Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
1137528, abenova.19gaskazad
Дәрісті бекіту сҧрақтары:
1.
Шернияздың шығармашылық ғұмырбаянын неше кезеңге
бҿлеміз? 
2.
Ақынның «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» ҿлеңінде Исатай 
мен Баймағамбет образдары қандай ҽдеби-кҿркемдеу
құралдарымен бейнеленген? 
3.
Ш.Жарылғасұлының қай шығармасында Исатай нақты іс-
ҽрекет, күрес үстінде суреттеледі? 
4.
Шернияз ақын шығармаларына тҽн басты ҽдеби ерекшелік 
не? 
Әдебиеттер: 
Н.ҽ:4,5,6,7,9,10,17,19,26,27,29,30.
Қ.ҽ:39,43,52,67,68,70,71,72,73,74. 
ДӘРІС 7. АЛМАЖАН АЗАМАТҚЫЗЫНЫҢ ӚМІР ЖОЛЫ 
МЕН «ЖЕТІМ ҚЫЗ» ПОЭМАСЫ (1 сағат) 
 
Дәрістің мақсаты:
Алмажан Азаматқызы поэмасының 
ҽдебиет тарихындағы мҽні мен кҿркемдік сипатын саралап 
меңгерту. 
Дәрістің жоспары: 
1. «Жетім қыз» поэмасы негізінде ақынның шығармашылық 
ҿмір жолына шолу. 
2. «Жетім қыз» поэмасының ҽдеби мҽні мен ҽдебиет 
оқулықтарына енгізілу себептері. 
3. 
Поэманың тарихи-ҽдеби сипаттары, композициялық 
құрылымы. 
4. «Жетім қыз» поэмасының ҽдеби-эстетикалық, кҿркемдік тіл 
кестесі. 


- 167 - 
5. Поэманың жариялану, зерттелу, оқытылу жайына шолу. 
Арғымақтан туған қазанат, 
Болдырмайды шабысқа. 
Асылдан қалған тұяғым, 
Билерден қорлық кҿрген соң, 
Шыдамай шықтым намысқа- 
деп ҿр рухты кҿркем шығарма иесінің ҿзі айтқандай, арғы 
тарихтағы Тұмар ханым, отарлық езгіге қарсы күрескен Бапы 
ханша сынды бел буып, ерлердің бітірер ісін істеген қол батыры 
болмаса да, ой мен сҿз батыры болған ақын қыз – Алмажан 
Азаматқызы. Ҽдебиет тарихындағы Ұлбике, Сара, Рысжан, Ақбала, 
Аймаңдай, Жібек, Тҽбия, Қуандық, т.б. ҿнерпаз апа-сіңілілерінен 
Алмажан шығармашылығының ерекшелігі – оның тарихи кезең 
шындығын эпикалық сюжетті шығарма арқылы бейнелеген, автор 
есімімен ел ішінде ауызша айтылып, кейінге жеткен поэма авторы 
болғандығы. Оған қоса, Алмажан – ғасыр ҽдебиетіндегі 
Махамбеттің отарлық езгіге қарсы жауынгер рухты ҽдеби 
бағытының ізімен кҿтерілістен соңғы ел ҿмірінің шындық қалпын 
реалистік, ел бостандығы жолында мерт болған Азамат пен оның 
қарулас серіктерін романтикалы асқақ ауанда бейнелеген тұңғыш 
поэма иесі. Сондай-ақ, поэма сюжетінде баяндалатын Исатайды 
ҿлтіріп, Махамбетті мұңды етіп, кҿтеріліске қатысқан арыстарды 
Махамбет айтқандай «кҿзінен тізіп, итжеккенге айдатқан» 
кезеңдегі қаһарын шашып, елді шауып, жауыздық, сатқындық 
ісімен жаналғыштай боп тұрған Жҽңгірдің Ордасына тоғыз жасар 
бауырын ертіп, он тҿрттегі қаршадай қыздың қаймықпай баруының 
ҿзі – ерлік. Басқаша айтқанда, байтал түгіл бас қайғы заманда 
ерлердің мыңының бірі ғана істей алар істі істеген осы – Алмажан. 
Ақын қыз поэмада бұл тҽуекелді сапарда басынан кешкен қилы 
қиындық, ауырлықтарды, ҽділет іздеген ісінің аяққа тапталып, 
нҽтижесіз біткенін реалистік сипатта баяндайды. 
Ақын қыздың ҿмірі жайлы деректер оның «Жетім қыз» 
поэмасындағы қара сҿзбен берілген түсініктері жҽне Алмажан 
Азаматқызы мұрасын ҽдеби оқулыққа алғаш енгізген ғалым 
Қажым Жұмалиевтің жазуы негізінде айтылып жүр. Сол бойынша 
Алмажан Азаматқызы Орал облысы, Жҽнібек ауданы, Нарынның 
Бекетай-Бесқасқа деген жерінде 1823 жылы дүниеге келген. Қай 


- 168 - 
жылы қайтыс болғаны жайлы дерек жоқ. Ҽкесі Азамат
Исатай-Махамбет бастаған ұлт азаттық кҿтерілісіне қатысып, сол 
кҿтерілісте қаза тапқан. «Түсінде Ерпалуан ҽулие аян беріп» (ел 
аңызында), ҿнер дарыған Алмажан жасынан ақын қыз атанып, 
халық ілтипатына бҿленген. Анасы ерте дүние салып, ҽкесінің 
тҽрбиесінде азаматтық қайсар рухта ҿскендіктен де, оның поэмасы 
– Махамбет стиліне жақын, отты, жігерлі шығарма. Ҽке қазасынан 
соң барлық тұрмыс тақсіреті, Тҿрежан деген бауырының жетімдік 
тағдыры Алмажанның иығына түседі. Осындай ҿмір кезеңінің 
қасіретті шағында Нарында ел билеген 9 би оның ҽкесінің 
кҿтеріліске қатысқанын сылтауратып, малдарын тартып алып, ҿзін 
тоқал, бауырын құл етпек болады. Қайратты қыз малын, үйін 
тастап, бауырын ертіп, қарт атасына келіп билерден кҿрген 
жҽбірін айтып, қоштасып, Жасқұсқа ханға арыздануға аттанады. 
Билерден қорқып, олардың қастарына ешкім ермейді. Сҿйтіп олар
жолда адасып жүріп, кҿп михнат шегеді. Содан олар шҿлдеп, 
шаршап, шалдығып жүріп, бір күні хан қорығына тап болады. Хан 
қорығына рұқсатсыз енгендер жазаланатынын білетін қыз 
шарасыздықтан абдырып тұрғанда, оларға кҿтеріліс кезінде 
ҽкесімен бірге болған, ҽкесінің досы Сағитжан деген ноғай жігіт 
жолығады. Бала кезінде ҿз үйіне ҽкесіне келген досы екенін танып, 
Алмажан одан кҿмек сұрайды. Сағитжан он тҿрт жасар жас қыз 
бен жеті жасар баланы хан ордасының тұрған жеріне апарып 
салады. Бірақ хан ордасын күзетушілер ҿздерін тҽлкек етіп, ханға 
жібермейді. Поэма сюжеті қысқаша осындай.
Поэма тұңғыш рет 1924 жылы «Шолпан» журналында, одан 
соң 1929 жылы «Жаңа ҽдебиет» журналының №5 санында «Алмаш 
қыз» деген атпен басылды. Бұдан кейін поэманы Қ.Жұмалиев 1959 
жылы «Жетім қыз» атты тақырыппен шығарды. Осы нұсқадан ҿзге 
1941 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданы, «Сарыҿзен» 
колхозында тұратын Зейнолла Ҽкішев деген азамат КСРО ҒА-
сының Қазақ филиалының Орталық ғылыми қорына ҿткізген 
қолжазбасы да бар. Ол қолжазбада поэма сюжеті ҿзгеше ҿрілген. 
Мҽселен, шаршап, шалдығып, адасқан Алмажандар «Құрғақкҿл» 
деген қамысты кҿл жағасында ҽкелерінің досы Сағатжан есімді 
қазақ жігітімен кездеседі. Сағатжан оларды хан қарауылына 
жолықтырып, қыз ҿз жайын ҿлеңмен айтқан соң, қарауылдар 
бұларды ханға жібереді. Хан алдына барған қыз алдымен ханды 
мадақтап ҿлең айтады. Одан соң тоғыз биден кҿрген қорлығын 


- 169 - 
жыр етеді. Хан, жанында отырған сол тоғыз биді жақтап, «Байтал 
шауып, бҽйге алмас» деп, қыздың сҿзін тыңдамайды. Оған ыза 
болған Алмаш ханға: «Түзулікті білмейтін мына ханнан мал 
артық» – дейді. Хан қаһарланып, екі жетімді байлатып, қаматады. 
Жыр Сағатжанның араласуымен қос жетім ҿлімнен аман қалды деп 
аяқталады. Х.Сүйіншҽлиев «XIX ғасыр ҽдебиеті» (Алматы: «Ана 
тілі», 1992) атты оқулығында: «Қарақалпақстандық Нұржігітұлы 
Бҽйіш «Алмаш» деген атпен жырланған нұсқасын тауып алған» 
(78-бет)- деген дерек айтады, алайда «Қазақ қолжазбаларының 
ғылыми сипаттамасында» ондай нұсқа туралы ешқандай мҽлімет 
жоқ. 
Алмажан Азаматқызы шығармашылығын алғаш зерттеп, 
оқулықтарға енгізіп, ҽдебиет тарихында «Жетім қыз» поэмасының 
оқытылу қажеттігін дҽйектеп жазған ғалым – Қажым Жұмалиев. 
Одан соңғы Х.Сүйіншҽлиевтің ХІХ ғасыр ҽдебиетіне арналған 
оқулықтарында Алмажан шығармашылығына орын берілген.
Сонымен, Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасының 
ҽдеби маңызы мен ҽдебиет оқулықтарына енгізілу себептері 
мыналар: 
1. «Жетім қыз» – қазақ ҽдебиеті тарихында ҿз авторлығын 
сақтап жеткен ақын қыздар шығармаларының ішіндегі тұңғыш 
эпикалық поэма. 
2. 
Поэма кҿтерілістен соңғы халық күйзелісін, ел 
билеушілердің озбырлық іс-ҽрекеттерін тарихи нақтылықпен 
суреттеп, Махамбет ҿлеңдеріндегі отаршылдар, Жҽңгір хан, ел 
басшылары образдарының реалистік сипатын дҽйектеуімен құнды. 
3. «Жетім қыз» поэмасындағы ҽділетсіздікке қарсылық, 
бостандық рухындағы ҿршіл стиль – Махамбет поэзиясының 
азаттық бағытын жалғасытырған поэтикалық туынды екеніне 
айғақ. 
4. Алмажанның «Жетім қыз» поэмасы – заманындағы тарихи 
ҽлеуметтік жағдайларды шебер суреттеген нағыз ҽдеби-кҿркем 
туынды. 
«Жетім қыз» поэмасы – нақты ҿмір шындығын суреттеген 
шығарма. Онда романтикалық кҿркемдеу құралдары жиі 
қолданылғанымен, сюжетінде романтика жоқ. 
Поэма – ҿмір құбылысына терең бойлап, кеңінен шолып 
баяндауға емес, Алмажанның ҿз басынан ҿткен оқиғаларды 
ретімен суреттеуге құрылған. Солай болса да, поэма ҿте кҿркем 


- 170 - 
ҽдеби тілмен жырланған. Туынды Алмажанның Нарындағы 9 
биден кҿрген қорлығын атасына келіп айтудан басталады. Поэма 
басында Алмажанның жайы айтылып, оның бауырын ертіп, Жҽңгір 
ханға барар сапар алдында қарт атасымен қоштасуға келгені қара 
сҿзбен баяндалады. Одан соң поэманың алғашқы ауқымды бҿлімі 
Алмажанның ҽдеби кҿркемдеу құралдарын қолдана отырып, ҿз 
тағдырын суреттеуімен ашылады. Бұл бҿлімнің кей шумақтары 
мынадай: 
Мақпал бір ойласам, жарасар 
Алтын сандық зерлерге, 
Ғұзырлық етсем жарасар 
Сҿйлеген қызыл тілдерге. 
Бастаңғыма бал жеген 
Толықсыған қыз едім, 
Күніме жетпей айрылдым, 
Екі бірдей тірімнен. 
Ҽкекем ҿзі кеткен соң, 
Атаңа нҽлет тоғыз би, 
Адастырды- ау жҿнімнен. 
Адастырған емей немене, 
Зорлық етіп айырдың 
Ата бір қоныстан. 
Атамнан қалған малды алдың, 
Ең болмаса тоғыз би, 
Шыдамадың қырқына-ай. 
Алтын туы жығылды 
Мысыр сынды қаланың. 
Делбесі жібек үзілді 
Күймелі күміс шананың. 
Ҽкем мен шешем ҿлген соң, – 
Қанғаны сол ма табаңның! 
Қас ақымақ болмасаң, 
Ҿлімге неге күлесің, 
Қайдан білдің, тоғыз би, 
Боларың неден қазаңның? 
Қатерлі қызың мен болсам, 


- 171 - 
Алдына келсін балаңның. 
Қызыл тілім сау болса, 
Асықпай жүр, тоғыз би, 
Басыңды бір тығармын 
Арнына ҿлген анаңның. 
Жҽңгір ханды ниеттеніп, 
Жетімді қолдан жетелеп,
Қызың да кетіп барады, 
Қамқор едің, атеке, 
Кҿріселік, қолың бер. 
Жалғыз да кетіп барамын, 
Атеке, кҿрсең сҽлем айт 
Қайратты, қанды жігітке, – 
Қасыма бірі ермеді. 
Билерден қорлық кҿрген соң, 
Алып та қашып барамын, 
Ҽкемнен қалған бір тұяқ 
Тҿрежанның ҿз басын. 
Атеке, кҿзің сала жүр, 
Атаңа нҽлет, тоғыз би 
Артымда қалған малымды 
Тағы да талап алмасын. 
Мұндай да мұндай іс кҿрдім, 
Кҿріп тұр ғой кҿзіңіз. 
Қартайған соң халқыңа 
Елеусіз болды сҿзіңіз. 
Жҽңгір ханды ниеттеніп, 
Қызың да кетіп барады, – 
Кҿріскенше күн жақсы, 
Қош-аман бол ҿзіңіз. 
Поэманың атасымен қоштасып, жолға шыққан II бҿлімінде 
Алмажандардың жолда адасулары, сҿйтіп ханның қамысты 
қорығына тап болуы, інісін қайраттандырып айтқан жігерлі сҿздері 
жайлы қара сҿзбен берілген қысқа түсініктен соң, Алмажан 


- 172 - 
поэмасының екінші бҿлімі басталады. Кҿркемдік кестесі, тіл 
ерекшелігі, сҿз қолданысындағы стильдік қырлары, кҿркемдеу 
құралдарын шебер қолдануы жағынан поэманың осы бҿлімі ең 
кҿркем жҽне Махамбет поэзиясының ықпалы айқын кҿрінетін 
ерлік рухтағы жігерлі жыр жолдарына толы. Мысалы:
Келіп кіріп кетіппіз 
Ызғын қалың қамысқа,
Енді ойласам, қарағым,
Адасар болдық сыңайы. 
Ханның кҿлі – қорық кҿл, 
Мұнда келсе қарауыл, 
Кҿлде не ғып тұрайын!?
Жасыңда қалдың, шырағым,
Ата, анаңды кҿре алмай. 
Арманда кетті екеуі, 
Қызығыңды кҿре алмай. 
Алмажан сынды сұм апаң 
Жылай да толғап келеді, 
Басыңа пана бола алмай. 
Толықсыған кҿңілім 
Басылмайды, қарағым, 
Тоғыз биден кек алмай. 
Елінен безген қос жетім, 
Мекендер болдық екеуміз 
Қалың қамыс құрағын. 
Елінен безген жетімнің
Кім білер жосық, тұрағын. 
Ҽпекең мұңдық сау болса, 
Дұшпаннан кегіңді ҽперер, 
Кҿңілің бұзып, қамығып, 
Жылай берме, шырағым. 
Қанаттасым, жалғызым, 
Тар жерде жылап жасыма, 
Ҽпекең сенің қасыңда. 
Тар жерде жылау лайық па, 


- 173 - 
Азамат ердің баласы
Тҿрежан деген басыңа? 
Құлан бір түзде, қу кҿлде, 
Кҿңілді бұзып қамығып, 
Жылай да берме, шырағым, 
Алмажан сынды ҽпекең 
Құрбандық болсын басыңа! 
Қаршыға құстың баласы 
Ұшады зулап алысқа, 
Қонады зҽулім кҿз жетпес, 
Бҽйтерек басы шалысқа. 
Арғымақтан туған қазан ат, 
Болдырмайды шабысқа. 
Асылдан қалған тұяғым, 
Билерден қорлық кҿрген соң, 
Шыдамай шықтым намысқа. 
Поэманың қара сҿзбен үшінші бҿліміне берілген түсінікте хан 
қорығында Алмажандарға Сағитжанның кездесуі, оған ҿз жайын 
айтып, досының қызы екенін есіне салып, хан сарайына апаруын 
ҿтінуі айтылады. Бұл бҿлімдегі ең ұтымды кҿркем шумақтар 
мыналар: 
Жылқы салдым тоғайға, 
Тоғай бір толы шоғайна, 
Оңға шығар ақ ісім, 
Ісім келер оңайға. 
Оңайға ісім келмесе, 
Осындай игі жақсы адам, 
Шақырсам да жолай ма? 
Елінен безген қос жетім, 
Құдай айдап кез болды 
Ҽкемнің досы ноғайға. 
Менің атым – Алмажан. 
Сіздің келген уақытта, 
Тоғыз жасар бала едім 
Тұлымшағымды шалмаған. 


- 174 - 
Ҿспей кеткір сұм басым, 
Он тҿртіме келгенде, 
Салиқалы қыз болдым 
Жібектей шашын тараған. 
Кешегі кеткен ҽкекем 
Ерлігін оның сұрасаң, 
Ер Ҽлиден кем емес; 
Ҿз дегені болмаса, 
Пенденің тілін алмаған. 
Ақылы артық арыстаным 
Озып еді байтақтан, 
Үзілсе арқау жалғаған. 
Соңғы бҿлімде хан үйінің алдына келген Алмажандарды хан 
есігін күзеткен билер ханға жібермейді. Олардың қылықтары 
Нарындағы 9 биден де ҿтіп, екі жетімді қоршап, ұстап алып, 
жҽбірлемек болады. IV бҿлімнің түсінігінде қара сҿзбен осы жай 
айтылып, соңында «Алмажан билерге мына сҿзді айтады» – деп, 
Алмажан поэмасының соңғы бҿлімі берілген. Онда мынадай 
ҽділетсіздік пен озбырлықты суреттейтін шумақтар бар: 
Елім бір кҿшті талдауға,
Талдаудың түбін барлауға, 
Сұрамай жҿнімді, ұстадың, 
Екі бірдей жас жетім 
Кҿрінді ме оп-оңай, 
Билерім, сізге алдауға. 
Алыстан іздеп келгенде,
Сендерден қорлық кҿргенім, 
Нарындағы тоғыз залымнан
Құтылдым деген қу басым, 
Қайтадан түстік байлауға. 
Ай жалыны айда екен, 
Күн жалыны күнде екен, 
Орданың басшы билері, 
Қас қасқырлар мында екен. 
Арызға келген жетімді 


- 175 - 
Жібермей, жолдан тоқтату, 
Билерім, сізге жҿн бе екен? 
Нарындағы тоғыз залымнан. 
Онан да зорлар мында екен. 
Келіп едім даңқымен 
Жҽңгір ханның ғұзырына, 
Күндіз-түні барсаң да, 
Есігі бар кең деген. 
Қалай еді билері, 
Арызға келген жетімді 
Жібермей жолдан тоқтатып: 
«Параң болса, бер!» – деген. 
Қоя бер, билер, жҿніме, 
Қалжыңдасып тұратын 
Үйіңдегі жеңге емен. 
Алмажан Азаматқызы поэзиясының тіл байлығы, қолданған 
сҿз образдарының сонылығы, ҿмір шындығын дҽл де нақты 
суреттеуі – оның дарынды ақын болып ҿсіп келе жатқан жас екенін 
дҽлелдейді. Ҿкінішке орай, Алмажанның осы поэмасынан басқа 
шығармалары ҽзірге ғылымға белгісіз, ел ішінен, мұрағаттардан 
мүмкін келешекте табылар. Бірақ ақын қыздың осы жалғыз
шығармасының кҿркемдік айшығының ҿзі-ақ, оны ҽдебиет 
тарихының ҿкілі етуге толық жеткілікті. Кез-келген сҿз зергерінің 
ҿскен ортасы, ҽлеуметтік жағдайы, ой-санасы, қадыр тұтқан ҿнері 
мен шұғылданған кҽсібі, мамандығы, тіпті жынысы оның стиліне,
сҿз қолдану, образ сомдау тҽсіліне ҿз ықпалын тигізері сҿзсіз. Осы 
тұғыдан қарастырғанда, поэма авторы қыз бала болғандықтан үй 
іші, жасау-жабдық, киім-кешекке байланысты сҿздерді кҿркемдік-
эстетикалық мҽнде қолданады. Мысалы: 
Мақпал бір етсем жарасар, 
Алтын сандық зерлерге... 
Алтын зер салсам жарасар, 
Қара мауыт жағаға... 
Қой айдаттым базарға 
Алтынды, күміс теңгеге. 
Жасау бір жидым жайнатып, 


- 176 - 
Қарағайдан салған бҿлмеге... 
Менің атым – Алмажан; 
Сіздің келген уақытта 
Тоғыз жасар қыз едім 
Тұлымшағымды салмаған. 
Он тҿртіме келгенде, 
Салиқалы қыз болдым, 
Жібектей шашым талданған... 
Алмажанның стиліндегі ерлікті, намысқой ҿжеттік пен қайтпас 
қайсарлықты айшықтайтын сҿздер мен сҿз тіркестері оны 
Махамбет ақынның ізбасарлары қатарына қосуға толық негіз 
береді. Мысалы, Алмажанның: 
Қаршыға құстың баласы, 
Ұшады заулап алысқа, 
Қонады зҽулім кҿз жетпес, 
Бҽйтерек басы шалысқа. 
Арғымақтан туған қазан ат, 
Болдырмайды шабысқа. 
Асылдан қалған тұяғым, 
Билерден қорлық кҿрген соң, 
Шыдамай шықтым намысқа... 
Қараша құс мекендер 
Қарағай, қайың, тал басын. 
Киік, құлан мекендер 
Асқар таудың жал басын. 
Ҽкекем ҿзің кеткен соң, 
Атаңа нҽлет тоғыз би 
Ұмытып кетті-ау алласын. 
Алмажан сынды сұм апаң, 
Жылай да толғап келеді, 
Басыңа пана бола алмай. 
Толықсыған кҿңілім 
Басылмайды қарағым, 
Тоғыз биден кек алмай ... – 
деген сҿзі − осының айғағы. 


- 177 - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет