Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет47/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
2 тарау. Ш.ҚҦДАЙБЕРДИЕВ 
Оқу-білім, ӛнер тақырыбындағы ӛлеңдері. 
Оқу-білім 
тақырыбындағы ӛлеңдеріне оның «Жастарға», «Абай 
марқұм ӛткен соң ӛзіме айтқан жырларым» ӛлеңдерін 
жатқызуға болады. «Жастарға» (1879) ӛлеңінде Шәкәрім 
халықты бақытқа, жақсы ӛмірге жеткізудің бірден-бір жолы 
- ғылым мен ӛнерде, мәдениет пен еңбекте, адалдық пен 
әділдікте деген ой айтады және қазақ жастарын соған 
үндейді. Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», 
«Ғылым таппай мақтанба» ӛлеңдерімен мазмұндас бүл ӛлең 
халық ақылшысы, ұлы ұстаз Абай есімімен шебер 
ӛрнектелген. Шәкәрім: «Абайдың қадірін жете түсінейік, 
әйтпегенде сӛзімізді ұғар жан жоқ екен деп бізден де үмітін 
үзер» - дейді. 
Әкесінен жеті жасында айрылған Шәкәрімді атасы 
Құнанбай жетімдігін сезінбесін деген оймен бетінен қақпай 
еркебұла ғып ӛсірсе керек. Жүйрік ат мініп, құмай тазы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


106 
ертіп, қыран бүркіт ұстаған Шәкәрім жастық шағының біраз 
жылын сауық-сайран, саятшылықпен ӛткізген екен. Оны 
жӛнге келтіріп, ақылға салған сол кездің ӛзінде ел 
ақылшысы болып танылған дана-данышпан Абай болатын. 
Абайдың данышпандығын алғашқылардың бірі болып 
Шәкәрім «Жастарға» ӛлеңінде мойындайды: 
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, 
Арам айла, зорлықсыз мал табалық, 
Ӛшпес ӛмір, таусылмас мал берерлік, 
Бір білімді данышпан жан табалық. 
Ӛлең жастарға айтылатын тілек түрінде жазылған. Онда 
ол «ақылы дария, білімі кӛл-гӛсір данышпанның алдына 
жүгінейік, біз сияқты ауьгл жастарын қолынан түк 
келмейтін ӛңкей мылжың деп сӛгіп кетпесін, жаздық-
жаңылдық, уақытымыздың кӛбін зая ӛткізіп алдық десек, 
мейірімі түсер, білімдінің батасын алайық, білмекке құштар 
кӛңілімізді байқап, еңбегім жанатын болды деп бір 
қуансын» дейді. 
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан, 
Әр түрлі асылы кӛп ӛтпей жатқан. 
Тегін білсең аласың, бос береді. 
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан. 
- деген шумақтарда Шәкәрімнің Абайды ақысыз-пұлсыз
ақыл сатқан «саудагер» бейнесінде беруі ӛте сәтті, 
нанымды шыққан. Осыншама қымбат дүниені тегін беру -
жанашыр, қамқор адамның ғана қолынан келеді деген ой 
қылаң береді. 
Шәкәрім Абайдың әділдігіне риза, турашылдығына 
тәнті, ұлылығына бас иеді. Сӛйтсе де, «Дос жылатып 
айтады, дұшпан күлдіріп айтады» дегендей Абайдың қатты 
айтқан сӛздерін кӛңіліне ауыр алған сәті де болса керек. 
Сӛзбен де, ӛлеңмен де сабақ беріп, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


107 
Алсын деп керектісін ӛзі теріп, 
Шиқанымды езгендей шықты жаным, 
Айтқанда естігендер үғып келіп. 
Шүу дегенде бұл сӛзі жанға батты. 
Бұрын ондай кӛргем жоқ жаманатты, 
Қайырусыз, қағусыз ӛскен басым, 
Бұлқындым шу асаудай мойны қатты. 
Жаны ашып, жақсы соқпақ тазалапты, 
Жігерленсін, білсін деп табалапты. 
Жоба кӛрмей, жүгенсіз кетпесін деп, 
Қатты сӛзбен қайырып қамалапты. 
- дей келіп, Абайды шын жанашырым деп ұғады. 
Шәкәрімнің «Абай марқұм ӛткен соң ӛзіме айтқан 
жырларым» деген ӛлеңі(1912) элегия сарынында жазылған. 
Естінің сӛзін ұқпас ортада ӛз жалғыздығын сезінуден, 
торығудан, Абайды сағынудан туған ӛлең. Ӛлеңнен Абайға 
мұңын шағып, шерін тарқатып тұрған Шәкәрімді кӛргендей 
боласың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет