Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет71/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

5 тарау. М.ӘУЕЗОВ
Әңгімелері мен повестері. 
«Жетім» әңгімесі(1925) 
әңгімесі алғашқы рет «Таң» журналының 1925 жылғы 
бірінші санында «Қайғылы жетім» деген атпен басылады. 
Кейінгі жинақтарда «Жетім» деген атпен жарияланады. 
«Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер - жас бала Қасым. 
Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, 
аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала 
ұғымын, сезімін беруде ӛзінше ізденіс танытқан. 
Әңгіме үш салт аттының түн қараңғылығында қалың 
таудың ішіне бет алуын баяндаудан басталады. «Қара 
барқын тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген 
қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен 
жарықтың ӛшер алдында бір сӛніп, бір лап етіп 
жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай жарығымен 
күңгірт даланы әлденеге үміттендіріп тұрған сияқты».
Әлдене - жетім бала Қасымнның ӛмір мен ӛлім арасындағы 
халі. «Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


180 
жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды 
ырғағымен тербеткеңдей болды». Жүргіншілердің түнгі сапары 
мен жетім бала халін байланыстырып түрған құбылыс 
бірнешеу. Олар: түнгі аспанның түксиген қатал қабағы, кӛз 
жасын тӛгуге дайын табиғат ажары және жауын 
қарсаңындағы нажағайлы аспан кӛрінісі. Тағы бір құбылыс - 
әнші жігіттің зарлы әні. «Ән кейде батқан күн мен бейуаққа 
қоштастырған үн сияқты». Батқан күн мен бейуақ жетім 
баланың басына түскен халді сездіріп тұрғандай. 
Әңгімеде сюжеттік екі линия бар. Бірі - түнгі 
жолаушылардың ӛз сапарында ағашқа жабысып, қатып 
түрған баланы кӛруі. Түнгі сапар мен баланы кӛру аралығында 
екінші сюжеттік линия ӛрілген. Қасымның әке-шешесі, әжесі 
ӛлгеннен кейінгі бүкіл ӛмірі кӛз алдымыздан тізбектеліп ӛтеді. 
Жүргіншілер кӛзімен бағамдасақ, қас-қағым сәт. Адам ӛмірі 
үзынды-қысқалы жол. Дүниеге келісімен ӛз ықтиярынсыз 
ӛлмекке бет алады. Демек, жалғыз-аяқ жолмен әке-
шешесінің бейітіне бет алған бала да ықтиярсыз. «Жүрегін 
қорқыныш басып, жалғыздық жеп келе жатқан баланы не 
бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? 
Айдаушы сол баланың тағдыры еді». 
Қасым ӛмірінен кӛрген түсі ажарлы. «Қасым ұйықтаса, 
бақытқа жеткендей болып, ӛзін алдына алып сүйіп уатып, 
кӛзін сүртіп жүрген әке-шешелерін кӛруші еді». Қолдарына 
алған Иса деген ағайынымен оның әйелі Қадишадан кӛрмеген 
қорлығы жоқ. Иса Қасымның әке-шешесінен қалған отыз 
шақты қой мен он шақты қараны ӛз малындай бауырына 
басты. 
С.Дӛнентаевтың «Жетім» әңгімесіндегі Кӛркемтайға 
қарағанда Қасымда ӛр мінез бар. «Мен жетім емеспін бе? 
Менің малыма тигенің обал емес пе?» - деп жұрттан естіген 
сӛзді айтуы - алғашқы қарсылық, ашу-ызаның сыртқа шығуы. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


181 
Келесісі - әке-шешесінің басына мал сойып апарып, қүран 
оқытпақшы болуы. Иса мен Қадиша малды сойғызбай қояды. 
Соңғысы - ӛзіне тӛнген Исаны тізеден қара таспен ұруы. 
Жетім баланың қолынан келгені - оы. Енді оның Иса үйіне 
жолай алмасы анық. «Қазіргі Қасымның ойы, енді баратын 
қорған жоқ болғандықтан сол қораға барып, сол маңайда 
қалған жатақтарға жетіп, тау бӛктеріндегі әке-шешелерінің 
басына барып, қабырын құшақтап жылау еді. Тау асатын 
жолда жалғыз келе жатқан зар еңіреген жетім бала 
Қасымды алып келе жатқан хал осы». Кӛркемтайдың кӛңіліне 
аз ғана уақыт жұбаныш Нағима болған болса, Қасымның 
жылағанда жұбататын ондай жанашыры болмады. Кӛрші-қолаң 
мүсіркеуден ары аспайды. «Маңайындағы кӛрші қатындар, 
сенімсіз топас шалдар: -Бала, малыңа ие болуға 
жарамайсың!.. Әй, сені Иса жейді ғой. Сенің малыңды 
қүртады ғой. Ие бол! - деген сӛздерді айтқыштап қоятын». 
Кӛркемтай жылап молаға қашатын болса, шешесінің бейітін 
құшақтап мұңын шағатын болса, Қасымда ондай мүмкіндік 
жоқ. Моланың шалғайда, қыстау маңында қалуынан бара 
алмаушы еді. 
«Қасымға бұдан соңғы бір қайғы болып малды 
қарастыру, қозы бағу шықты. Аздан соң ӛзге балалар 
«тілазар, кәпір, бармайдды» деген атпен құтылып қалатын 
болып, Иса мен Қадишаның бейілді қабағына ырза болатын 
күйге келген Қасым тезек теретін болды. Малдан кешке келіп 
сүрініп-жығылғанда болмаса Қасымға бостандық, еркіншілік 
жоқ еді. Кейде Иса ӛз балаларын: «олардың малы жоқ, 
малдың иесі - Қасым» деп қойып, олардың еріншектігіне ӛзі 
кұрық беріп, Қасымның бишаралығын ашық арамдықпен 
қақпай ғылып та қояды». 
Кӛркемтай құр жылай беруші еді. Қасым ашық 
қарсылық кӛрсетті. Оны бұған ширықтырған жоғарыда 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


182 
кӛрген қорлығы. «Қасым енді барлық ӛзіне қарсы арналған 
арамдық, ӛгейлік құлық пен кәпірстан мінезді қабақтан, 
жарты сӛзден ұғатын болды. Тұрған аулында бір адамнан 
мейірімді мінез кӛрмеген соң, ешбір жанмен сӛйлеспейді. 
Күз күніндей жабырқап жүдеп, қабағы қатқан қайғыда. Сырт 
пішіні момын сияқтанады. Бірақ ішіне ылғи жетімсіреген 
жалғыздықпен 
бірге, 
дүниеге 
сенімсіздік, 
ешкімге 
жуымайтын жатбауырлық нығайып орнай бастады». Тау 
ішінде келе жатқан жетім балада зәре жоқ. «Бұдан кішірек 
күнінде кӛп естіген қараңғы сырлы әңгімелер болушы еді. 
Түнде 
кездесетін 
жын-шайтандар, 
қара 
түндей 
жалмауыздар... Сау адамды қағып кететін перілер. 
Бұлардың талай рет түн жүргіншілерін шошытқан, 
жындандырған кӛзіне кӛрініп елестеген әңгімелері 
кішкентай Қасымның кӛңіліне әбден қонып, онсыз да 
наукасты әлсіз хиялында мықты орын алып қалған...». Кӛз 
алдына неше түрлі құбыжық елестеген жетім бала «ӛлікке» 
айналады. Ағашқа сүйеніп қатып тұрған балаға үш 
жолаушы осылай кез болады. ««Қайғылы жетімнің» соңы: 
«Бұл Қасым еді. Бірақ қазіргі халді Қасым жетімдіктен, 
қайғы-зардан, ойын кернеген ызадан құтылған. Ол ӛлген 
екен» деп бітеді. Ал «Қараш-Қараш» жинағындағы 
«Жетімде» бұл үзінді: «Ол - ӛлік. Бірақ денесі әлі түгел 
мүздап та болған жоқ екен...» деп аяқталады. Бірінші 
үзіндіні оқығанда Қасымның ӛлімі оны ӛмір қыспағынан 
құтқаратын бірден бір жол дегендей, сол ӛлімді іште 
құптағандай 
ұғым 
тудырады. 
Үзіндінің 
соңғы 
редакциясында бұл жай біраз басқа тұрғыдан меңзелген. 
Қасым әлі құрып жығылып, жартылай ӛлік қалпында талып 
жатқанымен, оның денесі әлі түгел мұздап та болмаған. Сол 
мезетте үш салт атты жолаушы да жетіп Қасымды 
орталарына алды. Осы түйінде әңгіменің оптимистік әуені 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


183 
сезілгендей. 
М.Әуезовтің балалар әдебиетінен негізгі орын алатын 
шығармасы - Кӛксерек» повесі(1929). Оны әлем 
әдебиетіндегі 
үздік 
классикалық 
шығармалармен 
салыстыруға болады. Әңгіме сюжеті Канада жазушысы 
Сетон-Томсеннің «Виннипег қасқырына» ұқсас. Есімі 
әлемге әйгілі жазушы Джек Лондонның «Қасқыр» 
шығармасы М.Әуезовтің аударуымен 1936 жылы жеке 
кітапша болып шыққандығын да айта кетуіміз керек. 
«Кӛксерек» 
повесі 
1929 
жылы 
«Жаңа 
әдебиет» 
журналының(қазіргі 
«Жұлдыз») 
екінші-үшінші 
нӛмірлерінде жарық кӛрді. 1961 жылы орыс тілінде 
Мәскеуде «Серый лютый» деген атпен басылды. 
Жас Мұхтар Ертіс бойындағы Керекуден кемемен 
Аққасқа, Сарықасқа деген екі тазы алдырады. Аққасқаны 
ағасы Ағзамға, Сарықасқаны Жағыпар Мағауияұлына 
береді. 
Повесть кейіпкері Хасеннің прототипі - Мұхтардың 
ағасы Ағзам Әуезов. Қаладағы қызмет істейтін інісі - 
Мұхтардың ӛзі. Повестегі жер аты - Қараадыр - Бӛрілі. 
Повесте 
Мұхтар 
Аққасқаны 
шетелден 
әкелдіреді. 
А.Әуезовтің «Бала Мұхтар» кітапшасынан Мұхтар мен 
Ахмет арасындағы диалогты келтірейік: 
Аққасқаны Керекуден алдыртты деуге қимай тұрмын. - 
Неге? 
Ауыл арасы жақын ғой. Аққасқаны Хасен - Ағзам 
қалада қызмет істеп тұрған інісі арқылы шетелден алдырған 
десем әңгіме желісін байыта түскен болар едім. Ахмет 
«Кӛксерек» повесінің жазылуы жӛнінде былай деп еске 
алады: «Аққасқаны Ағзам жетегіне алып, Мұхтар екеуміз де 
жараулы атқа мініп, талай аңға шыққанымыз, бірнеше 
кӛкжал қасқырды қуғанымыз, қызығына әбден батып, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


184 
соққанымыз бар.[...] Екі-үш қырдан асып кеткен 
Аққасқаның артынан шапқылай қуа жүріп, зорға 
жеткенімізде кӛкжалды алқымынан шайнай, айқасып 
тұрғанын талай кӛргенбіз. Сол кӛріністі Мұхтар «Кӛксерек» 
әңгімесінде дәлме-дәл кӛрсеткен. Ауылдың мал-жанына тал 
түсте қырғидай тиіп, бір тыныштық бермейтін талай қорқау 
қасқырлар Кӛксерек - Аққасқаның алғырлығынан қолға 
түсті. Бұл оқиғалар Мұхтарға кӛп-кӛп сырлы ой салды. 
Содан барып сегіз бӛлімді Мұхтардың «Кӛксерек» әңгімесі 
туған-ды». 
Шартты түрде повесть бӛлімдерін «Күшіктер», 
«Тұтқын күшік», «Құрмаш және Кӛксерек», «Кӛксерек және 
ақ қасқыр», «Кӛксеректің күшіктері», «Қасқырлар», 
«Қасен» және «Аққасқа» деп атауға болады. Автор 
әңгімесін әр түрлі жабайы аңдардың мекен еткен жерлерін 
суреттеуден бастайды. Бұл тәсіл жыртқыш аңдар ӛмірі мен 
олардың күн кӛрісін айқындауга тірек болған. Әңгіменің 
композициясы мен сюжеті оқиғадан оқиға тудырып 
отырады. Жыртқыш аңдардың қомағайлығы жанды 
суреттер арқылы беріледі. Әңгімеде жыртқыш аңдар тірлігі 
мен қазақ жерінің сұлу табиғаты, ен байлығы сӛз болады. 
Жазушы жаратылыстың кӛркем кӛріністерін әсерлі 
суреттейді. 
Әуезовтің «Кӛксерегі»- тұтас философиялық шығарма. 
Туынды хайуандық тірлікті баяндаудан басталады. 
Итмұрынды қалың жыныс арасындағы қасқыр іні, ақ қасқыр 
мен кӛк шолақтың қызыл қозыны жәукемдеуі. Хайуандық 
тірлік 

зорлықшыл 
тірлік. 
Аш 
құрсақ 
тілегін 
қанағаттандьфу жолындағы тірлік. Бұл тірлік соңында 
хайуан ештеңеге қарамайды. Ақ қасқыр мен кӛк шолақтың 
дәл сол күнгі іс-қимылын есейген Кӛксерек сан қайталайды. 
Күшік кезінде есесі кеткен қара ала тӛбетті ақ қасқырмен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


185 
бірігіп, алдымен, жәукемдейді. Екі қасқырдан Қарадырдағы 
ел кӛресінді кӛреді. Ақпан, наурыз айларында үш-тӛрт түйе, 
әлденеше ит желінеді. Кедейлеу ауылдың он шақты қойын 
Кӛксеректің бір ӛзі ӛлтіреді. Топ қасқырдың басшысы кәрі 
шолақпен жемтікке таласып, ақыры оны Кӛксерек ӛлтіріп 
тынады. Кӛк шолақ кӛп қасқырға жем болады. 
Кӛксерек бастаған атышулы тоғыз қасқыр жалғыз атты 
шаналы жүргіншіні қамайды. Жүргінші атты тастай салып 
қашады. Басқалары атты талап жей бастағанда, Кӛксерек 
бір-екі қаншықты ертіп алып, кісі соғынан қуады. Алдынан 
аттылар шығып айырып алады. 
Кӛксеректің адамға ұмтылуы - ӛшпенділіктің салдары. 
«Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Кӛксерек үрлық пен адал 
астың айырмасы не екенін ұға алмады. Біресе ӛздері беріп 
тұрып «же!»- дейді. Біресе сондай тамақты ӛзі тауып алып 
жеп жатса, ұрып салады. Сол себепті кей кездері алдына 
қойған тамақты да жемей, кӛзінің астымен жалт-жұлт қарап 
жатушы еді». Адамдар Кӛксеректің інін ойран қылды. 
Тірсегінен қиылған жалғыз күшік қалды. Серігі ақ 
қасқырдан айрылды. Түйе үстіндегі шал Кӛксеректің артқы 
санын жаралады. Осының бәрі Кӛксеректің адам атаулыға 
деген ӛшпенділігін қоздырды. 
Кӛксеректің адамға дос бола алмайтыны жӛнінде ауыл 
үлкендері де, Құрмаштың әкесі де ескертеді. 
«- Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, 
жасымайды! - деп ауыл аңыз қылады. 
Сонымен қатар Кӛксерек жайында ауыл-үйдің 
қатындары әр алуан ӛсек те таратып жүрді. 
- Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес 
пе! - десті. 
Кейбіреулер: «Түнде қозының құйрығын иіскелеп 
жүреді. Қойды үркіте береді. Түнде даланы жақсы кӛреді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


186 
Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады» деседі. Құрмаш бүл 
ӛсектің бәрін елемейді». 
«Сол мінезін байқаған үлкендер - Енді бұны ӛлтіріп, 
терісін алу керек: осы кәпір түбінде ел болмайды, - дейтін 
де болып еді. Бірақ Құрмаш кӛнбеді». 
«Кӛксеректің бұл жайын байқап ап Құрмаштың әкесі: - 
Түу, мына кәпірдің екі кӛзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, 
тұқымын сезген екен мына жүзіқара, қой, балам, енді мұны 
ӛлтіріп, терісін алайық, - деп еді, Құрмаш бұл сӛзге 
кӛнбеді». Бала тілазарлық жасады. Ел сӛзін елемеу, 
үлкеннің, әкенің тілін алмау үлкен трагедияға душар етті. 
«Содан әрі баланың үні ӛшті. Қасқырдың аузы тиместен 
бұрын ӛліп кетті. Кӛксерек ырылдап тұрып: тісінің ұшымен 
қағып жұлып алып, басын шайқап ӛткенде, баланың бір жақ 
кӛзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғып 
салды...». Бұл оқыс әрекет белгілі бір мәнге ие. Бала 
кӛзсіздігіне жасалған тұспал тәрізді кӛрінеді бізге. Бала 
кӛзсіздігі оның тәжірибесіздігінен, үлкендерді, оның ішінде 
әкені тыңдамаудан туып отыр. 
«Иә, кӛпшілікке қарсы тұру ажалға қарсы тұрумен 
бірдей ғой. Ӛмірдің ащысы мен тұщысын бірдей татқан 
үлкен адам - әке қауіп пен қатерді тез аңғарып, қиядан 
шалады. Әке ойы мен сӛзі шынайы ӛмірге жанасымды 
болса, оның айтқанын істеп, тілін алу балаға бірінші парыз 
екенін Мұхтар «Кӛксерек» әңгімесінде толық кӛрсете 
білген» - деп жазады Ахмет Әуезов. «... Кӛксерек бастаған 
бір топ қасқырлар ӛз ұяласы Кӛкшолақты бас салып, 
жұлқып-жұлқып жегенде Құрмашты - адамды жемей аяр 
ма? Мұхтардың қасқыр бӛлтірігін адамның асырап, 
Кӛксерекке Құрмашты жегізуінде тағы да қыруар сыр бар, 
кӛп нәрсені, жауды аяған жаралы болатынын аңғартады». 
Құрмаштың трагедиялық ӛлімі жас баланың кӛңілінде 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


187 
жақсылықтан басқаны ойламаған аяулы адал жанның 
бейнесін қалдырады. Әңгіме соңында кемпірдің қасқырды 
басқа тебуі - жай тебу емес. Бұл - шығарманың ширыққан, 
шешім тапқан тұсы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет