Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет50/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Мысалдары
Сұлтанмахмұттың 
«Арыстан 
мен 
тышқан» аудармасы(1912) мен Спандиярдың осы аттас 
мысалы арасында айырмашылық бірден байқалады. Бір 
тышқан айдалада ұйықтап жатқан арыстанның үстіне ойнақ 
салады. Бас жағына барған кезде арыстан тышқанды ұстап 
алады. Тышқан «босат!» - деп жалынады. «Менен де бір 
жақсылық кӛрерсің!» - дейді. 
Арыстан күліп айтты: «Сорлы тышқан! 
Не жақсылық қайтады сен байғұстан? 
Дүниеде саған қалған күнім құрсын, 
Күшің кем жүдырықтай шымшық құстан» 
Ақыр соңында «кӛңіл кӛтеріп, күлдіргенің үшін 
босатайын!» - деп тышқанды қоя береді. Арыстан бір күні 
торға түседі. 
Даусын танып баяғы тышқан келіп
Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп. 
Мысал 
осылай 
аяқталады. 
Мұнда 
қорытынды 
жасалмайды. 
Қорытынды 
жасау 
оқырман 
үлесіне 
қалдырылады. Ә.Бӛкейхан аудармасында оқиғаны қара 
сӛзбен баяндап беру бар. Ал С.Кӛбеевтің «Арыстан мен 
тышқан» мысалы 
Мінеке, сізге ғибрат болсын бұл да, 
Жаратты жанға не қып бізді құда. 
- деген жолдармен түйінделеді. Әрі тышқан кезінде ӛзін 
келемеж қылған арыстанды сӛгеді. 
Ғ.Тоқайдан аударған «Екі тышқан» мысалында 
да(1912) ынтымақ, бірлік мәселесі кӛтеріледі. Екі тышқан 
даладан тауып алған майды бӛлісе алмай жанжалдасады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


113 
Тӛреші болған маймыл майды жоқ қылады. Алғашқы 
мысалдан бір ӛзгешелігі, бұнда қорытынды түйін бар: 
Сорлының жанжалдасқан мйы қайда: 
Бермейді ешбір уақыт жанжал пайда. 
Ӛзара қосылмаса ынтымағың, 
Жем болдың кӛрінгенге әрбір жайда. 
«Кӛк ӛгіз» (1912) мысалында табынын тастап,
жылқыларға қосылған ӛгіз жайы баяндалады. Ордалы 
қасқыр қамаған кезде жылқы үркіп қашады. Қасқырдың 
ортасында қалған ӛгізді ӛзге сиырлар құтқарады. 
Әпендім, ой жіберсең бұл бір ақыл, 
Бұрынғы кәриелерден қалған ақыл, 
Жынысы басқа жылқылар тастап кетіп
Бәледен ӛз жынысы құтқарды ақыр. 
Автор нақты оқушысынан мысал астарына үңілуді 
сұрайды. Ақынның бір шумақтан тұратын «Мысал» атты 
ӛлеңі бар. Жанр ӛзгешелігін Сұлтанмахмұттың «Мысалы» 
әбден айғақтайды. 
Бір жерде бір бас қосқан жиын, топыр, 
Ішінде бір бишара кӛзі соқыр. 
Алдар деп кӛзі бардың соңына ермей, 
Жоқ болған жарға құлап байғұс соқыр. 
Мысалда сюжет те бар, осы оқиғаның дамуы(соқырдың 
жиын, топыр арасында болуы), шарықтап шешілуі(кӛзі 
барға сенбегендіктен жарға құлауы) де бар. Мораль екінші 
бӛлімде. Түйін жасаудың ешқандай қажеті жоқ. Қарап 
отырсақ, Сұлтанмахмұт мысалдарының барлығы бір ғана 
мәселеге, ӛзара ынтымақ, ауызбірлік мәселесіне арналған. 
Ақын мысалдары шағын кӛлемді. 11 буынға құрылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет