Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Bolashaq» академиясы» жеке меншік мекемесі



бет21/104
Дата24.08.2020
өлшемі0,64 Mb.
#76766
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Байланысты:
УМК Математика пмно

Дәріс №17.

Дәріс тақырыбы: Оқушылардың үйдегі оқу жұмысын ұйымдастыру және тексеру

  1. Үй жұмысы – сабақтағы жұмыстың жалғасы.

  2. Үй тапсырмасын тексерудің тиімді жолдары.

1. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысының танымды және тәрбиелік мәні зор. Үй тапсырмасын күнделікті орындаудың нәтижесінде оқушылардың дербестігі артады, олар өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Баланың үйдегі оқу жұмысы сабақтағы жұмысты жалғастырып, толықтырып отырса, оқушылардың алған білімдерінің терең және берік болуына әсер етеді. Баланың үйдегі оқу жұмысының тәрбиелік мәні мынада: оқу тапсырмаларын күнделікті өздігінен орындау оқушыларды еңбекқорлыққа, жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға тәрбиелейді. Баланың үйдегі оқу жұмысы сабақтағы жұмысымен ойдағыдай ұштасса оқушының жалпы дамуына жақсы әсер етеді. Баланың үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:

1/ Үй тапсырмасын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы нұсқау беруі қажет.

2/ Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай, өмірмен, балалардың іс – тәжірибесімен байланысты болғаны жөн.

3/ Үй тапсырмасы барлығына бірдей біртүрлі мазмұндағы емес, балалардың қызығулары мен қабілеттеріне қарай жекеленген түрде, бірнеше вариантта берілгені пайдалы.

4/ Үй тапсырмасының мазмұны біркелкі емес творчестволық сипатта болғаны жөн, түрлі графикалық, практикалық, тәжірибе жасау, бақылау сияқты жұмыстарға байланысты орындалуы керек.

5/ Үйдегі баланың оқу жұмысының жемісті болуы ең алдымен сабақтың сапасына байланысты: оқушылар жаңа материалды сабақта жақсы түсініп алса, оларға тапсырмасын орындау барысында ауыртпалық және үдкен қиындық тумайды.

6/ Үй тапсырмасын оқушылардың шамасы мен жас ерекшеліктерін ескеру негізінде ұйымдастыру керек.

7/ үйге берілген тапсырманың орындалуына мұғалім мұқият бақылау жүргізіп, бағалап отыруы тиіс.

8/ жүйелі бақылау арқылы мұғалім оқушылардың білімдері мен біліктеріндегі кемшіліктерді дер кезінде байқап, түзетіп отыруы керек.

9/ Үйге берілген тапсырманы бағалауда оқушылар жауаптарының дұрыс немесе теріс, толық, терең немесе шала, үстірт екенін түсіндіріп отыру пайдалы. Сондай-ақ оқушылар тапсырманы орындауда өздерінің ықыласын, дербестігін көрсете білсе оны мұғалім ерекше атап бағалауының тәрбиелік маңызы зор.

10/ Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса, ол оқушының үй тапсырмасын жақсы орындауына себеп болады.

11/ Білімді бағалауда әр оқушыға жекелеп қарау қажет. Мұғалім оқушыға баға қоймай-ақ оның оқудағы табыстарын сөзбен мадақтап отыру пайдалы.

12/ Мұғалім өзінің бағалау жұмысын оқушылардың өзін-өзі бағалау әрекетімен ұштастырып отырса, бағаның тәрбиелік күші артады.


2. Үй жұмысы - өзіндік жұмыстың бір түрі. Бұл жұмысты оқушылар өз беттерімен үйде мұғалімнің көмегінсізорындайды. Сондықтан үй тапсырмасының мақсаты айқын болуы негізгі шарт. Сонда оқушы берілген тапсырманы ынтамен орындай алады.

Сондықтан үйге тапсырма бергенде не істеу керектігін айтып, оның орындалын түсіндіруден гөрі қысқаша нұсқау беріп бағыттау керек. Үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға байланысты оқу жоспарымен аяқталып отырады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындауы мұғалімнің оны тексеру әдісіне байланысты. Егер мұғалім оны оқушыға ауызша оқытып, тексеретін болса, онда оқушы үй тапсырмасын ата-аналарының көмегімен шығарып, оны жете түсінбей, тек таза көшірумен шектеледі.

Үй жұмысын тексеру тек бақылау функциясын ғана емес, оқыту, үйретуміндетін де атқаруы керек. Тапсырманы тексеру – сабақтың бір бөлігі. Яғни ол жаңа жаңа материалды түсіндіруге не өткен материалды пысықтауға негіз болады.

Жалпы класқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Оқу материалының орташа үлгерімді оқушыларға лайықталған деңгейі математиканы меңгеру қарқыны баяу немесе оған қабілетті оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай келе бермейді. Себебі, үлгерімі төмен оқушылар қиындыққа ұшыраса, қабілетті оқушылар өз мүмкіндіктерінен төмен жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемдігін көрсетуіне жағдай жасау. Бұл оқытудың сипаты мен оқушылардың дербес ерекшеліктерін ұштастыру принципі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан үй тапсырмасын бергенде әр оқушының қабілетін ескеру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет