Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет88/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Поэмалары.
Ӛ.Түрманжановтың 
«Шағымпаз 
сарғалдақ» ертегі-поэмасының оқиғасы «Қотыр торғай» 
атты халық ертегісінің сюжетін еске түсіреді. «Елден асқан 
ерке» сарғалдақ қурайды да, теректі де, ӛлең шӛпті де, 
бұтаны да менсінбейді. Сарғалдақ жантақты ешкіге, ешкіні 
қасқырға, қасқырды аңшыға, аңшыны тышқанға, тышқанды 
мысыққа, мысықты кәрі әжеге шағады. Ешқайсысы тыңдай 
қоймайды.Тек құйын сарғалдақтың сӛзін жерге тастамайды. 
Осыдан кейін барып кері процесс жүреді. 
Әже барып мысықты ұрды, Мысық орнынан ұшып 
тұрды. Мысық тышқанға тиді, Тышқан мергеннің білтесін 
қиды, Мерген қасқырды атты, Қасқыр ешкіге шапты, Ешкі 
жантақты жеді, Сарғалдақ «рақмет!» деді. Сӛйтіп, сарғалдақ 
жантақтан осылайша ӛшін алды. 
«Жекедай» поэмасына Ӛ.Тұрманжанов «Тӛрт жігіт - 
түгел жігіт, жеке жігіт - жүдеу жігіт» деген халық мақалын 
эпиграф етіп алған екен. Аталас бес жігіт енші алып бӛлек 
шығады. Жаңа қоныс табады. «Кӛлігім сай, күшім сай, 
Боламын жеке-дай» деп бесінші жігіт тӛртеуден бӛлініп 
жеке кетеді. Тӛрт жігіт қыш құйып, үй салады. Жалғыз 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


228 
жігіттің жұмысы ӛнбейді.Тӛртеудің «бізбен бірік» дегеніне 
кӛнбейді. Терезесі, есігі орнатылмаған үйде Жекедай 
қыстап шығады. Тӛрт жігіт кӛктемде егін салуға шақыра 
келеді. Жекедай ермей қояды. Сӛйтіп, дәнсіз қалады. 
Қателігін түсінеді. Кешірім сұрап келген Жекедайды тӛрт 
жігіт құшақ жая қарсы алады. 
Адасқанға айып жоқ 
Біреу-жалғыз, тӛртеу-кӛп. 
Қосылайық, толайық. 
Бес саусақтай болайық 
Ынтымақ ерге лайық, 
Жаңа ӛмір ӛстіп құрайық... 
Ӛ.Тұрманжановтың «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң 
патшасы - ауру арыстан туралы хикая» поэмасы ел ертегісі 
ізімен жазылған. Қарны ашқан арыстан түлкіге бұғы етін 
жегісі келетінін білдіреді. Түлкі бұғының осал жерін дӛп 
басады. Арыстан аң біткеннің ішінен бұғыны патша қоюды 
дұрыс санап отыр деп жеткізеді. Бұғы арыстан тырнағынан 
әрең аман қалады. Түлкіні енді маңына жолатпастай 
болады. Бірақ тілі майда түлкі бұғыны тагы да алдай 
бастайды.. Ашулы арыстан енді қасқырды патша етпекші 
дейді. Одан да ӛзің патша бол дегенді айтады. Сӛйтіп, түлкі 
бұғыны екінші рет кӛндіреді. Бұғының жерге түскен миы 
түлкіге бұйырады. Арыстан бұғы миын жеуге ниет етеді. 
Ертегі-поэма авторы тӛмендегідей тұжырым жасайды: 
Әзәзіл адамды алдап кәсіп етер, 
Еңбексіз тілін жалдап нәсіп етер. 
Опасыз ӛмір сүрген ӛтірікші, 
Алдынан әділдіктің қашып ӛтер. 
Ӛ.Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар, қиыспас 
дос қүдалар» мысал-поэмасының бас кейіпкерлері - аралар 
мен құмырсқалар. Ара құмырсқамен құда болғанға дейінгі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


229 
аралықта бірнеше жәндіктің тіршілігімен танысады. 
Түрленіп шыққан кӛбелекке 
Сауықшыл екен балаңыз 
Балаңызға лайқ 
Басқа бір қыз қараңыз... -дейді. 
Шаққан жерін қан қылған сары масаны 
Тым ерсі екен салтыңыз, 
Қан ғана екен асыңыз, 
Қағынған екен жасыңыз 
-деп кері қайтарады. 
Тотықұстай түрленген инелікті 
Сұлу-ақ екен сыртыңыз, 
Жарамсыз екен жұртыңыз 
Бұзылған екен құлқыңыз. 
- деп қабылдамайды. Ӛрмегін ала жүгірген ӛрмекшіге 
Жалған ӛнер жарамас, 
Арам тамақ, арам ас. 
Ондайларға жаны қас, 
Қызым саған қарамас... 
- деп қатты айтады. Аралар құмырсқаның сӛзін ұйып 
тыңдайды. Құмырсқамен құда болуға шешім қабылдайды. 
- Тыңдаңдар! - деді, - бәріңіз, 
Ей, жарандар, жарандар! 
Бері таман қараңдар, 
Сӛзім енді тым қысқа, 
Құдамыз болсын құмырсқа! 
Ӛзіміздей тірлікті, 
Ынтымақты, бірлікті, 
Ӛсіп-ӛнген ел екен, 
Ағып жатқан кен екен, 
Қолтықтары кең екен, 
Бізге нағыз тең екен... 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


230 
Поэма балаларға арнау сӛзбен аяқталады. Ӛтірік ӛлең 
сипаты байқалады. Ӛ.Тұрманжановтьің «Түлкі мен бӛдене» 
поэмасы халық ертегісі ізімен жазылған. Түлкінің қолына 
түскен бӛдене «Бір жолға қанымды қи, мен де саған 
кӛрсетем сый» деп жалынады. Түлкі бӛденені қоя береді. 
Күндердің күнінде аңшы қақпанына түскен түлкіге кӛмекке 
бӛдене келеді. Содан былай екеуі дос болады. Екеуінің 
достығы былайғы жұртты таңғалдырады. Бӛдене түлкінің 
үш ӛтінішін орындайды. Алғашқысында етке тойғызады, 
екіншісінде күлдіртеді, үшіншісінде қорқытады. Үшінші 
ӛтініш олардың достығына сына қағады. Кӛзін жұмған 
түлкіні бӛдене аңшылардың ортасына әкеледі. 
Түлкі олардан әрең дегенде қашып құтылады. Поэмада 
бӛдене құйрығының шолақ болу себебін түсіндіруге 
құрылған этимологиялық сипат бар. 
- Ӛстіп қорқыт деп пе ем, жауыз? 
Деп түлкі оған салды ауыз. 
Түлкі ап қалды құйрық етті, 
Бӛдене үшып безіп кетті. 
Бар оқиға сол-ақ екен. 
Бӛдене ӛстіп шолақ екен. 
«Күле-күле тамашаға, кездесті олар оңашада» деп 
қайталанатын жолдар поэмаға ойнақылық дарытқан. 
Ӛ.Тұрманжановтың 
«Тӛрт 
ӛгіз» 
мысал-поэмасы 
ынтымақ, бірлік мәселесін кӛтереді. Ақын ұғымында 
«Тӛрт» санының қасиет артық. Ұзақ жылдар бойы қазақ 
мақал-мәтелдерін жинаған ақынның бұл жерде «Тӛртеу 
түгел болса, тӛбедегі келеді» деген мақалды есте ұстағаны 
анық. Қалыңға кірген ӛгіздері қасқырдың кӛзі шалады. 
Ӛгіздерге тап береді. 
Қасқырға алам деген айласымен, 
Тӛрт ӛгіз түгел тұрса, болар ма жем?! 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


231 
Қасқырды қадай соғып қаңсылатты 
Тӛрт батыр сегіз семсер найзасымен. 
Қасқыр жолай жолыққан түлкіге халін баяндайды. 
Залым түлкі ӛгіздер арасына жік салу қажеттігін айтады. 
Түлкі ойындағысын іске асырады. «Әрқайсың әр түбекті 
басқарыңдар, жерге шоғырланып тұрмай бәрің...» дегенді 
жас ӛгіз дұрыс кӛреді. Үш ӛгізден бӛлінген жас ӛгіз қасқыр 
мен түлкіге жем болады Жас ӛгіздің ӛкірген үнін естіп үш 
ӛгіз қас қаққанша жетіп барады. 
Алданған жас ӛгіздің алды ӛшін, 
Қулардың құрбан болған айласына. 
Мысал түйіні тӛмендегідей: 
Не жетсін бірлік пенен ынтымаққа! 
Барлық күш - біле білсек ынтымақта. 
Деп халық жай айтпаған, есте сақта!. 
«Жалғыз боп жол тапқанша кӛппен адас», - 
Ӛ.Тұрманжановтың «Қарлығаш, дәуіт, жылан» 
поэмасының да кӛтеретін мәселесі - бірлік. Поэмада 
қарлығаш пен дәуіттің ынтымағы үлгі етіледі. Дәуіт 
қарлығаштың балапандарын жалмамақ болған жыланды 
ӛлтіреді. Тіршілік иелерінің әдісі де бар, әлсізі де бар. 
Әлсізге әлдіден қорғану үшін басқамен бірігу керек. 
Сондықтан поэмасын автор тӛмендегіше түйіндейді: 
Балалар, қашан-дағы бірлік керек! 
Әлсізге артық болмас етсек кӛмек. 
Жақсылығың ұмытылмас қашан-дағы, 
Игілікке дәнекер болсаң себеп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет