Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күніне байланысты «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ. с) оның Елшісі» атты имандылық кештің бағдарламасы



Дата02.07.2018
өлшемі51,5 Kb.
#45494
Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күніне байланысты «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с) оның Елшісі» атты имандылық кештің бағдарламасы
Сахна имандылық кешке сай безендірілген. Дыбыс күшейткіш аппаратурадан имандылық тақырыптағы, діни музыкалар беріліп тұрады. Сахна ашылғанда сахнаға екі жүргізуші шығады.

Жүр: Қайырлы күн құрметті ағайын! Құрметті қонақтар!

Мәуліт-туылған күн деген мағынаны білдіреді, яғни екі дүние сәруәрі, барша Пайғамбардың абзалы расулымыз Мұхаммед туған күн. Қараңғы дүниеге жарық келіп, мүбәрәк нұрымен жер жүзін нұрландырған қасиетті де, ұлық күн. Жалпы ғаламзаттағы барша мадақпен мақтаулар, алғыс атаулымен марапаттаулар, жер мен көкте жасалған күллі құлшылықтар, осынау жеті қабат әлемді шексіз құдіретімен жоқтан бар етіп, ұлы әсем есімдерінің айнасы еткен, ғаламат арыштың Раббысы-ұлы жаратушы Жаббар иеге тән. Оның күллі әлемге рахым етіп жіберген екі жаһан сардары, жанаттың гүлзары, парасат падишасы, құдай тағаланың сүйіктісі, әлемді хақ дәнімен нұрға бөлеген ғаламның рахым нұры ақырғы ақ нық пайғамбар Мұхаммед саллаллаху саламның туылған күні, яғни мәуліт айы барша мұсылман жұртына құтты болсын ағайын. Ауылымыздың ортасында тұрған «Сарқұл ата» мешітінің бас молдасы Мұратбек мырзанын ұйымдастыруымен өткізгелі отырған.

Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күніне байланысты «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с) оның Елшісі» атты имандылық кешке хош келдіңіздер.
Жүр: Бір саған сыйынып көңілге гүл ектім.

Жаныма саулаған нұрыңды жыр еттім.

Саф Ислам- мерейім, пәк иман-шаттығым,

Хақ Алла қабыл ет тілегін жүректің.


Жүр: Ислам-дін ғана емес, ол біздің мәдениеттіміз. Біздің тегіміз түрік, дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап-құран кәрімді насихаттауымыз керек деген ел басы сөзінде.
Жүр: Ей Алла жаратушы жаппар ием,

Мәңгілік құдіретті сенің киең.

Жасымнан табынушы ем бір өзіңе,

Ақиқат, ақ жолыңды шексіз сүйем.

Бар әлемді жаратушы бір Аллаһ,

Таласқанды табалатқан бір Аллаһ.

Діндерсіздің имандарын үйірген,

Кәмиламыз ләиллаһи иллаһ.


Жүр: Ислам діні-әлемдік өркенеттің ең озығы, мәдениеттің ең кемелі, Ислам діні барша пайғамбарлардың Әбу Насыр Әл-Фараби, қожа Ахмет Ясауи,Сүлеймен Бақырғали, сұлтан аззахи Бейбарыс, Хобиз ад-хин кердери, Дулати, Хасан Әли Жалайыри сияқты ата-бабаларымыздың, үміті, баянды бақытымыздың кепілі, бүгінгі ұрпаққа дейін келіп жеткен осы қасиетті аманатты, көздің қарашығындай қорғау, рухани құндылықтарымызды дәріптеу, қазіргі әрбір мұсылман баласының борышы.
Жүр: Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед

Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммед

Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мұхаммед

Кемтарлық көрген үмбетіне шапағат болған Мұхаммед

Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммед

Ғаріп пенен жетімге құрмет қылған Мұхаммед

Жолдан азған күнаһарға қамқор болған Мұхаммед

Намаз, ораза тұтқанға рақым қылған Мұхаммед

Малғұндығын шайтанның әшкере еткен Мұхаммед

Шариғаттың жолында жәрдем қылған Мұхаммед

Тарихатқа бастаушы адал қылған Мұхаммед

ақ жолға бастап берген Мұхаммед

Жамандыққа жақсылық жасайтұғын Мұхаммед

Бес уақыт намазға имандық еткен Мұхаммед

Сегіз пейіш бәріне ие болған Мұхаммед

Жетім, пақыр, ғаріпке пана болған Мұхаммед.


Жүр: Аллаһ тағала жүрегімізді нұрландырып пайғамбарымыздың шынайы үмметі болуды нәсіп еткей, оның баға жетпес бақыт екенін әрқайсымыз жете сезініп, соған сай аман етуді жазғай. Аллаһ елшісіне салауат айтып қиямет күні оның шапағатына ие болайық. Аллаһ елшісіне лайықты үммет болуды жаратушы иеміз нәсіп етсін. Олай болса, барлығымыз бір ауыздан Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллалаһу ғалейһи саламға салауат айтайық ағайын.
Жүр: Яссауи, Арыстанбаб, Әл-Фараби даналарым,

Әулие Ақтан баба Жанқожа ата бабаларым.

Жастарды желеп-жебеп әруағымен,

Қазақтың қолдаңдаршы балаларын.


Ішкі дүнием шындықты іздеп шарқ ұратын,

Өмірдің мәнін таппай дал болатын.

Не үшін келдім өмірге, мақсатым не?

Таба алмадым жауабын сан сұрақтың.


Тек бір күні Аллаһ өзі жіберді,

Сұрағыма жауап берер пендені.

Таппай жүрген сан сұрақтың жауабы,

Ұлы Аллаһтың аятында тұр еді.


Жүр: Адамның рухын, жан дүниесін біліммен нұрландырып тәрбиелеуде Ислам дінінің орны айрықша. Атап айтқанда Мұхаммед Пайғамбардың 197-хадисінде «Алла сіздің сырт келбетіңізбен нақты ісіңізге қарайды делінген»
Алла ақиқат, Аллаға сенім етем,

Адалдық пен ақиқат серік еткен.

Адаспаймын Аллама сеніп өтем,

Арамдыққа баспайтын жолы бөтен.


Я Аллам жаратушым, қорғаушым,

өзің- өмір, өзің- қуат, қорғансың.

Іші өртенсін, дұшпандарым долдансын,

Достарым кеп демесін бір, қолға алсын.


Жүр: Мұхаммед пайғамбарымыздың және оның өнегелі, қасиетті Ислам діні іліміне ден қоюшылардың бақыты артып, өмір жасы ұзарып, шаңырағында шаттық көбейіп мәртебесі, абыройы биіктей берсін.

Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күніне байланысты «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с) оның Елшісі» атты имандылық кештің бағдарламасы


Сахна имандылық кешке сай безендірілген. Дыбыс күшейткіш аппаратурадан имандылық тақырыптағы, діни музыкалар беріліп тұрады. Сахна ашылғанда сахнаға жүргізуші шығады.

Сүйген құлын тура жолға салатын,

Қалағанын күнәлардан тиятын.

Ұлы Раббым жалғыз өзі екен ғой,

Жүректерге иман нұрын құятын.
І жүр:

Құрметті ағайын бүгінгі өткізілгелі отырған кешіміздің басты мақсаты: Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туған күнін атап өту. Жастарды ата – бабаларымыздың әдет – ғұрып, салт – дәстүрін жалғастырып оны құрметтеуге имандылыққа және адамгершілікке баулу.

Ислам діні – адамзат баласын тек жақсылыққа, ізгілікке, тазалыққа, тура жолға салушы дін. Ислам діні – Алла Тағаланың Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) арқылы жіберілген ақиқат жолы, пендені құтқарар тура жол.
І жүр:

Раббым – Аллаһ. Пайғамбарым – Мұхаммед.

Дінім – Ислам. Кітабым –Құран.
І жүр:

Әрбір мұсылман баласына «Лә иләһә илләллаһ» кәлимасының мән – мағнасын, Аллаһ тағаланың бірлігін, оның ешбір серігі жоқтығын, Ол ішпейтін, жемейтін, ұйықтамайтынын, оның құдіреті барлық нәрсеге жететіндігін айтп, оңай тілмен түсіндіреді.

Аллаһ тағала бізге өмір ақиқатын түсіндіру үшін арнайы елші жібергенін, ол елшінің есімі Мұхаммед екенін, сол елшінің айтқанын тыңдап, соңынан ілесуіміз керектігін баяндап береді.
І жүр:

Сондай – ақ, Құран кәрімінің мұсылмандар үшін ең ардақты кітап екенін, ондағы аяттарға амал жасауға бұйырылғанымызды және Меккедегі Қағбаның мұсылмандар жүзін қарататын құбыла екенін, намазда сол жаққа қарап құлшылық етуіміз қажеттігін айтып ұғындырады.

Олай болса бүгінгі «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның Елшісі» атты имандылық кешімізге қатысып отырған құрметті қонақтарымызбен таныс болыңыздар!

І жүр:


Құрметті ағайын адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы –мінез, сынаушысы – халық екені баршаңызға аян.

Лебізіңізге рахмет!

І жүр:

Ей Алла жаратушы жаппар ием,



Мәңгілік құдіретті сенің киең.

Жасымнан табынушы ем бір өзіңе,

Ақиқат ақ жолында шексіз сүйем.

Ән:


І жүр:

Бар әлемді жаратушы бір Аллаһ,

Таласқанды табалатқан бір Аллаһ.

Дінсіздердің имандарын үйірген,

Кәлимамыз Ләә - иллаһа – иллаллаһ.

Келесі сөз кезегін ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасына беріледі.



Көрініс «Байлық пен жоқшылық адамға сынақ үшін беріледі»
І жүр:

Тек бір күш Аллаһ өзі береді,

Сұрағыма жауап берер пендені.

Таппай жүрген сан сұрақтың жауабы,

Ұлы Аллаһтың аятында тұр еді.

Келесі сөз кезегін ауылымыздың ақсақалдар кеңесінің төрағасы береміз.


І жүр:

Әуелі жалғыз Аллаһ ием менің,

«Лә иллаһа иллаллаһ» сүйенгенім.

Пәк Мұхаммед (с.ғ.с.) үйреткен жол болмаса,

Мен де қарғыс қамытын киер ме едім.
Әз Мұхаммед (с.ғ.с) ғаламның рахым нұры,

Артынан ерте білген ақылдыны.

Құран кәрім Аллаһтың пендесі үшін,

Пәнидегі естілген ақырғы үні.

Құрметті қонақтар, қадірлі көрермендер қазір ислам діні, имандылық туралы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табыс етіледі.
І жүр: Мұхаммед пайғамбарымыздың әйел, анаға деген құрметі алабөтен еді. Өз жастайынан жетім өскендіктен, кейде «Әке –шешем тірі болып, мен намазда тұрғанда олар мені шақырса, дереу қастарынан табылған болар едім» дейтін.

«Анама» әні
І жүр:

Екі әлем сардары, асыл текті,

Үмметі үшін қол жайып, жасын төкті.

Тілегі қабыл болып, содан бері,

Мұсылманбыз, қаншама ғасыр өтті.
Әз пайғамбар біз үшін аянбайды,

Аллаһтың тура жолын баяндады.

Тез арада әлемге тарап жатты,

Жәбірейлің жеткізген аяндары.



Сахна төріне имамдары мәуліт оқуға шақырамыз.
ІІ жүр:

Сансыз шүкір бергеніңе иманды,

Кешіре көр, кешіре көр күнәмді.

Талай адам өтіп жатыр өмірден,

Сезіне алмай иман сенің дәміңді – дей келе өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтарымызды имандылыққа шақыра отырып, Елбасымыз Н:Ә:Назарбаевтың өз сөзінде «Біздің тегіміз түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран –Кәрімді насихаттауға естен шығаруымыз керек» деген еді. Олай болса бүгінгі «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с) оның Елшісі» атты имандылық кешімізді қорытындылау үшін мектеп директорын шақырамыз!

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Майдакөл ауылы,

98 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі



Изтлеуова Замзагул

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет