Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет74/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
1940-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің даму 
сипаты жӛнінде әңгімелеңіздер. Соғыс кезеңі және 
соғыстан кейінгі кезең балалар әдебиетінің негізгі 
мазмұны мен тақырыптары жӛнінде айтыңыздар. 
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
Қаназов М. Чика - Дабылдың баласы. - 
Алматы:Балауса, 1993. 
2.
Соғыс және жеңіс. – Алматы: Балауса, 1995. 
3.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: 
Мектеп, 1980. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


190 
2 тарау. Б.БҦЛҚЫШЕВ 
Баубек және балалар әдебиеті. 
Соғысқа қатысқан жас 
жазушы Б.Бұлқышев ӛзінің «Заман, жастар, біздікі», 
«Жауыздық пен махаббат», «Ӛмір мен ӛлім туралы», «Мен 
ӛмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» сияқты 
публицистикалық еңбектерінде майдандағы жас адамның 
жүрек тебіренісін әңгімеледі. Туған жерін сүйе білген 
азаматтың дұшпанға деген кегі де, замандасына арнаған 
ӛмір туралы сыры да осы мақалаларда қамтылган. Екінші 
дүниежүзілік соғыс XX ғасырдың бел ортасындағы тарихи 
оқиға болса, сол тарихи жағдай Б.Бұлқышевтің кӛптеген 
шығармаларын ӛмірге әкелген фактор деп айта аламыз. 
Баубек Бұлқышевтің балалар әдебиетін жасауа қосқан 
үлесін оның «Октябрь балалары» газетіндегі(бұрынғы 
«Қазақстан пионері», қазіргі «Ұлан») әдеби қызметімен 
және ондагы жарияланған еңбектерімен таразылаймыз. 
Баубектің Отан согысына дейін жазган шығармаларының 
денін ӛлеңдері, әңгімелері, очерк, фельетон, мақалалары 
мен аудармалары құрайды. Солардың ішінде балаларға 
арнап жазған шығармалары бір тӛбе. Балалар газетінде 
жүмыс істеген соң балаларға арнап шығарма жазбаудың еш 
мүмкіндігі жоқ. Әрі сол кездегі әдебиетіміздің балаларға 
арналған шығармаға деген зәрулігі айқын бой кӛрсеткен еді. 
Баубектің Кеңестер Одағы, Мәскеу, Кремль, Ленин 
жайындағы ӛлеңдерінің тақырыбын заман талабы белгіледі. 
Баубектің балалар әдебиетіне назар аударуы балалар 
газетіндегі қызметімен байланысты болса да, оның заман 
тыныс-тірлігіне қатысты сезімталдығы айрықша атап ӛтуге 
тұрарлық. Жаңа қоғам ұрпағын тәрбиелеуде жеткіншектер 
әдебиетінің ролі жоғары екендігін түсінген зерделі жас 
оның 
іргесін 
нығайтуға 
жан-тәнімен 
кірісті. 
Шығармаларында ауыз әдебиеті мен Махамбет, Ыбырай, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


191 
Абай орнықтырған арна-дәстүрлерді жалғастырды. Уақыт 
ерекшелігіне лайық жаңа форма, жаңа бейне жасауға 
талаптанды. 
Баубекте Ы.Алтынсариннің «Ӛнер-білім бар жүрттар» 
ӛлеңімен тақырыптық жақтан үндес жатқан «Оқушы 
жыры», «Сабағымды бітірдім» атты ӛлеңдер бар. 7-8 
буынды болып келуімен де ұқсас. «Оқушы жыры» 
ӛлеңіндегі 
Оқыған сайын жоғары 
Шыңға ӛрлей беремін. 
Қанша оқысам соншама 
Маңайымды кӛремін 
- деген шумақ лирикалық бала кейіпкердің оқуға ынтыққан 
кӛңілін танытады. Қысқа ғұмырында кӛп оқып, кӛп білуге 
ұмтылған Баубек мұраты осы жолдардан-ақ аңғарылады. 
Ыбырай ӛлеңіндегі лирикалық кейіпкер - ересек адам. Ол 
жас жеткіншекті оқу-білімге, ӛнер үйренуге шақырады. 
Ӛнер-білім жаңалығын айтып тамсанады. Ал Баубек 
ӛлеңдерінің лирикалық кейіпкерлері —жеткіншектердің ӛзі, 
нәзік жанды бүлдіршіндер. Мәселен, «Сабағымды бітірдім» 
ӛлеңінде фотосуретке түсіретін - бала кейіпкер. 
Тоқта, әй, жолдас! Тұра тұр! 
Бейнеңді қазір түсірем. 
Қазір даяр болады, 
Қалмайды бес минуттен. 
Баубек ӛлеңдерінің кейіпкерлері ғылым жаңалығын 
пайдаға асырады және бұл істе ӛз үлестері бар екендігін 
жариялайды. 
Химияның ғылымын, 
Сүйіп сонша оқыдық. 
Міне, ұшырдық, жазда біз, 
Ауаға шарды толтырып. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


192 
Шарықта, ұш кӛкке шар! 
Механигің біз балалар. 
- деп ӛз жетістіктерін мақтаныш етеді. 
Халық ауыз әдебиеті дәстүрін үлгі еткен ұзақ ӛлеңі 
«Құтты қонақ» деп аталады. Мұнда «Қобыланды батыр» 
жырындағы Құртқаның сипатын еске салатын ӛрнек бар. 
Мені кӛр де елімнің 
Еркелеп ӛскен ерін кӛр. 
Ақ алтынды Алтай бар, 
Алтайды кӛр де кенім кӛр 
Жез атасы - Жезқазған 
Жезінен жұпар аңқыған, 
Жездіні кӛр де, жерім кӛр. 
Осы ретпен туған жер реңін, оның байлығын, кемеңгер 
ұлдарын әспеттейді. Бала мінез-құлықтарында ортақ қасиет, 
сипаттар кӛп, сондықтан бала жүрген жерде бір-біріне ұқсас 
жайттар жиі қайталанып жатады. Жаздың ыстық күнінде 
қалың киім киіп, жұрт тәлкегіне ұшыраған бала 
персонаждар бізге С.Мұқанов, Б.Соқпақбаев шығармалары 
арқылы таныс болғанымен, бұлар - мақтаншақтықтан зиян 
шеккендер. Ал Б.Бұлқышевтің «Ұялдым» әңгімесінің 
кейіпкері қамқоршы атасының қыстауымен шілденің ыстық 
күнінде күпі мен бӛрік киіп дағдыланған жан. Әрі ӛз-ӛзінен 
сескеніп, үрейі үшып жүретін қорқақ. Чеховтың 
«Құндақтағы адам» әңгімесін оқып, ӛзін соның бас 
кейіпкеріне ұқсатады. Ұялу себебі де содан. Кейіннен 
мінезіне жаңалық, ӛзгеріс ену себебі де содан. 
«Лагерьден қайтқанда» әңгімесінде Ертіс жағасындағы 
лагерьде танысқан Тӛлеген мен Нұраның ӛмірге құштар 
кӛңілдері бала оқырманға берілетіндей ойнақы бейнеленген. 
Оқу-білімге деген ынтызарлық олардың достықтарын берік 
ете түскен. Әңгімеде балалар физикаға іждиһатпен кӛңіл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


193 
бӛледі. «Қорқынышты түс» әңгімесінде жас жеткіншектің 
сыннан ӛтетін пәні - география. Түсінде Дон ӛзенінің қойған 
сұрақтарына Ақан жауап бере алмай қалады. Қорқынышты 
түсі тӛмендегідей ӛріс алады: 
Ашуланды, долданды Дон, 
Ақан досты қолға алды ол. 
Кӛтеріп ап теңізге атты, 
Қайран Ақан суға батты. 
Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген 
ӛлеңіндегі Терек ӛзенінің «долдануы» адам мінезіне ұқсап, 
жансыз табиғат жандандырыла суреттелген болса, 
осындағы «ашулы» Дон да тірі кісінің қылығын кӛрсетеді. 
Б.Бұлқышевтің Махамбетке еліктеп жазған «Жүріп келе 
жатырмын» және «О, ерлер-ау, ерлер-ау!» ӛлеңдері де бар. 
Бүл екі ӛлеңдегі Махамбет толғауларының сарынын 
бірнеше арнада қарастырған жӛн сияқты. Бірінші, Баубек 
пен Махамбет ӛлеңдеріндегі идея бірдейлігі тұрғысындағы 
үндестік. Екінші, екі ақын жырларындағы кейбір сӛз 
қолданыс ортақтығына байланысты ұқсастық. Үшінші, 
кӛтеріңкі пафостың, жігерлі үннің болуы. Отан соғысы XX 
ғасырдың бел ортасындағы тарихи оқиға болса, сол тарихи 
жағдай Б.Бұлқышевтің кӛптеген шығармаларын ӛмірге 
әкелген фактор деп айта аламыз. Екі ақын да халқын сүйді. 
Сүйіспеншіліктерін екі түрлі жауға қарсы бағытталған 
қимыл-әрекеттерімен де, жалынды жырларымен де 
танытты. Екі ақын шығармаларында аралары бір ғасырдан 
астам 
уақытпен 
бӛлектенетін 
оқиғалар 
шындығы 
жырланады. Екеуі де ел тәуелсіздігін ойлады, халықтың 
сәулелі ӛмірге жетуін аңсады. Махамбет ӛз арманын ұлт-
азаттық кӛтеріліске қатысу арқылы жүзеге асыруға тырысса, 
Баубектің ынта-жігері Кеңестер Одағына шабуыл жасаған 
фашистік Германияны жеңуге, Отан қоргау мақсатына 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


194 
багытталды, сол мақсатта ақын қолына қару алып, майданға 
аттанды. Баубектің «Жүріп келе жатырмын» ӛлеңіндегі 
Күнде жүріс, күнде ұрыс 
Батысқа кетіп барамын. 
Жағаласып жауменен 
Алысып кетіп барамын. 
Ӛлім кешіп, қан кешіп 
Кетіп бара жатырмын. 
Туын ұстап елімнің 
Қауіпті кезең жерлерден, 
Ӛтіп бара жатырмын. 
- деген жолдарындағы лирикалық кейіпкердің тірлігі 
Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» ӛлеңіндегі ерлер ісіне 
сай. Махамбет ӛлеңі «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза 
қолға алып, еңку-еңку жер салған» азаматтың әрекет ету 
мақсатын(«қалың қарындастың қамы» үшін) түспалдап қана 
жеткізсе, Баубек ӛлеңі лирикалық қаһарман алдына айқын 
мақсат қояды: 
Тағдырың үшін, о, елім, 
Тағы жүрем, тағы да... 
Ер кеудесін оқ алмас 
Аттанған ел арына. 
Әрине, халық үшін үлкен қимылға бару жайы 
Махамбет ақынның басқа ӛлеңдерінде ажарланып кӛрінеді. 
Бірақ бұл ӛлеңіндегі ерлердің де тегіннен-тегін «түн қатып 
жүрмегені» белгілі. 
Махамбеттің «Күн болған», «Күн қайда?» атты 
ӛлеңдерінің бар екендігін еске ала отырып, Баубектің 
алғашында «Күн туған» аталып, кейін «О, ерлер-ау, ерлер-
ау!» деп ӛзгертілген ӛлеңі «Жүріп келе жатырмын» 
туындысына қарағанда ӛз ұлтының азаттығын кӛксеген 
ақын ағасының кӛңіл-күйімен анағұрлым орайлас, жақын 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


195 
үндестікте туған деп айтамыз. 
Екі ақын да арыстандай айбатты ерлерімен мақтанады. 
Махамбет Исатайдай ерден айрылған халқы үшін қапалы. 
Баубек Исатайға ұқсас арыстандай айбатты ерлері бар 
халқы үшін қуанышты. Махамбеттің «Күн болғанында» 
ӛткен күннің азалы бейнесі елес берсе, «Күн қайда?» 
ӛлеңінде халық үшін қайта айналып келер шуақты күн 
жырланады. Махамбет ақын сол бір ӛткен күндерді 
аңсайды. Ӛлең жолдарынан ақынның халқына, туған жеріне 
деген ыстық махаббаты, атадан балаға жалғасқан салт-
дәстүрге деген құрметі сезіледі. Шалғынға байланған бие, 
балдай тәтті қымыз - дәстүр айшықтары десек те болғандай. 
Ақын салған осынау кӛркем сурет кӛз алдыңнан тізбектеліп 
ӛтіп, кӛңілге оптимизм ұялатады. 
Оптимистік кӛңіл-күйге Баубектің «Жүріп келе 
жатырмын» ӛлеңі де жетелейді. Ӛлеңдегі «жағаласып 
жауменен алысып кетіп барамын», «ерегісте, ұрыста», 
«қайыспастай туған ер» сӛз қолданыстары жыраулық 
поэзиямен сусындаған Махамбеттің отты ӛлеңдерін бірден 
еске салады. Тіпті 7-8 буынды ӛлең түрінде болып келуімен 
де туыстас. Жыраулық және жауынгерлік поэзияны 
дамытқан Махамбет жырларының игі ықпалы, әсіресе, «О, 
ерлер-ау, ерлер-ау!» ӛлеңінен анық байқалады. «Еділге 
бүгін жау шапты», «Еділ бетін боятты», «күн туды ер 
басына», «күн туды ат басына», «арғымаққа ер батты», 
«бекінейік сертпенен жағасында Еділдің», «арыстаным, 
айбаттым» дегендеріндегі сӛз айшықтары мен тіркестері - 
бізге Махамбет жырлары бойынша кӛзтаныс. Баубек 
бұларды ӛз заманының келбетін танытуда қолданды, оларға 
жаңа мазмұн, ӛзгеше ӛң берді. Баубек «ежелгі ерке, ер Еділ» 
дей отырып Махамбет жырлаған Еділ жайында әңгіме етіп 
отырғандығын байқатқысы келгендей. «Ежелгі дұшпанның 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


196 
ел болмайтындығын» еске түсіретін бұндағы «ежелгі» сӛзін 
ол жаңаша қолданады. Демек, Б.Бұлқышев ӛзі егжей-
тегжейін таныс білетін оқиғаны әсерлі бейнелеу мақсатында 
Махамбеттің тіл қазынасынан ӛзінің идеялық-әстетикалық 
кӛзқарасына 
сай 
келетін 
сӛз 
қатарын 
асқан 
талғампаздықпен іріктеп алып, еркін пайдаланған. Қайткен 
күнде де Б.Бұлқышевтің қарастырылған бұл екі ӛлеңінің 
Махамбеттің қай толғауымен болсын үндес жатқандығын 
аңғару қиын емес. Екі суреткер ӛлеңдеріндегі стильдік 
тұрғыдағы 
туыстық 
нышан 
айқын. 
Махамбет 
шығармаларынан байқалатын кӛтеріңкі пафос, асқақ арман 
Баубек ӛлеңдерінде де бар. Махамбет ӛлеңдеріндегі 
романтикалық пафос ұлт-азаттық кӛтерілісі мақсатымен 
ұштасып жатса, Баубек ӛлеңдерінде ол Отан қорғау 
мақсаттарына байланысты туған. 
Бергенінен берері кӛп жасқа келіп жеткенде 
қыршынынан қиылған Баубек қазақ балалар әдебиетінің 
даму тарихында жеткіншектер әдебиетін дамытуға 
бағытталған шығармашылық еңбегімен ӛз ізін мәңгілікке 
қалдырып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет