дейді: 
Ассалаумағалейкум, алдияр хан, 
Ҿлім десе, қорқады шыбындай жан. 
Ҿлімнен қашып келіп қорғалаған, 
Қуып жүр құйқылжыған құрғыр заман! 
«Асыл зат, ханзаданың баласы!» – деп, 
Мен бір торғай бұтаңа қорғалаған. 
Осы күнде адам жоқ бізден жаман, 
Жалаңаяқ, жалаңаш зарлап тұрған, 
Кҿзіңнің қырын салар бар ма заман! 


- 153 - 
Байеке, келгенім жоқ бұл жағыңа, 
Ақ сұңқар мен бір қонған қияғыңа, 
Жорғамын шаң тиместей тұяғыма! 
Кең кҿселіп, ен жайлаған қалың қазақ, 
Кеуірден түршіккен соң толықсыған. 
Толқынға алтын қазық тұтқа болып, 
Тұрсың-ау жұрт шайқалтпай Бҽйем сұлтан. 
Жалаңаш елден шыққан бір сорлымын, 
Жалғыз-ақ үміттімін рақымыңнан. 
Басымды алар болсаң, жылдам алшы, 
Ызғырық ҿтіп барады табанымнан. 
Тасбауыр, мейірімсіз Баймағамбет, жалаңаш Шерниязды аямай, іш 
дҽретін ала береді. Сонда Шернияз: 
Байеке күнім қайда баяғыдай 
Байлардың шетке шықтым саяғындай 
Басыма бҽле жауып тұр осы күн, 
Құдіреттің кҿктен түскен таяғындай. 
Байеке таудан аққан бұлағым-ай, 
Мен жетім қой ішінде лағыңдай, 
Байеке бауыздасаң, басым міне 
Кҿп үшін маңыраған шұнағыңды-ай, 
Басымды алар болсаң, шапшаң алшы, 
Барады үсіп кетіп құлағым-ай! 
Баймағамбет: – Қараңғы түнде сұмырайдай тақылдап тұрған қай 
неме? – дейді. Сонда Шернияз: 
Кешегі ту ұстаған Арынғазы, 
Жігітке не қылдырмас малдың азы. 
Жылқыны сұлу қылған жал мен қазы, 
Байеке танымасаң танытайын – 
Кешегі, мен бишара, Исатайдың Шерниязы. 
Байеке, қаһарың – қыс, рахметің – жаз, 
Алдыңда ҿліп кетсем ҿмірім аз. 
Күндіз – той, түнде – базар: жүрген жерім, 
Кешегі Исатайдың мен – Шернияз. 


- 154 - 
Сҿйтіп, ҿлеңнің басынан-ақ Шернияз Баймағамбетке ҿзінің 
ұсталып, ықтиярсыз келгенін, оның халыққа істеп отырған 
озбырлығын ирониямен «кҽпірден түршігіп, толқыған қазаққа 
алтын тұтқа болып, жұртты шайқалтпай ұстап, таудан аққан 
бұлақтай мейірлі хан» болғандығыңнан алдыңа келіп тұрмын деп, 
Баймағамбеттің тірі Исатайды қойып, ел құрметіне бҿленген ҿлі 
батыр даңқының ҿзін күндеп жүргенін біле тұра Исатайдың есімін 
алға салып, «Танымасаң танытайын – кешегі Исатайдың 
Шерниязымын» дейді. Ҿлеңдегі Шернияздың «мен ақ сұңқармын, 
тұяғына шаң тимес жорғамын, шетке шыққан саяқпын, кҿп үшін 
маңыраған лақтаймын, жүрген жерім той мен базар» халық 
қалаулысымын деген метафоралардан ақынның кім екенін, 
мынадай ҿткір тілді ақынды ҿз қолына алудағы Баймағамбеттің 
мақсаты не екенін танимыз. 
Сонымен Баймағамбет: «Жҽрҽйді, Шернияз болсаң, оттамай 
үйге кір» – деп ақырады. Шернияз: 
Ру бар жер жүзінде жеті ықылым,
Орыс орман, қырғыз, сарт, қытай, қырым. 
Билеген соның бҽрін ҽділ ұстап, 
«Жолықтыр, құдай!» деп ем Шыңғыс ұлын. 
Сҿйлеген, хан Байеке, жақ пен тілім, 
Не болар мұнан былай кҿрген күнім?! 
Жалаң аяқ, жалаң бас, кіре алмаймын, 
Қайтейін, ашылып тұр абиырым! 
Кҽпір – антқа, мұсылман – тілге нанар, 
Сҿзімді естігеннің мейірі қанар. 
Жалаң аяқ, жалаң бас кіріп барсам, 
Ханым мен қуып шығар, ханышалар. 
Баймағамбет: «Мынаны жамылып, үйге кірген соң ҿзіме берерсің», 
– деп, иығындағы орман ішігін Шерниязға береді. Шернияз ішікті 
алып тұрып, ҿз кезегін пайдаланып, мҽрт те жомарт Исатайды 
Баймағамбетке қарсы салыстырып, бір ауыз ҿлең айтып жібереді: 
Алдияр бергеніңе тҿрем құлдық! 
Айрылған Исатайдан мен бір мұңдық! 


- 155 - 
Баласы алты алаштың сізді тілеп, 
Ақ патша шақырғанда дұға қылдық! 
Күнелткен қызыл тілдің ұшын безеп, 
Жан едім ҿтірік айтпай, қылмай ұрлық! 
Кешегі Исатайдың дҽулетінде, 
Ішіп-жеп ен дҽулетті байша тұрдық. 
Жаннаттан орман түгіл кҿрпе қылып, 
Мырза едік, мұндай тоның бір тиындық, 
Терісін он тышқанның бере салып, 
Сұраған тҿрем қайта неткен сұмдық! 
Байеке, құтты болсын кеңесіңіз, 
Исатай ішке кеткен егесіңіз. 
Ақ сұңқар түлегенде түк қалады, 
Бұл да бір қалған түгім демесеңіз 
Жамылып ішігіңді шекем қызбас, 
Қайтейін басы бүтін бермесеңіз, – 
деп, ішікті Баймағамбетке қайыра ұсынады. Баймағамбет: «Е, 
қақсамай басы бүтін ал, үйге кір» – дейді. Үйге енген Шерниязды 
Баймағамбет бір ішікке сатып алған қызметшісі есебіне санап, енді 
оған қыздарын, ханшаны, ҿзін мақтатпақ болады. Біз бұл 
мақтауларды толық жҽне ретімен келтірейік. 
Ҿйткені, 
«Терме» 
жинағындағы 
Шернияздың 
осы 
мақтауларының улы тілі жайлы Ілияс Жансүгіровтің: “Біздің жақта 
«Шернияз» ҽңгімесін ҽңгімеге үйірлігі бар жігіттің кҿбі-ақ біледі. 
Ҽсіресе, «Байеке сіздің қызда жаман бар ма?» деген ҿлеңі мҽтелге 
айналған. Ақын кҿрсе: «Шерниязды айт», – деп кҿпшілік 
қолқаланады. Ҿйткені, «Шернияз» ҽңгімесі қара қазақтың 
құлағына ҿте жағымды, Шернияздың улы, сайқымазақ тілі. 
- Байекеңнің дҿкір ақымақтығы ма, басқа ҽңгіме ішіндегі 
кҿрінген бейнелердің елестері тыңдаушының жан қышығын қасып, 
құлағын құрыштандырып отырады», – дегеніндей, оқушы бұл 
мақтаулардың қандай мақтау екенін ҿз кҿзімен оқып кҿрсін. 
Сонымен Шернияздың Баймағамбеттің қыздарын мақтағаны: 
Байеке, сіздің қызда жаман бар ма! 
Сіздің қызды жаман дер заман бар ма? 


- 156 - 
Еркек болса ҽр жұртқа хан болғандай, 
Ҽйел қылған Аллаға амал бар ма? 
Орынбор, Троицк қалалары, 
Ақылға сондай толық даналары. 
Ҿңшең абзал баланы таба берген, 
Жатыны асыл жан екен аналары. 
Ұжмақтың хор қызындай тегіс туған, 
Ай алда-ай, қалай мінсіз балалары?! 
Ханымды мақтағаны: 
Шеріңнің сҿйлер сҿзге желгенін-ай, 
Алланың шүкір қылдым бергеніне-ай! 
Ұжмақтың сипатындай қияпаты, 
Ханымның келбетінің келгенін-ай!! 
Баймағамбеттің ҿзін мақтағаны: 
Үш қабат ақ патшаға барып келдің, 
Жақсыны жаманменен танып келдің.
Қызметің ақ патшаға жаққаннан соң, 
Жандарал – бҿлкебай шен алып келдің. 
Бардыңыз Петерборға ол бір күнде, 
Патша кҿріп тойыпты келбетіңе. 
Құдайдан мұнан артық не сұрайсың, 
Сегіз санат тік тұрған қызметіңде. 
Баймағамбет тасып: «Жарайды, Шерім, қасымда жүргендей, соның 
бҽрін қайдан білдің? Сол ақ патшаға барғанда қатты науқастандым. 
Ҿліп кетсем, жұртым қалай қайғырып, сол науқастан ҿлмей аман 
қалғанымды естігенде қалай шаттанар еді. Соны ҿлеңмен айтшы» – 
дейді. Сонда Шернияз Баймағамбетті «халық атынан» мақтағаны: 
Сізді патша қойған Тҽңірім қалап, 
Жүреді кҿшіңізді Қыдыр жанап. 
Ауырып сол сапарда ҿліп кетсең, 
Қалмай ма жұртың ұлып, кҿкке қарап!? 


- 157 - 
Жер тітіреп, күн күркіреп, кҿркіне енбей, 
Тҿбешік солып қалмақ болып меңдей. 
Естіген естен танып, от боп жанып, 
Сенделіп қалмақ ҽркім соққан сеңдей. 
Есітіп есеңдігіңді, жұрт шаттанды, 
Ғаламнан он сегіз мың жан аттанды. 
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап», 
Балапан ұядағы қанаттанды. 
Естумен қан жылады, жұртың кейіп, 
Жазылдың кҿз жастарын Тҽңірім иіп. 
«Ханзада жазылды» – деп естіген соң, 
Тҿбе үлкейіп, түрленді жер кҿркейіп.
Қайың, тал, қарағаймен кҿркейді арша, 
Шұқанақтар кҿл болып ҿсті қанша?! 
«Ханзада жазылды!» – деп естіген соң, 
Қозы – қой, бұзау ҿсіп, болған тайынша! 
Баймағамбет ҿзін жамандатып, Шернияздың шындықты айтқан 
уытты, ащы ҿлеңіне шыдамай қылышын қынабынан суырып алып, 
Шернияздың басын шаппақ болып, тҿніп келгендегі ақынның 
Баймағамбетті мақтағаны: 
Қолында ханзаданың қасқа қылыш, 
Түсесің қаһарлансаң тасқа қылыш, 
Сабының хан ұстаған тұтамы алтын, 
Жарлықтан хан ойланбай аспа қылыш! 
Жалғанда жан кҿрген жоқ тарлығыңды, 
Исі қазақ кҿп кҿрген нарлығыңды. 
Ҿзіңіз айт деген соң, айтып едім, 
Ҿзің қайтып алдың ба жарлығыңды! 
Мен ҿлсем, болмай ма, айтшы, босағаң қан? 
Арман не, басымды алса ҿзіңдей жан! 
Тақсыр-ау неге ҿлейіне сіз тіріде, 
Кірген соң аттап алтын босағаңнан. 


- 158 - 
Сіз сұңқар, қара қарға қалың қазақ, 
Болып тұр ҿле-ҿлгенше сіздің жемің! 
Кессең бас, кешсең міні тақсыр тҿрем, 
Құрбандық лағындай ақын Шерің! 
Арғы атаң болып ҿткен Арыстанбек, 
Ҿткен жоқ ол да сіздей данышпан боп. 
Кешегі Айшуақ пен Нұралы атаң, 
Дұшпанмен намыс үшін алысқан кҿп! 
Олар да ел билеген, жұрт ұстаған, 
Патшаға қара қазақ барысқан жоқ, 
Қылған ол ақ патшамен алыс, беріс, 
Алдыңа бас иіп тұр бар дұшпан кеп. 
Қарашы, қара қазақ болған ұлтан. 
Кеткен жоқ уысыңнан бар мұсылман. 
Білемін, хан Байеке жарлығыңды, 
Келсе кең, кетсе қайтпас тарлығыңды. 
Баласын алты алаштың шырқ иіріп, 
Ел билеп, жұрт сұраған хандығыңды. 
Ҿз атаң жұртқа ҽйгілі Айшуақ бек, 
Патшаға сексен қара ат байлаған бек. 
Түсіріп жау жығасын, жаға ұстаған, 
Сібірге Исатайды айдаған бек! 
Сҿйтіп, Шернияз Баймағамбетті осылайша мақтамен бауыздап, ел 
дұшпаны, патшаның сүйкімдісі болғанын, ел қамқоры Исатай 
сынды ерлерді ҿлтіргенін «мақтау» арқылы, халыққа оны барынша 
жек кҿрінішті етіп бейнелеген. Бұдан соң Шернияз Баймағамбеттің 
бұйыруымен оның алты қызын, ҽйелін, сонан соң ҿзін 
жамандайды. Шернияз ҿлеңінен бізге ҽдеби-тағылымдық мҽнде 
керегі, оның Баймағамбетті жамандағанда не үшін, қандай ісі үшін 
жамандағаны керек? Сондықтан бұл жерде қыздарын, ҽйелін 
жамандаған жерлерін емес, Баймағамбетті не деп жамандағанын 
оқиық. 


- 159 - 
Ар жақта Арынғазы дүбірлеген, 
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? 
Тҿре кетіп, тҿбеде тҿбет қылып, 
Туып тұр ел басына «бұл күн» деген. 
Кешегі Исатайдай асыл ерді, 
Дұшпанға ұстап бердің тіл білмеген. 
Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған, 
Тҿре емессің, тҿбетсің дым білмеген! 
Орыс орман қол салып ордамызға 
Заманға ұшырадық «бүлгін» деген. 
Айдаттың жалғыз бауырың Исатайды 
Сенен де қалмақ жақсы шүлдірлеген. 
Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас, 
Қас итсің қасыңа да адам жуымас. 
Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ, 
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас! 
С.Мұқанов «Шернияз Жарылғасұлы» атты очеркінде Шернияздың 
Баймағамбетті жамандаған осы Алыш пен Омарбек ақындардың 
нұсқаларындағы шумақтардан ҿзге, Шашубай ақын нұсқасындағы 
мына ҿлеңді де келтірген: 
Хан емессің, қабансың, 
Қара алабасты басқырсың! 
Достың келіп састырсын! 
Дұшпаның келіп басқа ұрсын! 
Хан емессің, кҿмірсің, 
Балқытқан кҿмір темірсің, 
Басыңды қасқыр кемірсін! 
Майыңа иттер семірсін! 
Хан емессің... 
Қартайған бура маясың
Бұл қылықты қоймасаң, 
Тағыңнан да таярсың! 
Хан емессің қабансың, 
Тамам ханнан жамансың! 
Аққа зауал болмайды, 
Ақ иіліп сынбайды, 
Исатайды айдатып, 


- 160 - 
Сен де бір бҽлені табарсың, 
Хан емессің, бурасың, 
Сақалың күнге қуарсын. 
Бауырыңа қайнаған қазан тҿгіліп, 
Бала-шағаң шуласын! 
Жоғарыдағы очеркінде С.Мұқанов осы осы ҿлеңдерді келтіре 
отырып, тағы да былай дейді: «Шернияз Баймағамбетке бұдан 
артық не айтсын. Бұ сҿздер ақынның Баймағамбетке бұйырған 
рухани ҿлім жазасы емес пе? Осы азғана жолды ҿлеңде халықшыл 
Исатай мен халық дұшпаны Баймағамбеттің айқын образы 
берілмей ме? – Ҽрине, солай». Бұдан ҿзге ғалымның бұл сҿзіне сҿз 
қосудың ҿзі артық. Ҿлеңнің осы жерінен ары қарай жоғарыда
Баймағамбетті мақтаған ҿлеңге біз мысал ретінде қосқан 
Шернияздың Баймағамбеттен жансыз қылышты рақымды кҿріп, 
«Қолында ханзаданың қасқа қылыш, Түсесің қаһарлансаң тасқа 
қылыш» – деп басталып, қылышқа қарата отырып айтылатын 
мақтауынан соң, райынан қайтқан Баймағамбет Исатай аруағымен 
күндестігін жасыра алмай: «Исатайды мақтай бересің, сонша 
мақтайтындай несі бар еді оның?» – деп сұрайды. Міне, осы жерде 
Шернияз Исатайдың батырлығын, халықшылдығын, жомарттығын, 
қайырымдылығын 
Баймағамбетпен 
салыстырып, 
ханның 
бақталастық қызғанышын ҽдейі қоздырады. Шернияз Исатайдың 
байлығын 
айтқанда, 
сол 
байлықтың 
Исатайда 
расымен 
болғандығын емес, Исатайдың дүнияның бар байлығы халқымда
болса екен деген ниетін Исатайда бар байлық қылып айтады. Мұны 
түсінбеген таяз Баймағамбет Шернияз Исатайды мақтаған сайын, 
Исатайдан асам деп Шерниязға Исатай берді деген дүниеден 
асырып береді. Шындығында Шерниязға Баймағамбет сонша 
дүниені бермеген де болар. Мҽселе – онда емес. Мҽселе – 
Шернияздың Исатайдың халық мүддесі, ел бостандығы мен 
жұрттың бақуатты тұрмысы жолындағы тарихи істерін ұрпаққа 
үлгі етіп қалдыру. Сондықтан да Шернияз ҿлеңнің бұл бҿлігінде 
Исатайды былайша сипаттайды: 
Сағынам ауызға алсам Исатайды, 
Ер тумас ел бағына ондай жайлы. 
Қарадан халқы сүйіп ханым деген 
Жігіт еді тҿрт тұрманы түгел сайлы. 


- 161 - 
Кешегі Исатайдың арқасында
Ие едім ен дҽулетке басыбайлы. 
Алаштан асып кеткен Исатай бай, 
Ішкені алтын аяқ, ақ құйрық шай, 
Исатайдай жомарттық жан қылған жоқ. 
Жылында беруші еді бесті асауды-ай! 
Ҿлтірген Исатайды оңар ма екен, 
Дҽуренім баяғыдай болар ма екен! 
Ұшып кетті қолымнан дҽулет құсым, 
Енді айналып тұғырына қонар ма екен! 
Жаман ой жете алмайды жабындыдан, 
Барақтай ұл туар ма табындыдан. 
Исатай жаудан ҿлсе шҽйіт ҿлді, 
Үйде ҿлер сендей жаман қағындыдан. 
Ҿлгенін Исатайдың ҽркім кҿрді. 
Ғарыптар Исатайсыз күн кҿрмейді. 
Исатай жауынан ҿлсе шҽйіт ҿлді, 
Жастықта жаман адам үйде ҿлмей ме? 
Исатай жылқы салған лҽшкҽр кҿлге, 
Лҽшкҽрді тастаушы еді асқар белге, 
Исатайдай жомарттық жан қылған жоқ, 
Аянбай малын шашқан ғаріптерге. 
Ай сайын молдаларды жиып алып, 
Зекетін беруші еді ҽрбір елге. 
Кҿшкенде кҿшке малы ермеуші еді, 
Таратып беруші еді ҽрбір жерге. 
Баян қылып тауыса алмаймын айтқанменен, 
Исатайдай дүниеге келмес пенде. 
Ҿлеңнің Шашубай ақын нұсқасындағы келесі бҿлімінде 
Баймағамбет Шерниязға берген дүние, мүлкін қимай, қайтадан 
қайтарып алуды ойлап, Шерниязға: «Егер сен осы үйдің ішкі, 
сыртқы жабдықтарын тоқталмай, бҿгелмей түгел айтып шықпасаң, 
бергенімнің барлығын қайта жиып алам»- дейді. Сондағы 


- 162 - 
Шернияздың ҽдеби кҿркемдеу құралдарының жансызға жан бітіріп 
суреттейтін кейіптеу ҽдісімен ұлттық нақыштағы халық тұрмысын 
бейнелейтін үй жабдықтарын сипаттаған ҽдеби-кҿркем ҿлеңі 
мынау: 
Ҽкеңнің бір атасы қоян жырық
Босаға, маңдайша мен табалдырық. 
Кереге алты қанат, алпыс уық, 
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық. 
Тҿрінде сандық айтар тҿремін деп, 
Есік айтар ҽр нҽрсе кҿремін деп,
Ерні жалақ болыпты жомарт ожау, 
Кҿрінгенге қолқайыр беремін деп. 
Ожау айтар қазанға қапталдым деп, 
Қазан айтар қарнымнан қақталдым деп. 
Жүгіріп от айналып шҽйнек жүрер, 
Қылығым не құдайға жақпады деп. 
Кетпен айтар ағашқа сапталдым деп, 
Балта айтар барлығына дақ салдым деп. 
Текемет тҿрде жатқан сал ауру, 
Жақсыға, жаманға да тапталдым деп. 
Ыстыққа қол батпаған шҿміш батқан, 
Сықырлап тҿсек ағаш жылап жатқан. 
Қылмысы бұ жалғанда жаққан тұтқыш, 
Бетіне қазан ұстап күйе жаққан. 
Асылып керегеде ішік, тұлып, 
Толғатып тұз баспалдақ тұр іші толып. 
Мейманды үйге келген күтіп алып, 
Құман тұр от басында келін болып. 
Туырлық, үзік, белдеу, ши, дҿдеге, 
Шалқалап түндік жатыр дҽл тҿбеде. 
Орнықты бҽйбішедей қара саба, 
Астында тҿсағаштың сұр тегене. 


- 163 - 
Шернияз ҿлеңінің соңы Омарбек нұсқасы бойынша былай 
аяқталады: «Күндердің күні болғанда Шернияз Исатайды сағынып, 
сұлу жар мен мол дҽулетке қарамай, жүдеп, семіп кетіпті. Мұны 
естіген Баймағамбет Шерниязды сынамақ боп: «Егер Исатай 
тіріліп келсе, не деп амандасар едің?» – дегенде, Шернияз: 
– Аһ, Ел қорғаны Исатай енді бізге жоқ қой. Сҿйтсе де, Исатай 
келетін болса, алдынан шығып: 
Бармысың жауға түскен алтыным-ай, 
Самалым, саз қонысым, салқыным-ай. 
Жауыңның қоржынына түсіп едің, 
Шықтың ба аман-есен жарқыным-ай?! 
Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай, 
Ашып ең алты алаштың тынысын-ай. 
Жатпайтын асыл пышақ қап түбінде 
Шықтың ба қабын жарып ырысым-ай?! – 
деп құшағымды жайып, мойнынан құшақтар едім, – дейді. 
«Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» атты осы ҽйгілі 
ҿлеңін Шернияз шығармашылығын тұңғыш зерттеген академик 
Сҽбит 
Мұқановтың 
қорытынды 
бағасымен 
түйіндейік: 
«Шернияздың ҿлеңдеріндегі Баймағамбетті мақтаған жеріне қарап, 
бір кезде біреулер Шерниязды «Сарай ақыны» деп жазып жүрді. 
Бұл пікірді айтушылар Шернияз ҿлеңдеріндегі диалектиканы 
абайламады.
Шынында Шернияздың осы ҿлеңін тұтас оқып шыққан кісіде 
қандай ҽсер қалады? 
1.
Шернияздың Исатайды шексіз жақсы кҿруі, халықшыл, 
халық қамқоршысы деп жақсы кҿруі, оған ешкімді теңгермеуі. 
2.
Баймағамбетті, оның қылышынан, қаһарынан қорқып 
қана мақтап, реті кеп қалған жерде, оның патшашыл екенін, 
халықты қанаушы екенін ашып айтып, оны жұрт алдында, тарих 
алдында масқаралады. 
3.
Исатай-Махамбет бастаған кҿтерілісті патша үкіметі 
мылтық 
күшімен 
басқаннан 
кейін, 
ол 
кҿтеріліске, 
қатынасушылардың үздіксіз қуғынға ұшырауы, ауыр азап кҿруі. 


- 164 - 
4.
Қанаушы таптың, оның үкіметінің искусствоны, кҿркем 
ҽдебиетті ҿзінің қанағыштық қылығын мақтауға жұмсағысы кеп, 
ақынды қыспақта ұстауы. 
5.
Ақынның, 
ҽсіресе халық бостандығын жақтаған 
ақынның, қанаушы тап үстем кезде хал-жайының трагедияда 
екендігі.
Міне, аз кҿлемді Шернияздың жырында осындай саяси, 
ҽлеуметтік жҽне кҿркемдік маңыз бар». 
Шернияз ақыннан қалған мұра жинаушылардың ел ішінен 
айтушылар сҿздері мен ҿлең шумақтарының мазмұнына қарай 
«Исатайды жоқтау», «Байеке, сіздің қызда жаман бар ма?!», 
«Шернияз сҿзі», «Ар жақта Арынғазы дүбірлеген» сынды түрлі 
атаулармен жазып алынған қолжазба қорларындағы оның осы 
айтылған «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» атты 
тұтас бір ҿлеңі, «Исатай мен Науша батыр» жыры, «Ҿмір туралы», 
«Терме», «Кҿл қылып құйдым талай судай ағын», «Сҿз сҿйлеймін 
бҿлмелеп» атты адам болмысы, ҿмір ағымы, табиғат пен сҿз ҿнері 
жайлы риторикалық сұраулы терме, философиялық толғаулары, 
Қазы биге, Байсақал биге, Абылға, Қашағанға, қонағына, 
Марабайға т.б. айтқан сыни арнаулары мен қысқа айтыс түріндегі 
сҿзқағыстары, «Иапырмай, манағы молда сен бе едің?», 
«Шернияздың батасы», «Байлаулы бізге арналған түйемісің», 
«Сізді іздеп келдік, Баянас деп» аталатын түрлі сықақ ҿлеңдерінен 
тұрады. Ақынның шығармаларына тҽн тарихи, ҽдеби-кҿркемдік 
ерекшеліктерді тұжырымдап жіктесек, олар мыналар:
1. Шернияз ҿлеңдерінде тарихи екі адам, екі түрлі ҽлеуметтік 
топ ҿкілдерінің бейнесі сомдалады. «Баймағамбет сұлтанға 
айтқаны» мен «Исатай мен Науша батыр» жырында Исатайдың 
күллі халықшыл азаматтық ер тұлғасы, тарихи оқиғалар шындығы, 
Исатайдың ата-тегі, ағайын-туыстары, майдандас серіктері, 
соғыстағы 
іс-қимылы, 
мінез 
бітіміне 
дейін 
бедерленсе, 
«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» ҿлеңінде Баймағамбеттің 
патшашылдығы, халық мүддесін сатқан озбыр образы, атаққұмар, 
мақтансүйгіш кейпі оның патша сарайына барған, елді қанаған, 
Исатай бастаған ұлт тҽуелсіздігі жолындағы халық кҿтерілісін 
тұншықтырған, Исатайды ҿлтірткен іс-ҽрекеттерін тарихи 
шындыққа сай суреттеген. 


- 165 - 
2. Ол – ҿзіне дейінгі ұлт ҽдебиетіндегі айтыс ҿнерінің қысқа 
қайырымды сҿзқағыс түрін ащы ҽжуҽ, мысқыл сҿздермен байыта 
ҿрістеткен ақын. 
3. Шернияздың терме, арнау, толғау туындылары – жыраулар 
поэзиясы дҽстүріндегі шығармалар. Оларда ақын адам, табиғат, 
ҿнер жайлы ҿзіндік кҿзқарастарын лирикалық тебіреністі ой, 
риторикалық сұрау түрінде берген. 
4. Шернияз – нағыз импровизатор ақын. Аяқ астынан, 
жҿпелдемеде, тіпті ҿмірі қыл үстінде тұрған сҽттерде шығарған 
ҿлеңдерінің ҿзі – идеялық мазмұны, ҿлең құрылысы мен тіл кестесі 
жағынан келісті шығып, тҿрт аяғын тең басқан шығармалар. Бұл 
ерекшелік оның Тҽңірінің берген ҿнер иесі, шығармашылық 
шеберліктің хас саңлағы екенін танытады. 
5. Ақын ҿлеңдерінде теңеу, метафора, кейіптеу, ирония, 
сарказм сынды поэтикалық тілдің ҽдеби кҿркемдеу құралдары мол. 
Осылардың ішінде теңеу, метафораларды ақын Исатай образын 
сомдауда, кейіптеуді халықтың тұрмысы, шаруашылық қалпы, 
тұтынған заттарын суреттеуде, ирония мен сарказмды Баймағамбет 
пен сол сияқты ел ішіндегі атқамінерлердің бейнелерін беруде 
қолданған. 
6. Ақын ҿлеңдеріндегі ащы сын мен Исатай бейнесін 
суреттеудегі ҿршіл рух Шернияздың Махамбет ізімен, сол 
бағыттағы ақындық жолды ұстанған сҿз зергері болғанын 
айғақтайды. 
7. Шернияз ҿлеңдері 7, 8, 11 буынды жҽне 7-8 буынды аралас 
жыр ағымында келіп, қара ҿлең, ерікті жҽне кезекті ұйқасқа 
құрылады. 
Шернияз Жарылғасұлының шығармалары осыған дейін 
айтылған 1925 жылы Москвада шыққан «Шернияз» жҽне 
«Шернияз ақын» жинақтарында, сол жылы Ташкентте басылған 
«Терме» жинағында, «Шернияздың Баймағамбетке айтқан» 
ҿлеңінің Шашубай нұсқасы С.Мұқановтың 1942 жылы шыққан 
«Қазақтың XVIIІ-XIX ғасырдағы ҽдебиетінің тарихынан очерктер» 
оқулығындағы «Шернияз Жарылғасұлы» очеркінде, «Қазы биге», 
«Терме» туындылары «Жұлдыз» журналында, 1986 жылы шыққан 
«Дау шешеді дана сҿз» атты Шернияз Жарылғасұлы ҿлеңдерінің 
жинағында, басқа да түрлі жинақтар мен оқу хрестоматияларында, 
Алматыда 2001 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Шернияз» 
кітабында басылды. Ақын шығармашылығы жайлы ҽдеби зерттеу 


- 166 - 
еңбекті тұңғыш рет 1942 жылғы оқулығында С.Мұқанов жазды. 
Одан соң Қ.Жұмалиев орта мектепке арналған оқулықтары мен 
Қазақ ССР ҒА-сының Ҽдебиет жҽне ҿнер институты шығарған 
кҿптомдық «Қазақ ҽдебиетінің тарихы» (II том. 1-кітап, 1961 жыл) 
кітабында, Х.Сүйіншҽлиев «XIX ғасыр ҽдебиеті» атты жоғары оқу 
орындарына арналған оқулығында, Қ.Мұхамедханов 1977 жылы 
«Ҽйгілі шешен, ақын – Шернияз» атты мақаласында (мақала 
Қайым Мұхамедхановтың кҿп томдық шығармалар жинағының 
2007 жылы шыққан V томында қайта басылған) ҽдеби-кҿркемдік 
тұрғыда жан-жақты сараланып, талданып жазылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет