45
болады. Біріншіден, баланың әрқашан күнделікті тұрмыста
таныс, ӛз ұғымына жақын заттарды таңдайтыны кӛрінеді.
Екіншіден, бала талғамына халық шаруашылығының да
елеулі әсер ететіндігі байқалады. Сонымен қаламақтар
баланың ішкі дүниесінен мол хабар береді. Санамақ
қаламаққа қарағанда кӛлемдірек. Санамақ кӛбінесе санды
негізге алады. Мағынасы түсініксіз сӛздер санамақта жиі
кездеседі.
Бірім, екім,
Алма, текім,
Сары шымшық,
Сартылдауық,
Сен тұр,
Сен шық!
Бұл жанрдың да тәлімдік мәні ӛте зор. Ең алдымен
ұйқасты ӛлеңдер баланы әдемі сӛйлеуге дағдыландырады.
Жаттау қабілетін, танымдық ой-ӛрісін дамытады. Санамақ
тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа
баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: