13
«Тәтті қауын» сияқты тәтті әдебиет жемістерін күтіп отыр.
Қалмақанның мұнысына да рахмет. Басқа ақын-жазушылар
«Тәтті қауын» түгіл балалардың әдебиет қорына бір уыс
бүлдірген де қосқан жоқ» деп(10,378) жазады Б.Бұлқышев.
Баубек сынына іліккен Қ.Әбдіқадыров 1930 жылдары
балаларға арнап екі кітапша шығарған болатын.
Қалмақанның «Тәтті қауын» әңгімесі 1933 жылы жазылып,
1936 жылы осы атпен аталған әңгімелер жинағына енгізілді.
Ал Баубектің мақаласы 1939 жылы «Октябрь балаларының»
29 мамыр, №40-шы нӛмірінде жарияланды. Қалмақанның
балаларға арналған шығармаларынан
қалам қабілеті
қарымын таныған Баубек оның үш жыл бойы үнсіз
жатқандығына қынжылады. Дегенмен, басқа жазушылармен
салыстырғанда оның бүлдіршінге үсынылған дүниелері бар
екендігіне шүкіршілік етеді. Демек, Баубекті қынжылтатын
жайт - сыншылар сынайтын балалар әдебиетінің жоқ
екендігі.
«...біздің
ақын-жазушыларымыз
балалар
әдебиетіне кӛңіл бӛліп, балалардың тілегіне сай жақсы,
қызықты шығармалар бере алмай келеді»- дейді(10,379)
Баубек. Әдебиетке, әсіресе
балалар әдебиетіне қатысты
жоқ-барды қанағат еткен дұрыс емес. Мәуелі ағаштан
жылдан-жылға мол жеміс күту - қандай заңды болса,
әдебиеттен де жақсы туынды талап ету сондай табиғи,
қажетті, заңды.
«Балаларға жақсы кітаптар керек»
деген мақаласы
Қазақстан жазушыларының II съезі қарсаңында жазылса,
«Жазушылармен әңгіме» съезд ӛткен соң жазылды. 1939
жылы «Октябрь балалары» газетінің 12 шілде №50-ші
нӛмірінде
жарық
кӛрді.
«...Қазақстан
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
14
жазушыларының екінші съезі(1939) әдебиеттің рухани
жүдеушілігі жағдайында ӛтті. Онда жаңа әдебиеттің
табыстары сӛз болмады»- дейді(33,74) С.Қирабаев
съезд
жайында.
«Октябрь
балалары»
газетінің
ұжымы
ұйымдастырған әңгімеге Қазақстан жазушылары II съезінің
делегаттары мен облыстардан келген ақын-жазушылар
қатысады.
А.Тоқмағамбетов,
Ә.Әбішев,
Ж.Тілеков,
С.Машақов және тағы басқалары балалар әдебиетін
жандандыруға қатысты ӛз ұсыныстарын айтады. Сӛйтіп бұл
жиында
«Октябрь
балалары»
газетінің
коллективі
пионерлер мен мектеп оқушыларының
тілегіне сәйкес
кӛркем тілді, терең сюжетті әңгімелер, қызық поэмалар,
ертегілер, сапта жүргенде әнге қосып айтатын жақсы
ӛлеңдер жазуды ақын-жазушыларға ұсыныс етіп қойды»
(10,385). Бұның ӛзі Баубектің тікелей қатысуымен ӛткен
шара, балалар әдебиетін дамытуға арналған игілікті істердің
бірі еді.
Қазақ балалар әдебиетінің сараланып сӛз бола бастауы
XX ғасырдың 30-жылдарында
басталса, С.Ерубаевтың,
Б.Бұлқышевтің балалар әдебиеті мәселелеріне арнаған
мақалалары сол тұстағы зерттеулер сапында балалар
әдебиетінің даму ерекшелігінен қалың жұртшылықты
хабардар етті.
Достарыңызбен бөлісу: