Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет13/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Фольклорлық 
балалар 
поэзиясы. 
Балалар 
фольклорының ең бір үлкен саласы -фольклорлық балалар 
поэзиясы, немесе балаларға арналған халық ӛлеңдері. 
Фольклорлық балалар поэзиясын жалпы атаумен балалар 
фольклоры деп те атай береді. Балалар фольклорының 
кейбір үлгілерінде мазмұнға жеткілікті мән беріле бермейді. 
¥йқасы оңай, ойнақы болса, ондай ӛлеңдер кӛбірек қолдау 
табады. Осындай ӛзгешелік ойын ӛлеңдерінен анық 
кӛрінеді. Мазмұнға жеткілікті кӛңіл бӛлінбеу мысалын 
санамақтардан анық байқаймыз. «Бірлан, сірлан, қабылан, 
қатыс, мірлан отыз, сен тұр, сен шық». Балаларға арналған 
халық ӛлеңінің бір түрі осындай. Ӛлең жеңіл ұйқасқа 
құрылған, ойнақы. Ӛлең шумағындағы біраз сӛздің 
мағынасы 
түсініксіз. 
К.Ісләмжанұлы 
тӛмендегіше 
түсініктеме береді: «Ғалымдардың пайымдауынша, жұмбақ 
сӛздердің шығу тегі сонау алғашқы қауымдық құрылысқа 
тіреледі. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, 
аң-құс, табиғат құбылыстарының кӛпшілігі тура аталмай, 
шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдің 
сарқыны бар. Балалар тірлігінде ол әлі күнге сол 
дәрежесінде кӛрініс тауып келеді - деген ғылыми пайымның 
дұрыстығын 
қазақ 
санамақтарының 
табиғаты 
да 
дәлелдейді»(50,98). Қазақ балалар санамақтарында орыс 
тілінен енген кірме тіркестер де кездеседі. 
Они, Вани 
Туфли Вани 
Васкаризм. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


37 
Оңшыл, молшыл, 
Гологоншыл, 
Кошкин дом 
Вышел вон, 
Балалар фольклорында коллективтік сипат басым 
келеді. Халық ӛлеңдерін балалар жаттап алып, айтып 
жүреді. Кезекпе-кезек айтылатын ӛлең түрлері де(«Бақа», 
«Түйе, түйе, түйелер», «Түлкі, түлкі, түлкішек» т.б.) балалар 
фольклорында 
мол. 
Халық 
сатирасымен 
тамырлас 
мазақтамалар да балалардың есінде жүреді. Табиғи 
ерекшеліктерін сезініп ӛзара бӛлектене бастайтын ұлдар 
мен қыздардың бір-бірін мазақтап, ызаландыруға кӛшкен 
әрекеттері балалар айтысынан кӛрінеді. 
Балалар фольклорында түрлі кӛне түсініктер(арнау-
тілек ӛлеңдері), ырым, салт жоралғылары(тұсау кесу жыры), 
жан-жануарлардың 
даусы 
мен 
қимылына 
еліктеу 
құбылыстары(ойындар мен ойын ӛлеңдері) байқалады. 
Балалар ойындары ӛлеңдерінің орындалуы ойындық 
шартты әрекеттермен байланысты келеді. Ал арнау-тілек 
ӛлеңдерінің шығу тегі ай, күн т.б. құбылыстарды киелі деп 
есептеген анимистік ұғымнан туындайды. Және түрлі 
жануарларды тотемге айналдырған халық түсінігі де бар. 
Бала ӛміріне қатысты дәстүрлі ғұрыптарға, ырым, салттарға 
байланысты орындалатын ӛлеңдер де бұған дәлел. 
Балалар фольклоры балалар коллективінің ӛзіндік 
сүзгісінен ӛтеді. Ӛз ұғымдарына, түсініктеріне, тіл 
оралымына, іс-әрекеттеріне сәйкес емес туындылар балалар 
тарапынан қабылданбайды. Ал қабылданған жағдайда 
балалар шығармашылығының дәстүріне лайықты ӛзгеріп, 
ӛңделеді. 
Міне, осы айтылған ерекшеліктердің барлығына 
фольклорлық балалар поэзиясын іштей саралауда назар 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


38 
аударылады. Бұл шарттарды К.Ісләмжанүлы тӛмендегіше 
жинақтап кӛрсетеді: 
-шығармаларды 
кім 
шығарып, 
кімдердің 
орындайтындығын және қалай орындайтындығын ескеру; 
- шығармалардың атқаратын қызметін ескеру; 
- балалардың жас ерекшелігін ескеру; 
-шығармалардың 
поэтикасын(шығармалардың 
тақырыптық, мазмұндық, сюжеттік, композициялық 
құрылымын, сӛз саптасын, тіл кестесін т.т.) ескеру. 
Сонымен 
аталған 
принциптер 
бойынша 
К.Ісләмжанұлы балаларға арналған халық ӛлеңдерін 
мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бӛледі: 
Әлпештеу поэзиясы(бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, 
мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары); Жеткіншектер
поэзиясы(маусымдық жырлар, арнау-тілек ӛлеңдері,
балалар ӛлеңдері:тақпақ, сұрамақ; қызықтама, ӛтірік ӛлең, 
мазақтама); Ойындық фольклор(ойын ӛлеңдері: тәжікелесу, 
жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы, ойынға байланысты 
жырлар: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық 
ойындар) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет