Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет55/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
С.Кӛбеев ӛмірінің басты кезеңдерін «Орындалған 
арман» романы негізінде баяндаңыздар. С.Кӛбеев ӛмірі мен 
қызметінің Ы.Алтынсарин шығармашылық ӛмірбаянына 
ұқсастығын дәлелдеңіздер.
 
2.
С.Кӛбеев 
мысалдарының 
ерекшеліктеріне 
тоқталыңыздар. 
3.
С.Торайғыровтың, 
С.Дӛнентаевтың, 
С.Кӛбеевтің 
балаларға арналған шығармаларындағы дара және ортақ 
стильдік белгілерді айқындаңыздар 
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
С.Кӛбеев. Орындалған арман. - Алматы: Жазушы,1988. 
2.
С.Кӛбеев. Таңдамалы шығармалары. –Алматы: Қазақ
универсиеті, 2006.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


132 
3.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. – 
 
Алматы:Мектеп, 1980.
 
4.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. –
Павлодар: Арман, 2004. 
6 тарау. А.БАЙТҦРСЫНОВ 
«Қырық мысал» кітабы(1909). 
Ақын халықты ояту, 
сана-сезіміне әсер ету жолдарын іздеді. Әлеуметтік ойға 
ықпал ету мақсатымен И.А.Крылов туындыларын аударады. 
«Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте 
бастырып шығарады. А.Байтұрсынов мысалдарында қазақ 
тұрмысына жақын суреттер бар. Патша отаршыларының 
зорлық-зомбылығына байланысты сарындарды жұмбақтап 
жеткізеді. Заман тынысын танытатын ойлар айтады. 
Сондықтан А.Байтұрсынов аударма мысалдарында еркіндік 
басым. 
А.Байтұрсынов 
мысалдарының 
барлығы 
дерлік 
қорытынды 
түйінмен 
аяқталады. 
Мақал-мәтелмен 
түйінделетін түрлері де(«Шымшық пен кӛгершін», «Ӛгіз 
бен бақа», «Қасқыр мен мысық» т.б.) кездеседі. 
Байтұрсынов 
мысалдары 
нақты 
адамға(«Жігіттер, 
сақтаныңыз надан достан», «Қазағым, сал құлағың 
нақылыма» т.б.) арналады. Кӛбінесе қаратпа сӛз жасырын 
тұрады. Кейде бірінші жақтан қауіп айтылады. 
Жұрт едік аңқау ӛскен қазақ болып, 
Далада, кең сахарада кӛшіп-қонып. 
Алдаған залымдардың тіліне еріп, 
Жүрмесек болар еді мазақ болып 
(«Қарға мен түлкі»). 
Абайдың Крыловтың «Қарға мен түлкісін» екі нүсқада 
аударғаны белгілі. Байтұрсынов аудармасы 12 шумақтан 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


133 
тұрады. Соның 6 шумағы түлкінің қарғаны мақтауына 
арналған. Байтұрсынов 
Қарасақ, кӛп адамдар түлкі боп жүр, 
Залымдық ӛтірік пен мүлкі боп жүр. 
Солардың сұмдығына түсінбеген 
Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр. 
- деп заман шындығынан хабар беріп барып жоғарыдағы 
қаупін білдіреді. Кӛпшілік мысалдарда(«Қасқыр мен қозы», 
«Қартайған арыстан», «Маймыл мен кӛзілдірік», «Шал мен 
ажал» т.б.) автор ӛз ойын қоса қабат беріп отырады. 
Мысалы, 
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі, 
Ойлаймын: оны мақтар шықпас кісі. 
Нашарды талай адам талап жеп жүр, 
Бӛріден артық дейміз оның несі?! 
(«Қасқыр мен қозы») 
Кейбір мысалдардан(«Қайырымды түлкі», «Шал мен 
жұмыскер», «Бұлбұл мен есек» т.б.) құдайдан, алладан 
жәрдем тілейтін сипаттар байқалады. «Асылды жасық пенен 
танымайтын Сынынан сақта, алла, надандардың» («Бұлбұл 
мен есек»); «Пана боп, ӛзің сақта, құдіретім, Кімде-кім 
балапандай қалса жетім» («Қайырымды түлкі»); «Құдайым, 
жолдас қылма жамандарға, Кӛзі тар, кӛңілі соқыр 
надандарға» («Шал мен жұмыскер»). 
И.А.Крыловтың «Дуб и трость» мысалын Абай «Емен 
мен 
шілік», 
Ә.Бӛкейханов 
«Ағаш 
пен 
қамыс», 
А.Байтұрсынов «Емен мен қамыс» атауларымен аударды. 
Мысалдарда желге қарсы қарысқан агаш(емен) шорт 
сынады да, олай-былай қисайып, майысқан шілік(қамыс) 
аман қалады. 
Майысқаннан шіліктің несі кетті, 
Батыр, мақтан кӛйлеме сен де о ғұрлы. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


134 
- деп түйіндейді Абай мысал соңын. Ал «қалай да халықты 
ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын 
іздеген» А.Байтұрсынов «Емен мен қамыс» мысалын
Күштінің ыңғайымен жүргендерді 
Ойлама істейді деп жамандықтан. 
Болмаса қайратыңа ебің серік, 
Опа жоқ құр хайласыз мықтылықтан 
- деп қорытындылайды. Демек, «Ахаң аудармаларының 
түпкі қозғаушы тетігі де ұйқыдағы ұлтты оятатын ұран 
сӛздің ұрымтал түрін іздеу»(9, 58). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет