Бекіту сұрақтары: Төмендегі тақырыптарға сабақ жоспарларын құру , сабақ үзінділерін көрсету және талдау.
1/ Қосу және азайту (амалдардың қасиеттеріне сүйеніп есептеулер жүргізу).
2/ Қосу және азайту (ауызша есептеу тәсілдері).
3/ Қосу және азайту (жазбаша есептеу тәсілдері).
Практикалық сабақ №15
Практикалық сабақ тақырыбы: «Екі таңбалы санға көбейту және бөлу» тақырыптарына сабақ жоспарларын құрастыру.
Тапсырмалар:
1. Сабақтың мақсатын қою.
2. Сабақтың типін анықтау.
3. Оқулықтағы, математика дәптерлеріндегі тапсырмаларды талдау.
Әдістемелік нұсқау:
Сабақтың тақырыбын дұрыс атап жазу. Сабақтың мақсатын анықтау.
Сабақтың құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне байланысты оқу материалын іріктеп алу. Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданылатын әдістерін анықтау. Оқыту құралдарын таңдау (оқулық, дидактикалық материалдар көрнекі құралдар, т.б.). Материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдар дайындау. Үй тапсырмасын беру, сабақты қорытындылаудың түрін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |