Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет34/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Ш.Уәлихановтың халық ауыз әдебиеті үлгілерін 
жинап, зерттеудегі еңбегін балалар фольклорымен 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


75 
байланыстыра отырып әңгімелеңіздер. 
2.
 
Ұсынылған повесть, романдағы бала Шоқан бейнесі 
жӛнінде әңгімелеңіздер.
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
Ш.Уәлиханов. Таңдамалы. -Алматы: Жазушы, 1985. 
2.
С.Бегалин. Бала Шоқан. -Алматы: Жазушы, 1964. 
3.
С.Бегалин. Шоқан асулары. -Алматы: Жазушы, 1996. 
4.
С.Мұқанов. Аққан жұлдыз. 1, 2 кітап. -Алматы: 
Жазушы, 1967, 1970. 
 
 
3 тарау. А.ҚҦНАНБАЕВ
Ӛлеңдері. 
Абайдың анық қырық жасында жазған ӛлеңі 
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»(1885). Ақын ӛлеңді 
ӛз халін баян етуден бастайды. Ғылымға қолын кеш 
созғандығын айтады, соған ӛкініш білдіреді. «Бұл махрұм 
қалмағыма кім жазалы, қолымды дӛп сермесем ӛстер ме 
едім» деп бұған ӛзгені емес, ӛзін жазғырады. Ӛкінішін 
балаларының оқуымен толтырмақ болғандығы білінеді. 
Баланың қызмет қылып, шен алуы мақсат емес. Мақсаты - 
балаларының ӛзі жетпеген биікке жетуі. Сӛйте тұра ақын 
ӛлең соңында білімнен кенде де қалған жан еместігін, 
шешендіктен қаражаяу қалмағандығын ескертуді міндет 
санайды. Бірақ еңбегің еленбесе, тыныш жүрген дұрыс екен 
деген шешім жасайды. 
Абайдың ӛнімді еңбек еткен уақыты - 1886 жыл. 
Әуезовтің айтуы бойынша, ақын 1886 жылы он сегіз ӛлең 
жазған. Солардың қатарында «Ғылым таппай мақтанба», 
«Интернатта оқып жүр», «Жаз» ӛлеңдері бар. «Ғылым 
таппай мақтанба» ӛлеңі жӛнінде Әуезов «Ел ішіндегі жас 
желеңге Абайдың, әсіресе, кӛп ой қорытып айтқан 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


76 
мағыналы және програмдық бір ӛлеңі осы деуге болады. 
Бұнда Абай адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір 
жігерлі жастың талппынатын арманы - ғылым дейді» 
(6,117). Ғылым іздеген адам бес кеселден(ӛсек, ӛтірік, 
мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақтық) қашық 
болуы, бес асыл іске(талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 
асық болуы керек. Сонда ғана ол адам деген атқа лайық. 
Ақын 
надандықтан 
кӛп 
қауіптенеді. 
Халықтың 
сенгіштігінен секем алады. Сондықтан кӛлемді ӛлеңнің бір 
жерінде 
Ақыл сенбей сенбеңіз 
Бір іске кез келсеңіз 
Ақсақал айтты, бай айтты, 
Кім болса, мейлі сол айтты - 
Ақылменен жеңсеңіз. 
Надандарға бой берме, 
Шын сӛзбенен ӛлсеңіз. 
- десе, келесі бір тұсында 
Ақымақ кӛп, ақылды аз, 
Деме кӛптің сӛзі бұл. 
Жақынның сӛзі тәтті деп, 
Жақыным айтты дей кӛрме 
Надандықпен кім айтса, 
Ондай түпсіз сӛзге ерме. 
«Мұны жазған кісінің атын білме, сӛзін біл» деу 
арқылы әңгімесінің маңыздылығын баса кӛрсеткісі келеді. 
Дегенмен, ӛлең соңында «мұны жазған - білген құл, 
Ғұламаһи Дауани» дей отырып сӛз иесінің тегін адам 
еместігін аңғартады, осы негізде асыл сӛзді кӛңілге тоқу 
керектігін тағы да ескертеді. 
«Интернатта оқып жүр»(1886) ӛлеңінің алғашқы бӛлігі 
болған жайды баяндау түрінде келеді де, соңғысы жастарға 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


77 
ақыл айту түрінде келеді. Баяндалатын жайттар - 
интернатта оқып жүрген қазақ балалары, ата-анасы «балам 
заң білді» деп қуанады, ал балалары ислам дінінің 
заңдарына шала екендіктерін ойларына да алмайды, оларша, 
арыз жаза алса болғаны, ойлары - істің ақ пен қарасын 
тексеру емес, бүлінген елден пайда табу. Аз білгенін 
кӛпсінеді, кӛп қазаққа епсінеді. Жамандығын орыстан 
кӛреді. Адамның жамандығына біреу кінәлі емес. Ақынның 
ӛз сӛзімен айтар болсақ, «қаны бұзық ӛзі ойлар қу менен 
сұм боларды». 
Ойында жоқ бірінің 
Салтыков пен Толстой 
Я тілмаш, я адвокат 
Болсам деген бәрінде ой. 
«1886 жылдың ӛлеңі Абайдың тұсындағы жастар 
жайын танытумен қатар, ақынның ӛзінің де ішін ашады. 
Осы кезеңде орыстың классик ақындары ғана емес, кӛркем 
прозасының ең ірі ӛкілдерінің де шығармаларын Абайдың 
анық біліп, терең танығанын кӛреміз»(1;115). Салтыков-
Шедрин, Лев Толстой шығармаларынан қорытынды 
шығармаған жастарға ақынның беретін ақыл-кеңесі 
тӛмендегідей: 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
Артық ғылым кітапта 
Ерінбей оқып кӛруге. 
Военный қызмет іздеме, 
Оқалы киім киюге 
Бос мақтанға салынып, 
Бекер кӛкірек керуге. 
Қызмет қылма оязға, 
Жанбай жатып сӛнуге. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


78 
Жыл мезгілдеріне арналған ӛлеңдерінің алғашқысы - «Жаз» 
(1886). 
Жаздыкүн шілде болғанда, 
Кӛкорай шалғын бәйшешек 
Ұзарып ӛсіп толғанда, 
Күркіреп жатқан ӛзенге 
Кӛшіп ауыл қонғанда 
Жанды дүниенің қым-қуыт тірлігі басталады. Алдымен 
жануар, құс атаулының дүрмегі кӛзге түседі: 
Шұрқырап жатқан жылқының 
Шалғыннан жоны қылтылдап, 
Ат, айғырлар, биелер 
Бүйірі шығып, ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап, 
Құйрығымен шылпылдап, 
Арасында құлын-тай 
Айнала шауып бұлтылдап. 
Жоғары-тӛмен үйрек, қаз 
¥шып тұрса сымпылдап. 
Содан кейін барып адам тірлігі кӛрініс табады. Үй 
тіккен қыз-келіншек, мал ішін аралап кӛңілі толып ауылға 
қайтқан бай, орталарына қымыз алып қауқылдасып бір 
бӛлек отырған ауыл үлкендері, шешесін жағалаған жас бала, 
асау мініп теңселген жылқышылар, мылтық атып, құс 
салған бозбалалар кӛрінеді. Білімдінің шалымды сӛзі, бұған 
ӛзгелердің 
бас 
шұлғыған 
қимылы, 
жылқышының 
жарамсақтығы сияқты мінездер де кӛрінбей қалмайды. 
Негізінен, 8 буынды, арасында 7 буын да кездесіп қалатын 
ӛлең динамикалы әрекетке құрылған. «Ұйқастарда келетін 
«шыбындап», «шылпылдап», «бұлтылдап», «сымпылдап», 
«сыңқылдап», «жылпылдап» деген сияқты айтуға ауырлау 
келгенмен, тұрақты тыныштық күй емес, үнемі ӛзгеріп 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


79 
тұран қозғалыс әрекетті кӛрсететін сӛздер барлық ӛлеңге 
ӛзгеше ағындылық(темп) береді»(1;114). 
«Қыс» ӛлеңінде(1888) қыс «ақ киімді, денелі, ақ 
сақалды» шал кейпінде суреттеліп басталады. Шалдың түсі 
суық. Жан танитын түрі жоқ соқыр, жан аяйтын кейпі жоқ 
дүлей, мылқау күш. Басқан жері қорқыныш туғызады. 
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар 
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды. 
««Кәрі құда» - ең сұрамсақ, әсіресе, алымпаз, тойымы жоқ, 
жеміт құда. Ол және қызын бермей талдырумен қатар, сан 
рет қайталап, еселеп соқпай, ала бермей тынбайды. 
Әрдайым айналып соғып отыратын қысты осы құдаменен 
теңеу арқылы Абай Аяз-бабайды орыс әдебиетінен алып 
келіп, оқушысына ӛзінің құдасы етіп, қабыстыра кетеді» 
(1;131). Бӛрік киген адамның аязбен қызарып ажрланғаны - 
таныс сурет. Кейінгі 4 тармақ бұл шалдың қарапайым адам 
емес, табиғаттың ешкімге де, еш нәрсеге де ерік бермес 
тылсым күші екендігін мойындатады. 
Бұлыттай қасы жауып екі кӛзін, 
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. 
Борандап, бұрқ-сарқ етіп долданғанда, 
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. 
Қыс тірі жанның ешқайсысына жеңілдік жасамайды. 
Оған жүгірген бала да, жылы киінген малшы да, қар тепкен 
жылқы да бір. 
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, 
Малшыларым, кор қылма итке малды. 
Соныға малды жайып, күзетіңдер, 
Ұйқы ӛлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды. 
Қыспен бірге ілесіп келген осындай бір аманшылығын 
хабарлай отырып, ақын адамды осының екеуіне қарсы 
қайрат қылуға шақырады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


80 
1888 жылы жазылған ӛлеңнің бірі - «Күз». Ӛлең 
ерекшелігі күз мезгілінің сұрқай кӛрінісіне ауыл келбеті 
араластыра суреттеледі. «Жаз» ӛлеңінде мезгілді суреттеу 
белгілі бір тәртіппен келетін болса, мәселен, белгілі мезгіл 
уақыты, жануарлардың қимыл-әрекеті(шұрқырап жатқан 
жылқының шалғыннан жоны қылтылдап т.с.с), одан соң 
барып адам тірлігі(қыз-келіншек үй тігер т.с.с) баяндалатын 
болса, «Күз» ӛлеңінде бірінен соң бірі ретімен кетіп 
отырады. 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тоғаны ма, тоңғаны ма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 
Жасыл шӛп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. 
Ақын ӛмір сүрген кезең шындығын дәл кӛрсететін 
ӛлең. Бұл - күздің сүреңсіз күндері суретімен үйлес шыққан 
шындық. 
Жыл мезгілдерінің қимыл-әрекетке толы түрі - кӛктем. 
«Жазғытұры» (1890) ӛлеңінде ақын назарынан кӛктеммен 
бірге келетін ӛзгерістің ешқайсысы таса қалмайды. Жан-
жануарлардың тірлігі алма-кезек суреттеледі. «Тегінде, 
кӛктем мал баққан шаруа халқына қызықты, кӛтеріңкі кез. 
Ақын да қыстай малдың күтімімен шұғылданған шал-
кемпір, жас-кәрінің жадырап, қуанғанына бірге кӛңілденіп, 
қоса қуанады»(1;149). Табиғат денелерінің ӛздеріне лайық 
құбылыста кӛрінуі(күннің жерді қыздыруы, ай мен 
жұлдыздың қара түнде кӛрініп, таң атқан соң жоғалуы) 
адамдар арасындағы қарым-қатынастарға ұқсастырыла 
беріледі. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


81 
«Әсемпаз болма әрнеге»(1894) ӛлеңінің алғашқы 
шумағында ақын жастарға не істеу керектігін түсіндіреді. 
Және осы жолда қандай қадір-қасиетке ие болу керектігі 
жӛнінде әңгімелейді. 
Қайрат пен ақыл жол табар, 
Қашқанға да қуғанға. 
Әділет, шапқат кімде бар, 
Сол жарасар туғанға. 
Осылардың бірінің кемдігі адамға қандай зардап 
шектіретініне дейін (алдың - жалын, артың - мұз) 
баяндайды. Бойда адамгершілік болмаса, құр қайрат пен 
ақыл бұрыс іске бастар деген ой айтады ақын. Тӛртінші, 
бесінші шумақтарда не істемеу керектігі жӛнінде кеңес 
береді. Мақтанға, күншілдікке қатысты 38-сӛзіндегі ойлары 
таратылып айтылады. 
Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
¥стаздық қылған жалықпас 
Үйретуден балаға. 
Соңғы шумақ қорытынды сӛз іспеттес. Ақын кеңесінің 
тоқ етері - «ақырын жүріп, анық бас». Ӛзін ұстаз санайтын 
адам балаға ақыл айтудан жалықпайды. Демек, ақын 
ниетінде ешқандай сӛкеттік жоқ. «Бұл ӛлең басынан 
ақырына шейін қоғамдық тілекке қадірлі қасиетті адам 
болудың Абай ұғымындағы сипаттарын баян етеді. Бұнда 
адамгершілік қағидаларын ақын ӛз тұрғысынан атап береді» 
(1;155). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет