Бекіту сұрақтары: Төмендегі тақырыптарға сабақ жоспарларын құру , сабақ үзінділерін көрсету және талдау.
1/ Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру
2/ Толық ондыққа 1-ді қосу және азайту.
3/ Санның ондық құрамына негізделген қосу және азайту.
4/ Теңдеу және оны шешу.
5/ 23+2 және 25-2 жағдайларындағы қосу және азайту.
6/ Екі амалмен шығарылатын есеп.
7/ 5-ті қосу және азайту.
8/ 7-ні қосу және азайту.
9/ 26+30 және 56-30 жағдайларындағы қосу және азайту.
Практикалық сабақ №7
Практикалық сабақ тақырыбы: «Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту», «Ондықтан аттап қосу және азайту» тақырыптарына сабақ жоспарларын құрастыру.
Тапсырмалар:
1. Сабақтың мақсатын қою.
2. Сабақтың типін анықтау.
3. Оқулықтағы, математика дәптерлеріндегі тапсырмаларды талдау.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақтың тақырыбын дұрыс атап жазу. Сабақтың мақсатын анықтау.
Сабақтың құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне байланысты оқу материалын іріктеп алу. Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданылатын әдістерін анықтау. Оқыту құралдарын таңдау (оқулық, дидактикалық материалдар көрнекі құралдар, т.б.). Материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдар дайындау. Үй тапсырмасын беру, сабақты қорытындылаудың түрін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |