Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет87/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Бала қойшы:
Қарғадайдан қозы баққам, 
Малсақтықпен елге жаққам. 
Балалық қып асық атпан, 
Малды тастап ойын бақпан. 
«Қойыңа қарауыл қып мені қалдыр» деген қасқыр сӛзін 
естіп бала қойшы ашуға мінеді. 
Қойшы бала ашуланды, 
Тау жаңғыртып аттан салды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


225 
Ат ойнатып жігіт келді, 
Қасқыр қашып зытып берді. 
Боталы түйе, қос лақты қос ешкі, тӛрт қозылы екі қой, 
шұнақ қулақ бес ешкі барлығы нешеу? «Ойлап тап?»
атты халық ӛлеңі осыны жасырады. Ӛ.Тұрманжановтың 
«Нешеуі 
қызыл, 
нешеуі 
ақ?» 
ӛлеңі 
барынша 
күрделендірілген. Бір жағынан есепке ұқсайды. 
Бесеуі қызыл, бесеуі ақ, 
Оң қалтамда он алма. 
Жетеуі қызыл, жетеуі ақ, 
Сол қалтамда толы алма. 
Нешеуі қызыл, нешеуі ақ? 
Тапқыш болсаң, ойлап тап? 
Қызылын берсем қыздарға. 
Автор бұнымен тынбайды, «Қызылын қыздарға, ағын 
ұлдарға береді». «Қызылы қанша қызға жетеді, ағы қанша 
ұлға жетеді?» деген сауал тастайды. 
Қызылы нешеу, қыз нешеу? 
Ағы нешеу, ұл нешеу? 
-деп аяқталады ӛлең. Бұның жауабы ӛлеңнің бірінші 
бӛлімінде беріліп қойған. Он екі қызыл алма, демек, он екі 
қыз. Он екі ақ алма, он екі ұл. 
Ӛ.Тұрманжановтың жыраулар поэзиясы дәстүрінде 
туған «Мұрап болғым келеді» ӛлеңі «қуат», «шуақ», 
«шырақ», «бұлақ», «суат», «тұрақ», «пырақ» «мұрат», және 
«мұрап» сӛздерінің мән-маңызы мен қуатын түсіндіреді. 
Қартайғанда анама 
Қуат болғым келеді. 
Бақшадағы балаға 
Шуақ болғым келеді. 
Ӛлеңде есім сӛзбен тіркесіп келетін күрделі етістік әр 
жол сайын қайталанып отырады. Бұл сипаты және 7 буынды 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


226 
ӛлең ӛлшемі ӛлеңге ойнақылық дарытқан. 
Бәрінен де бәрінен 
Ӛзім туған жерімде, 
Күн қақтаған кебірде 
Шӛліркеген егінге 
Су беретін қолынан 
Мұрап болғым келеді. 
«Бар адам арман ететін мұрат болғым келеді» деген екі 
тармақтың алғашқысы 8 буынды болып келген. Бұның ӛзі 
алғашқы әсерге еш кӛлеңкесін түсірмейді. Буын санын 
бажайламаса байқалмайтын құбылыс. 
Ушинскийдің ізімен жазылған «Екі соқа» мысалында 
Ӛ.Тұрманжанов орыс педагогы кӛтерген еңбек мәселесін 
қайта жаңғыртады. Тот басқан соқаның «жарқырап кеттің 
қалайша, досым?» деген сұрағына еңбекқор соқа былайша 
жауап береді: 
- Сұрасаң, досым, айтайын шынын, 
Еңбекте, - деді, - негізі мұның. 
Еңбек мені жаңартқан қайрап, 
Сондықтан тұрмын жарқырап, жайнап. 
Тот басып сенің қарайғаның - 
Еңбексіз кірлеп тозғаны жаның. 
Соңғы екі жол - қазақ ақынының қосқаны, ӛзіндік 
концепциясы. 
Бірлік, 
ынтымақтық 
тақырыбы 

Ӛ.Тұрманжановтың «Жеке ағаш пен топ ағаш» мысалының 
арқауы. Топ ағаштан бӛлінген жеке ағаштың қайғылы 
аяқталған тағдырын мысал етеді. 
Шарт сынды сонда жеке ағаш, 
Шалқайып кеткен қауымнан. 
Қатар тұрған кӛп ағаш 
Жеңілмей қалды дауылдан. 
Ӛ.Тұрманжановтың «Ана ӛсиеті» ӛлеңі адамзатқа 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


227 
жасалатын жақсылық мәнісін түсіндіруге құрылған. Автор 
ойынша, жол үстіндегі тікеннің ӛзін алып тастау - келесі 
адамға еткен үлкен жақсылығың. Жақсы іс - кӛпке үлгі. 
Соңғы шумақта ақын жақсы үлгі-ӛнегенің құдіретті күшін 
баян етеді. 
Бұл еңбегің қалмас-ты босқа, бекер, 
Соны кӛрген соңғы жас солай етер, 
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап,
Жол тазарып, жолаушы жылдам ӛтер.
Ӛлең халықтың «Ата кӛрген оқ жонар, ана кӛрген тон 
пішер», «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген қанатты 
сӛздеріндегі ойды жалғастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет